400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шырша жаңғақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Шырша жаңғақтары»

Мақсаты: Балаларға шырша жаңғақтары туралы мәлімет беру.

Балаларға орманда мекендейтін аңдар туралы түсініктерін кеңейту.

Орманшының жұмысы туралы түсінік беру. Табиғатқа деген қызығушылын арттыру. Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін үйрету. Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылығын ояту.



Шаттық шеңбері:

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз,

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

Тәрбиеші:-Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келді.

Орнымыздан тұрып амандасайық.

-Сәлеметсіз бе, здраствуйте, гуд монинг!

Тәрбиеші:-Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Шырша жаңғақтары»

Тәрбиеші:-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың қыс мезгілі!

Тәрбиеші:-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар

Тәрбиеші:-Ай аттарын айтайықшы?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-Орыс тілінде айтайықшы?

-Декабрь, январь, февраль

Тәрбиеші:-Қыс мезгілінің ерекшелігін кім айтады?

(Суретке қарап айту)

-Қыс мезгілінде күн суық болады, қар жауады, күн қысқарып, түн ұзарады.

Жылы киімдер киеді, балалар шанамен сырғанайды. Аққала жасайды. Коньки тебеді, қармен атысып ойнайды.

Тәрбиеші:-Балалар қыс мезгілі жайлы тақпақтар, жұмбақтар мақал-мәтелдер білемізбе?

О алақай қыс келді!

Бізге қуаныш әкелді

Дала қарға оранды

Барлық бала қуанды. Қ.Айару



Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап Қ.Қайсар



Қуаныштың бүгінгі

Басылмайды ыстығы

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні. Ж. Нұрәлі



Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып

Бет домбығып

Сырғанап балалар ойнайды (Қыс) Ерасыл. Д

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады (қар) Қ. Жасмин



Тісі жоқ тістеп алады

Қолы жоқ сурет салады (аяз) А.Көркем



Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте шырша Бегайым

Тәрбиеші:-Бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз, өте қызықты болмақ. Біз бүгін орманға, серуенге шығамыз. Орманда- неше түрлі аңдар мекендейді.

Тәрбиеші:- Ал қанеки балалар, орманға баруға дайынбыз ба?

-Ия дайынбыз!

Тәрбиеші:-Балалар біз қайда келдік?

-Орманға.

Тәрбиеші:-Қандай тамаша! Мұндағы шыршаларды қараңдаршы!
Айналамыз қандай әппақ, қандай керемет!

-Балалар қандай аңдар және құстар түрлерін білесіңдер?

- Аю, қасқыр, түлкі, қоян, барыс, қарға торғай, тоқылдақ, қарға сауысқан және т.б.

Тәрбиеші:-Дұрыс балалар бұл жәй орман емес, ғажайып жұмбағы мол, ертегі орман екен.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді интерактивті тақтаға назар аударамыз.

(Слайд көрсету)

(Алдарынан орманшы ағай шығады)

Орманшы ағай:-Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, орманда сендер не істеп жүрсіңдер?

-Сәлеметсіз бе орманшы ағай!

-Біз орманға саяхатқа шықтық.

Орманшы:- Ал, балалар орманға қонаққа келіп қалыпсыңдар! Енді маған қандай өнерлерің бар екенін, көрсетсеңдер. Ал мен сендерді құр қол жібермеймін, сендерге сыйлық беремін. (Шырша жаңғақтары)

-Ән айтып береміз!

Балалар «Шырша» әнін орындап береді.

Елемейді ешкім де

Суық пенен боранды

Күні бойы тынбайды

Суығына тоңбайды Б.Айым



Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып- жылтыр боп жатады Б.Айару



Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап Ә.Кәусар

Орманшы:-Ой жарайсыңдар балалар! Неткен өнерлі, сүйкімді балаларсыңдар! Тамаша! Өзімнің көңіл күйім де көтерілді. Рахмет сендерге.

Орманшы:-Ал енді сыйлықтарыңды тарту етейін. Сендерге мен шырша жаңғақтарын беремін.

-Сендер балабақшаға барғанда, осы шыршаның жаңғақтарынан орманда мекендейтін аңдарды мүсіндеп үйреніңдер. Ал енді жолдарың болсын.

Тәрбиеші:-Балалар ауа райы бұзылмай тұрғанда, біз балабақшаға қайтайық.

-Ал, балабақшаға оралдық. Балалар жол жүріп шаршап қалған шығарсыңдар?

-Ия шаршадық

Т:-Онда бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Бойды сергек ұста,

Емін еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қарада.

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын.

Шеңбер жасап тынбасын!

-Жарайсыңдар балалар!

-Енді бәріміз орманшы ағайдың берген тапсырмасын, орындайық!

(балалар топтарға бөлініп, шырша жаңғақтарынан сурет үлгісіне қарап орманда мекендейтін аңдарды мүсіндейді)

-Ал, балалар кімде қандай аң үлгісі шықты?

- Аю, Түлкі

-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ашық оқу қызметіміз қызықты өтті деп ойлаймын?

-Ия қызық болды

-Біз қайда бардық?

-Орманға

-Орманда кімді көрдік?

-Орманшыны

-Орманшы бізге қандай сыйлық, тапсырма берді?

- Шырша жаңғақтарын сыйлады, жаңғақтардан орманда мекендейтін аңдарды мүсіндеуге тапсырма берді.

«МКҚК № 161 бөбекжай балабақшасы»















Тақырыбы: «Шырша жаңғақтары»

(Ашық оқу -қызметі)

Мектепалды «Тұлпар» тобы













Тәрбиеші: Мамутова А.А











Алматы 2020 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
960
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі