Материалдар / "Сырлы жеңге, сұлу қыз" байқауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сырлы жеңге, сұлу қыз" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы Мақсаты: Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты байқауымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымыздың басты мақсаты- Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде жеңгелердің алатын орны ерекше; Сонымен қатар ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қарым-қатынас пен отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау барысында жеңге мен қайын сіңілінің алар орны мен ролін ұғынуға тәрбиелеу.Сондай-ақ жеңге мен қайын сіңілінің арсындағы өзара сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайту барасындағы тәрбиені одан әрі дамыту мен қазақ салт-дәстүрін құрметтей білуге үйрету болып табылады. І — жүргізуші: Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір қыз бала бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе қыз анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2023
186
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Би


«Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы


Мақсаты:  Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты байқауымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі байқауымыздың басты мақсаты- Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде жеңгелердің алатын орны ерекше; Сонымен қатар ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қарым-қатынас пен отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау барысында жеңге мен қайын сіңілінің алар орны мен ролін ұғынуға тәрбиелеу.Сондай-ақ жеңге мен қайын сіңілінің арсындағы өзара сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайту барасындағы тәрбиені одан әрі дамыту мен қазақ салт-дәстүрін құрметтей білуге үйрету болып табылады.


І — жүргізуші:

Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір  қыз бала бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе қыз анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық , өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретіп жүрегіне ұялатуға күш салады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.» демекші шаңырақта дұрыс тәрбие көрмеген сәби ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз отбасында қайталайды. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы болып табылады.


ІІ – жүргізуші:

Жас келін үй билемес тізгінді алып,

Ал сосын тым бауырмал біздің халық.

Қазақтың жас-кәрісі өле-өлгенше,

Самарқау тұра алмайды өнер десе.

Білмесең, таны, достым,жақын барып,

Шетінен қазақ деген ақын халық.

Даламыз жазық болса қанша біздің,

Сондай кең пейіліміз де баршамыздың-деп ақын апамыз Ф.Оңғарсынова апамыз жырлағандай өнерлі де бауырмал қазақ халқының салт-дәстүрі ұшан-теңіз. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ажарлы жеңгелер мен ару қыздарымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық.


І – жүргізуші:

1-ші номерлі жұбымыз: 6 «А» сынып оқушысы Жұмабек Аяулым мен жеңгесі Адирбекова Аяжан


ІІ – жүргізуші:

2 жұбымыз: 6 «А» сынып оқушысы Джумабек Аяжан мен жеңгесі Мықтыбаева Зияда


І – жүргізуші:

3 жұбымыз: 6 «Ә» сынып оқушысы Қуатбай Әсел мен жеңгесі Өскенбаева Айгерім


ІІ – жүргізуші:

4 жұбымыз: 6 «В» сынып оқушысы Жанабай Нұрай мен жеңгесі Нұралиева Гүлзия


І – жүргізуші:

5 жұбымыз: 6 «Г» сынып оқушысы Саудақұл Динара мен жеңгесі Меркібаева Жазира


ІІ – жүргізуші:

 6 жұбымыз: 6 «Г» сынып оқушысы Нұрпапа Інжу мен жеңгесі Кемелбек Гүлбибі және жеңгесі


І – жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ  баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Аимбетова Хадиша Тұрлыбекқызы

  2. Музыка пәнінің мұғалімі Манабаев Нұрсұлу


Құрметті қатысушылар дайындала берулеріңізге рұқсат.


Қатысушыларымыз дайындалып болғанша кезекті әнге берсек  6 «Г» сынып оқушысы _____________________________________әсем әнін қабыл алыңыздар.


ІІ – жүргізуші:


Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық

Қандай сайыс болса да біз қашпайық

Ал, ендеше көрермен рұқсат болса.

«Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысын біз бастайық!


Олай болса сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.


1кезең. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/

2 кезең. «Өнерпаз болсаң арқалан» /Өз өнері/

3 кезең. «Тығырықтан шығу» /Мұнда жағдаяттық сауалдар мен салт – дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. өз пікірлеріңізді білдіресіздер./

 

І – жүргізуші:    

Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз – дей келе, сайысымыздың алғашқы кезеңіне кезек береміз.


2-жүргізуші: Олай болса сайысымыздың алғашқы жұбына кезек береміз

1 жұбымыз: 6 «А» сынып оқушысы Джумабек Аяжан мен жеңгесі Мықтыбаева Зияданы қарсы алыңыздар


1-жүргізуші: Келесі екінші нөмерлі жұбымызға кезек берейік

2 жұбымыз; 6 «А» сынып оқушысы Жумабек Аяулым мен жеңгесі Адирбекова Аяжанды қарсы алыңыздар


2-жүргізуш:

3 нөмерлі жұбымыз 6 «Ә» Қуатбай Әсел мен жеңгесі Өскенбаева Айгерімді қарсы алыңыздар


1-жүргізуші


4-ші нөмерлі жұбымыз; 6 «В» Жанабай Нұрай мен жеңгесі Нұралиева Гүлзияны қарсы алыңыздар

2-жүргізуші


5- ші нөмерлі жұбымыз 6 «Г» Саудақұл Динарамен жеңгесі Меркібаева Жазираны қарсы алыңыздар

1-жүргізуші


6-шы нөмерлі жұбымыз 6 «Г» Нұрпапа Інжу мен жеңгесі Кемелбек Гүлбибіні қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Ендеше, әділ-қазылар алқасы бірінші кезеңіміздің бағасын беріп өтсеңіздер.


ІІ- жүргізуші:   ІІ кезең.   


Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының,

Әртістер бар өмірде даңқы асқан.

Көрейік біз өнерін әртістердің – деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз  өз  бойындағы  өнерлерін көрсетеді.


1-жүргізуші: Олай болса алдарыңызға алғашқы жұбымызды шақырамыз


1 жұбымыз: 6 «А» сынып оқушысы Джумабек Аяжан мен жеңгесі Мықтыбаева Зияданы қарсы алыңыздар


1-жүргізуші: Келесі екінші нөмерлі жұбымызға кезек берейік

2 жұбымыз; 6 «А» сынып оқушысы Жумабек Аяулым мен жеңгесі Адирбекова Аяжанды қарсы алыңыздар


2-жүргізуш:

3 нөмерлі жұбымыз 6 «Ә» Қуатбай Әсел мен жеңгесі Өскенбаева Айгерімді қарсы алыңыздар


1-жүргізуші


4-ші нөмерлі жұбымыз; 6 «В» Жанабай Нұрай мен жеңгесі Нұралиева Гүлзияны қарсы алыңыздар

2-жүргізуші


5- ші нөмерлі жұбымыз 6 «Г» Саудақұл Динарамен жеңгесі Меркібаева Жазираны қарсы алыңыздар

1-жүргізуші


6-шы нөмерлі жұбымыз 6 «Г» Нұрпапа Інжу мен жеңгесі Кемелбек Гүлбибіні қарсы алыңыздар

Сайыскерлерімізге рахмет! Әділ-қазылар алқасы екінші кезеңіміздің бағасын беріп өтсеңіздер.


Келесі кезекті мың бұралған биші қыздарға берсек 6 «Б» сынып қыздарының тартуын қабыл алыңыздар.


І – жүргізуші: 

«Ата-дәстүр асыл қазынам» демекші келесі шартымыз  «Тығырықтан шығу» деп аталады/Мұнда салт – дәстүрімізге байланысты және түрлі жағдаяттық сауалдар беріледі. Осы сауалдар арқылы жеңгелеріміз бен қыздарымыздың салт – дәстүрімізді қаншалықты білетінін тексермекпіз. Бұл бөлімнің шарты әр жұпқа екі сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауапқа 5 баллдан.


ІІ – жүргізуші:

Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды таңдасаңыздар.


Жеңгелерге:


  1. Сіздің қайынсіңіліңіз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

  2. Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңыз. (Бөрік, тымақ, шалма, сәукеле, қалпақ, тақия, т.б.)


  1. Сіз үлгермей жатырсыз қайынсіңіліңіздлі кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек болды. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

  2. Киіз үй бұйымдарын атаңыз? ( Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)


  1. Қайынсіңіліңіз туған күніне достарын шақырғысы келді, бірақ ата- анасы қарсы. Бұл жағдайда сізден көмек сұрады сіз қалай шешіп берер едіңіз?

  2. Жеті қазынаға нелер жатады? (Жүйрік ат, құмай тазы, ер жігіт, сұлу жар, мылтық ақыл. т.б.)


  1. 1. Қайын сіңіліңіз ұялы телефоннан немесе интернеттен басын көтермейді, сабағы да жайына қалады, ата-енеңіз «қатарынан қалмасын дұрыс 21 ғасыр ғой» дейді. Сіздің жанашыры ретіндегі әрекетіңіз қандай болмақ?

8) Қазақ халқының сүттен жасалатын тағам түрлерін атаңыз? (Айран, құрт, ірімшік, сүзбе)



9) Қайын сіңіліңіз сән үлгісіне еліктейді. Шектен-тыс еліктегіштігін, ашық-шашық киінгенін байқадыңыз. Ол жат қылықтан бас тартуы үшін қандай амал табасыз?
10 Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдарды атап беріңіз?

11) Сіздің қайын сіңіліңіз тым ерке, сабақ үлгерімі төмен бірақ ата-анасы қызына сөз жуытпайды. Ал ұстаздарынан сабағына және тәрбиесіне қатысты ескертулер көп түседі. Сіздің іс-әрекетіңіз?

12) Қыздарға қатысты мақал – мәтелдерді атаңыз?

13) Қайын сіңіліңіз сіздің әрбір сөзіңізге тиісіп дөрекілік танытты, сіздің әрекетіңіз?

14) Қазақ халқының қандай салт – дәстүрін білесіз?


І – жүргізуші: Ал, ендеше  жеңгелеріміздің жауаптарын тыңдайық.


1 нөмерлі жеңгеміз Мықтыбаева Зияда

2 нөмерлі жеңгеміз Адирбекова Аяжан

3 нөмерлі жеңгеміз Өскенбаева Айгерім

4 нөмерлі жеңгеміз Нұралиева Гүлзия

5 нөмерлі жеңгеміз Меркібаева Жазира

6 нөмерлі жеңгеміз Кемелбек Гүлбибі


Сайыскерлерімізге рахмет! III кезеңіміздің бағаларын айтып өтсеңіздер.

II-жүргізуші: Бұл соңғы сайысымыз болатын, әділқазы алқасы шешімін шығарғанша

Күмісбекова Гүлзакира апайымыздың керемет әнін қабыл алыңыздар


6 «В» сынып қыздарының орындауында «Шабыт» биін қабыл алыңыздар.


6 «Г» сынып оқушысы орындауында әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.


Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Аймбетова Хадиша апайға береміз.


ІІ — жүргізуші:                 Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,


                                            Барымен шат-шадымен болыңыздар.


Қоштасайық, келесі кездескенше,


Әрдайым сау-саламат болыңыздар!


Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!