Материалдар / Шырша мерекесі Сценари
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шырша мерекесі Сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
Шырша мерекесі Сценарий мақсаты:Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Сценарий білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып,олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Дамытушылық:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа ,тазалыққа,жауапкершілікке,көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу. Сценарий пәнаралық байланысы:Музыка тіл, дамыту,қоршаған орта,би өнері. Сценарий көрнекілігі:Үйшік,шырша,сандық,кілт,шана,үлкен,сәбіз,қар,снежки фанарики. БАЛАЛАР ЗАЛҒА МУЗЫКАМЕН КІРЕДІ,ЖАРТЫ ШЕҢБЕР БОЛЫП ТҰРАДЫ. Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме балалар?Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар?Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын! Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді. Бақыт шаттық,әкелсін мол арайлы. ӘН: ШЫРШАҒА БАРДЫҚ (балаларды орнына отырғызу) Шы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2024
192
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шырша мерекесі

Сценарий мақсаты:Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

Сценарий білімділігі: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып,олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа ,тазалыққа,жауапкершілікке,көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Сценарий пәнаралық байланысы:Музыка тіл, дамыту,қоршаған орта,би өнері.

Сценарий көрнекілігі:Үйшік,шырша,сандық,кілт,шана,үлкен,сәбіз,қар,снежки фанарики.

БАЛАЛАР ЗАЛҒА МУЗЫКАМЕН КІРЕДІ,ЖАРТЫ ШЕҢБЕР БОЛЫП ТҰРАДЫ.

Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме балалар?Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар?Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді.

Бақыт шаттық,әкелсін мол арайлы.

ӘН: ШЫРШАҒА БАРДЫҚ (балаларды орнына отырғызу)

Шырша даусы: Сәлеметсіңдерме балалар?Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын!Ән айта аласыңдарма?

Балалар : ия

Шырша даусы:Би билей аласыңдарма?

Балалар : ия

Шырша даусы:Ән айта аласыңдарма?

Балалар : ия

Шырша даусы:Іштерің пыстыма?

Балалар : ия

Шырша даусы:Ендеше мен сендерге ертегі айтып берейін.Жақсылап тыңдаңдар.Көздеріңді жұмыңдар ашқанда біз оранда боламыз.

ЗАЛДА ЖАРЫҚТАР ӨШЕДІ ,ШЫРШАНЫҢ ҒАНА ШАМЫ ЖАНЫП ТҰРАДЫ,ОРМАННЫҢ КӨРІНІСІ ПАЙДА БОЛАДЫҒАҚШАҚАРҒА ОРЫН ДАЙЫНДАУ КЕРЕК.

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме балалар?Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды.

Ақшақармын арайлы.

Жалт жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды?

Жүргізуші:Сәлеметсіңбе,ақшақар.Қош келдің?Қандай әдемісің?Біздің қыздар сізбен бірге билегісі келеді?Ұлпа қарлар келіңдер ортаға шығыңдар?!

Би:Снежинок

Аю кіреді (Аю кіргенде қыздар қашып кетеді)

Аю:Бұл кім шулаған, менің орманымның тыныштығын бұзған?

Жүргізуші:Аю кешіріңіз ,бұл балаларғой ,біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.

Аю:Ендеше балалардың көңілін көтеру үшін бір ойын ойнатайын.Келіңдер ортаға.

Ойын:Қар лақтыру.

Ақшақар:Балалар ойын көңілді болдыма?Сендер шаршаған шығарсыңдар!Енді орындарыңа барып отырыңдар!

Қоян кіреді:Сәлеметсіздерме балалар?Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын!

Аю:Ооо қоян келгенің дұрыс болдығой,анау тұрған не төмпешік.Көріп келші?

Қоян: Ой ой ой бұл не деген ғажап төмпешік.Тіріғой.Қармен көміп тастаптығой.Обал ай .Қояндар бері келіңдер?Күректеріңді ала келіңдер?

Би:Қояндар биі (Билеп болғанда төмпешік ашу)

Аю:Ой бұл- Аққалағой.

Қоян:Эй аққала тұрда жауап бер!Сен бұл жерге қалай келдің?

Аққала:Мені аяз ата жіберді!

Түлкі кіруі:

Түлкі:Сәлеметсіңдерме балалар?Маған бір жақсы ой келіп тұр,аққаладан сұрайықшы сандықтың ішінде не бар екенін?

