Материалдар / Шырша өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шырша өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
шырша өлеңі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы: Қатынас, Таным.

Кіріктірілген оқу қызыметі: Жаратылыстану, Көркем әдебиет .

Тақырыбы: «Шырша өлеңі»

Мақсаты: Білімділік:Тақпақты тыңдау және оның мазмұнын белсенді қабылдау дағдыларын дамыту Дамытушылық:Заттарды олардың белгілерінен тани білуге, ағаштарды (бұтақтарды) ажыратуға үйрету. Тәрбиелілік:Әдемілікке,сұлулыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі:Ойын технологиясы, ұйымдастыру, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын-тапсырма. Қажетті құрал-жабдықтар: Шырша ,сыйлық, ойынға керекті құралдар. Билингвалды компонент: Шырша-Ёлка


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі


Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы күш





Іздену ұйымдастырушы


















































Рефлексивті түзетушілік



Тәрбиеші :Балалар бүгінгі оқу қызметімізге қонақтар келген екен.

Қане олай болса бізде салемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң балалар.

Қайырлы таң апайлар.

Қайырлы таң бала бақша,

Қайырлы таң баршаңа достарым,

Бәрекелді, балалар! Оындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде далаға не жауады?

-Қар жауады.

Дұрыс айтасыңдар балалар өте тамаша.

Ал балалар енді маған айтыңдаршы сендер сыйлық алғанды ұнатасыңдарма?

-Ия

Олай болса мен сендерге сыйлық алып келдім ішінде не бар екен көргілерің келеді ме?

Қане олай болсатжұмбақтың шешуін шешіңдер.

Жұмбақ

Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте Ол не?

(Шырша )

Жарайсыңдар балалар!

Ал қәне ашып көрейікші.

Балалар шыршаның түсі қандай?

-Жасыл

Шырша жазда да, қыста да болады екен.

Шыршаға жаңа жыл мерекесінде ойыншықтар іліп безендіреді екенбіз.

Шырша –Ёлка

Жарайсыңдар балалар!


Балалар бүгін біз Есентай Өтеуұлының Шырша өлеңін оқимыз.

Тәрбиеші:

Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейміз енді шыршаға

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

Тәрбиеші:Балалар өлеңде не жайлы айтылған?

-Шырша

Шырша қайда өседі екен?

-Орманда

Бәрекелді балалар орнымызға жайғасып отырайық.

Ойын оин ойнағыларың келеді ме?

-Ия

Дидақтикалық ойын: Шыршаны безендіру.

Шарты:Үстел үстінде жатқан ойыншықтар мен шыршаны әдемі етіп безендіру.

-Шыршамен

Шыршаның түсі қандай екен?

-Жасыл

Шырша қайда өседі?

-Орманда

Тәрбиеші:Жарайсың балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Балалар іс қимылмен көрсетеді


















Ия



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: .

Түсінеді

Қолданады:























Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.Денелерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуын дамыту. Салаутты өмір салтын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі:Ойын технологиясы, ұйымдастыру, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын-тапсырма.

Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, сәбіздер, 2 шана , 2 шырша, көз - мұрын жасау үшін материалдар ,шарша ойыншықтар, атрибутар, қар түйіршіктер т.б.

Тәрбиеші: Қадірлі қонақтар, жарқын болашаққа кең қадам басқан бүлдіршіндер. Ата-аналар «Қысқы ермек» атты спорттық ойын-сауығына қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:Ал ендеше біздің бүгінгі сайысқа қатысушы командаларымызды ортаға шақырайық.

Ал қанекей қонақтар,

Ортаға назар салыңдар !

