Халықаралық әйелдер күніне арналған мектепішілік
«Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайыстың сценарийі
Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Көрнекілік:Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Өтетін уақыты: 6-наурыз 2018 жыл
Барысы:
Арнау
1-жүргізуші:
Мерейлі сәт мерекеге
ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
1-жүргізуші:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Өмір сыйлап, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
2-жүргізуші:
8 Наурыз 2018 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
1- жүргізуші:
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
2- жүргізуші:
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Отбасыңыз аман болып әрқашан
8 Наурызға жете бергін келесі!
1-Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты
ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау
көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға
деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау
тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, ару қыздармен
ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де сіздерге
арналады.
Бүгінгі көктемнәң алғашқы
мерекесі Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған жоғарғы
сынып қыздары мен жеңгелері арасындағы «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты
сайысқа қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтары арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ» деген.
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Құттықтау сөз кезегі: мектеп директоры Кемерханов Серік Қанатұлына беріледі
1-жүргізуші: Біздің мерекелік кешіміз жеңге мен қайын сіңілі қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Бүгінгі «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайысқа жеңгесімен бірге 5-9 сынып қыздары қатысады Яғни, сайысқа 5 жұп қатысады. Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыскер ару, жеңгелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық: (Қазылар алқасымен танысу.)
1.
2.
3.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
-
«Салт –дәстүр – асыл қазынам» (салт-дәстүрге байланысты көрініс қою)
-
«Өнерлінің өрісі кең» (өз өнерлерін көрсету)
-
«Шебердің қолы ортақ»(қолөнер бұйымын көрсетіп, таныстыру)
-
«Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)
2-жүргізуші: Енді, ортаға сайысқа қатысып, бағын сынауға сырлас жеңгесімен келіп отырған қыздарды шақырайық. Ортаға қатысушы қыздар жеңгелерімен шығады. Қатысушы оқушы қыздар мен жеңгелерін аты - жөндерін айтып ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
5.
Күй: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушылары
Жүргізуші: Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жеңгелері де қайынсіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз бен олардың жеңгелері, сіздермен бірге рет санымызды белгілеп алсақ. Осы реттік сандар бойынша кезекпен сайысқа қатыса береміз.
Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Олай болса бүгінгі сайысқа қатысушы ару қыздарымыз бен ардақты жеңгелерімізге сәттілік тілейміз!.
Сонымен 1 - бөлім «Сәлем – сөздің анасы» бөліміне кезек берейік. (Кезекпен шығып таныстыру өнерлерін көрсетеді).
І БӨЛІМ «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ
АНАСЫ» (ТАНЫСТЫРУ)
1.
2.
3.
4.
5.
Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі бір ән тыңдап алсақ тыңдап алайық:
Ән: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
Ендігі кезекте жеңгелеріміз бен аруларымыздың салт-дәстүрден хабар беретін көрінісін тамашалуға рұқсат етіңіздер.
ІІ БӨЛІМ. «САЛТ –ДӘСТҮР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» (салт-дәстүрге байланысты көрініс қою)
2.
3.
4.
5.
Би: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушылары
Жүргізуші:
ІІІ БӨЛІМ. «ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ» (өз өнерлерін көрсету)

Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!- дей келе, қатысушыларымыздың бүгінгі кешке дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныс болайық.
ІҮ БӨЛІМ. «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ»(қолөнер бұйымын көрсетіп, таныстыру)
1.
2.
3.
4.
5.
Би: «Бипыл»
Жүргізуші:
Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Сайыстың келесі бөлімі «Салт –дәстүр – асыл қазынам» деп аталады. Шарт бойынша сіздер кеспе қағазда жасырылған ата салтымызға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», — деген. Демек салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да сынап көрелік.
Салт-дәстүрге негізделген сұрақтарға жауап беру үшін, ортаға қатысушы жеңгелерімізді құрметпен шақырамыз.
Бұл
бөлімнің шарты әр жұпқа 2 сұрақтан беріледі: әр дұрыс жауапқа 5
балдан
2 - жүргізуші:
Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды
таңдасаңыздар
Күй: «_____________» орындайтын: 5 «а» сынып оқушысы_____________
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен,
байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым, - дей келе сөз кезегін әділ
қазыларға береміз.
Жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Ән: Сенің анаң алтын.
№1
1) Қымыз - мұрындық қандай
мереке?
(қымыз - мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады.
Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман -
саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды.
2) Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға,
жүзік, моншақ, білезік)
№2
1) Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың
құрметіне арналған күз мейрамы)
2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
(келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады.
Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
№3
1) Талмоншақ дегеніміз не?
(тақияға, сырт киімге бірнеше рет орап тағылатын моншақ)
2) Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі
арсыз)
№4
1) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну,
соғыс.)
2) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)
№5
1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)
2. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар. (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік)
№6
1. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ.)
2. Жас нәрестеге арналған ағаштан жасалған төсек.( Бесік.)
№7
1. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге.)
2. Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)
№8
1.«Бала тегіне тартады» дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
2. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік)

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сырлы жеңге сұлу қыз

шағым қалдыра аласыз