Аққала:Сандықтың ішінде не бар екені құпия ,оны саған айтпаймын.

Қоян:Мен жаурадым.Күн суытты,кішкене ойнап жылынып алайық.Қане балалар барлығымыз аққаламен ойын ойнайық.

Ойын:Қолғаптың сыңарын тап! (Аққала қоян балалармен ойнайды,түлкі сандықты айналып жүреді,ақшақар түлкіні бақылайды.)

Аққала:Балалар сендерге ойын ұнадыма?Ал енді орындарыңа отырыңдар!

Ақшақар:Аққала сендер балалармен ойнап жатқанда,мен түлкінің сандықтан бір нірсе алайын деп жатқанын көрдім.Қу түлкі не ойлағаның бар?біреудің затына рұқсатсыз тисуге болама?Аққала бұл сандық кімдікі?

Аққала:Сандықтың иесі аяз ата!Бұл сандықты аяз ата балабақшадағы балаларға берген.Мен қазір оны апарып беруім керек.Балалар күтіп отыр.

Ақшақар:Біздіде балалар кешке шақырған.Ендеше түлкі сен рұқсатсыз сандыққа тиіскенің үшін мерекеге апармаймыз!

Түлкі:Кешіріңдерші!Екінші қайталанбайды.

Ақшақар:Ендеше екінші қайталама!Бәріміз бірге жаңа жылдық кешке барамыз.

ОСЫ КЕЗДЕ ФОН АУЫСАЫ.БӘРІ КЕШКЕ КЕЛЕДІ.ҚОЛ ҰСТАСЫП ТҰРЫП «Сәлеметсіңдерме балалар?ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!» деп айтады

Ақшақар:Біз барлығымыз сіздердің балабақшаларыңызға асығып келдік.

Аққала:Балалар сендерге аяз атаның берген сыйлығын алып келдік.

Жүргізуші:Рахмет ,сіздерге құрметті қонақтар.Бізбен бірге мерекені тойлауға қалыңыздар!Біз де Аяз атаны күтіп отырмын!

Аққала:Жоқ,рахмет көп бізді басқа балаларда күтіп отыр сондықтан біз қайтайық,Ақшақар Аяз атаның сандығы өзіңе аманат.Біз жолымыздан қалмайық.Балалар жаңа жылды қарсы алыңдар!

Жүргізуші:Рахмет ,сау болыңыздар!Ал, балалар енді бәріміз Аяз атаны ортаға шақыру.Қане бәріміз бірге Аяз ата келіңіз деп шақырайық!

Барлығы:Аяз ата келіңіз!

Аяз ата кіруі:

Сәлеметсіздерме балалар?

Ата-аналар ұстаздар!

Бүлдіршін балалар!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан!

Асау желмен жарысқан!

Аталарың сендерге!

Шаршап келді алыстан!

Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын балапандарым.Алыстан шаршап келдім ән айтып көңілімді көтеріңдер!

Ән:Аяз ата

Аяз ата:Жарайсыңдар балалар әнді жақсы айтады екенсіңдер!Би билей аласыңдарма?

Жүргізуші:Әрине біздің қыздар биді өте жақсы билейді қане қыздар би билеп берейік аяз атаға.

Би:

Жүргізуші:Біздің балалардың өнері өте көп .Ән мен биден басқа тақпақта айта алады, ендеше ортаға шығып айтып берсін!

Тақпақтар:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып. Зейнеп

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл Адия

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын. Ерсұлтан

Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса. Айлин



Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны. Аяжан


Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз Зере


Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз. Айару.Ғ



Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл. Айсана

Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын Дания

Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын. Көркем

Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз. Ернар

 Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған. Жібек



 Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де. Салиха

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың. Ибрахим

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына. 
Дарын

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап. Ахмет Аружан



Аяз ата:Қандай тамаша !Ақшақар менің сандығым қайда ?Менің сандығымда әдемі сыйлықтар бар.Балалар бұл сыйлықтарды сендерге әкелдім.Апайларыңа табыстайын!Сендер өте өнерлі екенсіңдер!Жаңа жылдарың құтты болсын!Мені басқа балабақшадағы балаларда күтіп отыр.Сондықтан кетуім керек.сау болыңдар!

Жүргізуші:Сау болыңыздар!Құрметті қонақтар,балалар жаңа жылдық кешіміз өз мәресіне жетті!Сау болыңыздар!Жаңа жыл құтты болсын!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!