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық .
Сәлем сөздің анасы демекші, ал балалар, ата-аналар алдымен алтын күнмен, ашық аспанмен және де қонақтарымызбен сәлемдесейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Салем бердік, жер ана,
Сәлем бердік баршаңа.
Тәрбиеші: Денсаулық дегеніміз, дені сау адам дегеніміз ауырмайтын, салауатты өмір салтын сақтайтын, дұрыс тамақтанатын, дене шынықтырумен айналысатын адамды айтамыз.
Тәрбиеші: Ойын сауыққа қатысушылар үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денені шынықтыру, тамақты дұрыс ішу, күн тәртібін сақтау керек.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Қане олай болса бүгінгі ойын-сауығымызды бастайық.

Сайысқа 2 топ қатысады.

I –топ «Аққала» тобы

II- «Шырша» тобы

Жүргізуші:Сайыс болған соң спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпаын тағайындайтын құрметті әділ қазылар алқасы мен таныстырып өтейік.

1.Көбенова Гулназ апай

2.Даулетбаева Маргарита апай

3.Әліміва Жанат апай
Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде,
Сол мықты денсаулықтың арқасында.
Тәрбиеші: Құрметі ата-аналар мен бүлдіршіндер бүгінгі отбасылық ойын-сауыққа қош келдіңіздер.

Екі топ өз топтарын атын таныстырады.

Командалар сәлемдеседі.

Тобымыздың аты «Аққала»

Біздің ұранымыз:

Аққаланы жасаймыз

Қар атысып шыр айналып ойнаймыз

Тобымыздың аты «Шырша»

Намысы бар шырша қайдасың

Білген дұрыс бұл шырша тобы.

Тәрбиеші:Құрметті қатысушылар сайысымыздың шартарымен таныс болдық, енді әрі қарай сайысымызды бастаймыз.

Эстафеталық ойындар 6 кезеңнен тұрады:

1.Аққаланы жылдам құрастыру.

2.Қар тасу.

3.Машина жарыс .

4.Паравоз .

5.Қояндар.

6.Кім жылдам.

Тәрбиеші:

Ал қәне бір-бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз

«Жеңіске жетеміз!»-деп

Әр команда өз орнында тұрады.

1.«Аққаланы жылдам құрастыру»

Ойын шарты: Топ басшысы шығып аққаланың астыңғы бөлігін қояды. Балалар шығып жалғастырады.Ойын осылайша жалғасады. Бірінші болып құрап аяқтаған топқа ұпай беріледі.


2. «Қар тасу»

Ойын шарты:Тобындағы ата- анасы өз баласын машинаға отырғызып, бала қолындағы күрекпен қар жинап шелекке толтырады.

3. « Шаналар жарысы»

Ойын шарты: Топ басшысы өзінің тобындағы балаларды шанамен тасып межені айналып өтеді.Ойынды бірінші болып аяқтаған топқа ұпай беріледі.

4. «Паравоз»

Ойын шарты:Басындағы бас капитан аяғын арқан мен байлайды. Балалар кедергілерден өтіп паравоз арқылы артарына ілесе жүріп ойыншы бірінші аяқтаса сол топ жеңіпаз болады.

5. «Қояндар»
Ойын шарты:Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Межеде сәбіздер жасырулы тұрады. (беті қармен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
6. «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Арнайы дайындалған конькиді топ мүшелері аяқтарына киіп қар үстімен сырғаната отырып ,межеге барып,шыршадағы ойыншықтарды шанаға жинайды.Ойыншықтар біткенше ойын осылай жалғасады. Баласы шанаға ойыншықтарды жинап алып келеді.

Тәрбиеші: Жарайсыздар құрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер бүгінгі отбасылық ойын сауыққа қатысқандарыңызға.

Бүгін міне оң болып әр ісіміз

Жоғары боп күш жігер намысымыз

Осылайша қуаныш пен думандатып

Аяқталды халайық жарысымыз

Жарыстың қортындысы шығарылып үздік ойыншылармен, жақсы көңіл күймен жанкүйерлерді марапаттар табыс етіледі.

Тәрбиеші: Осымен  бала бақшамызда «Қысқы ермек»
атты  ойын-сауығымыз аяқталды.

                  Жарқын , шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын.

Көңілді әуен сазымен командалар залдан шығып кетеді.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!