Сырлы жеңге, сұлу қыз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сырлы жеңге, сұлу қыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Сырлы жеңге, сұлу қыз!» Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу Көрнекілігі: үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, мадақтамалар, сыйлықтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сырлы жеңге, сұлу қыз!»

Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу

Көрнекілігі:  үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, мадақтамалар, сыйлықтар.


1-жүргізуші: Қыздар-қызыл киігі жанұяның
Қайықтары махаббат дарияның
Ескектерін ерліктің жоғалтпаған
Сіңілілері-ай Мәншүк пен Алияның
Қыздар, қыздар-көңілдің көк гүлдері
Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері
Азаймаңдар, арулар, жауқазындар
Азаймаңдар өмірдің көктемдері
Армысыздар, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.



1-жүргізуші: Жыр арнайық оларға жігері ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық қуатын беріп жастың.


2-жүргізуші: Бүгін мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың жеңгелеріне арналған «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен жеңгелер өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр
Бірінші қыз білімді
Алады тез тіліңді
Қыздарымыз үлбіреп
Жанарлары мөлдіреп
Бұрымдары желбіреп
Барлығы да өнерлі
1-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! Бұл байқауымыздың мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу
2-жүргізуші:

Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,
Оларға берейік бүгін төрді
Ауылымыздың намысы үшін келіп тұрған
Сымбатты аруларға кезек келді
1-жүргізуші:

Ағайынға аймақ болған жеңешем
Абысынға қаймақ болған жеңешем
Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп
Қайын сіңіліге қайрат берген жеңешем
.............. ортаға қатысушы аруларымызды асыл жеңешелерімен бірге шақырайық
1...............................................................................................................................
2...........................................................................................................................
3...........................................................................................................................
4...........................................................................................................................

5...................................................................................................................................6...............................................................................................................................
2-жүргізуші: Алдымен сайыскер ару, жеңгелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық:

Қадірменді, көрермендер, қонақтар,
Қажет бізге енді әділ-қазылар.
Әділетпен сайыскерді сынайтын
Қазыларды шақыралық іске адал,- дей келе сайысымыздың қатысушыларын бағалайтын әділқазы 
алқасымен таныс болайық
..............................................................................................................................
..............................................................................................................................
..............................................................................................................................
........................

1-жүргізуші: Сайыс шартымен таныс болыңыздар. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады
1. «Кәне, таныс болайық» таныстыру (жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады)
2. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (қыз бен жеңгесі тәрбиелік мәні бар көрініс көрсету)
3. «Сырымыз бір жеңгелер» (сұрақ-жауап)
4. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы (жеңгесі қол өнерін көрсетеді немесе ас пісіреді)
5. «Өнерлі өрге жүзер»

Ана көрген тон пішер...

Сұлулық сыры (шаш үлгісі)

6. «Ата мұраң-асыл қазынаң» (дәстүрге байланысты сұрақтар)

2-жүргізуші: Жеребе арқылы бастаушы қатысушымызды анықтап алайық. Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған қағаздарды таңдап алыңыздар. Алған номерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.
Көп сөйлеп, жөн жобадан аспайық
Қандай сайыс болса дағы қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса ағайын
«Сырлы жеңге, сұлу қыз!» сайысын біз бастайық
1-жүргізуші: Беташарын сайысымның бастайық Көрерменді бір серпілтіп тастайық Қатысушылар таныстырсын өздерін Біз оларды ду қол соғып қостайық.

І кезең

«Кәне, таныс болайық» таныстыру бөлімі басталады. Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз
Жеңгелері мен қыздарымыздың таныстыруына кезек береміз.
(әр жұп өздерін таныстырып өтеді)

2-жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
Кезек ІІ кезең «Халқын сүйген-салтын сүйер» атты бөліміне келіп жетті. Шарт бойынша қыз бен жеңгесі тәрбиелік мәні бар көрініс көрсету


1-жүргізуші: Көңілін халқымның таптың бүгін
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық
Байқайық жеңгеміздің тапқырлығын
ІІІ кезең «Сырымыз бір жеңгелер» мұнда (сұрақ-жауап). (қыздар бір бөлек, жеңгелер бір бөлек отырады. Қыздар мен жеңгелерге бірдей сұрақтар беріледі. Егер екі жақтың жауаптары сәйкес келсе, онда олар жақсы сырлас болғаны)

  1. Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты?

  2. Қайынсіңлісінің мінезі қандай?

  3. Қайынсіңлісінің досы кім?

  4. Қыздың алдына қойған мақсаты?

  5. Сыныптастарымен, достарымен, мұғалімдермен ренжіскенде қандай күйде болады?

  6. Жақсы көретін әні?

  7. Соңғы сән үлгісіне еліктей ме әлде барды таза үйлесімді кие ме?

  8. Білім алып жүрген мектебі туралы ойы?

  9. Сүйіп оқитын пәні?

  10. Хоббиі

  11. Жақсы көретін әншісі?

  12. Туған күні

  13. Қандай тамақты жақсы көреді?


2-жүргізуші: Шеберлердің өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Тәтті дәмін және дағы татқызар
Ай сәулесі арайлап таң атқызар –деп келесі кезекте ІҮ кезең «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы (жеңгесі қол өнерін көрсетеді немесе ас пісіреді)


1-жүргізуші:

Ү кезең «Сұлулық сыры» (шаш үлгісі) деп аталады. Бұл бөлім бойынша жеңгелер қыздарының немесе қыздар жеңгелерінің шаштарын сәндеп беруі керек.


2-жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұра, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,
Өткенімді бүгінменен жалғадым- дей келе
ҮІ кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» (дәстүрге байланысты сұрақтар) Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да сынап көрелік.


1 сұрақ: Байғазы дегеніміз не?
Қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі.Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.
2 сұрақ: Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)


1 сұрақ: 1) Ұлттық бас киімдерді ата?
(саукеле, тақия, тұмақ, бөрік)

2 сұрақ: 1) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.)

1 сұрақ: 1) Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)

2 сұрақ: Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)


1 сұрақ: Сүйінші дегеніміз не?

Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.

2 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдарды ата?

(айран, қаймақ, май, ірімшік, қатық, шұбат, қымыз)


1 сұрақ: Ерулік дегеніміз не?

Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

2 сұрақ: Жеті қазынаны ата?

( ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық)


1 сұрақ:  Базарлық – дегеніміз не? (дәстүр)

Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

2 сұрақ: Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам.

(құрт)


1 сұрақ:  Асар дегеніміз не?

Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі.

2 сұрақ: Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)


1-жүргізуші: Бұл соңғы сайысымыз болатын, әділқазы алқасы шешім шығарғанша оқушылардың әндерін тамашалаңыздар!

Қорытынды

2-жүргізуші: Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.
– Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған
осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар!
Еңбекшіл адам ең ардақты адам.
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
1-жүргізуші:

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң егер ұғатын- деп бүгінгі сайысымызды қорытындылаймыз

2-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Сыйлықтар тарату. «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атағын жеңімпазға ұсыну. "Үлгілі жеңге, қылықты қыз", "Сырлы жеңге, сұлу қыз",

1-жүргізуші: Міне, аналарымыз бен жеңгелерімізден тәрбие алған аруларымыз ибалы, инабатты, әдепті, бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болып өсетіні анық. «Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге»деп Сәбит Мұқанов айтқандай аналар, жеңгелер гүл болып шешек атса, аруларымыз гүл болып әлемге шашылары анық.

Осымен бүгінгі өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.01.2025
163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі