Шырша тойын тойлайық!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!
Мерекеге қош келдіңіздер! Ұлдарыңыз ер жүрек, қыздарыңыз инабатты
болсын! Жаңа-жыл, жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін деп тілейік.
Келе жатқан – 2018
ит жылы баршаңызға құт әкелсін.
Ән: шырша жыры (ақшақарлар аппақ мақта) музыка ойналады.(жұлдызшы
кіреді)
Жұлдызшы: Саламатсыздарма балалар?
Жаңа – жылдарың құтты болсын! Биылғы жылан жылына алғысымыз шексіз.
Балалар қандай өнерлерің бар, қане көрсетіңіздер?
Жүргізуші: Саламатсыз ба Жұлдызшы! Біздің балалар шетінен өнерлі,
би де билейді, ән де айтады.
Жұлдызшы: Онда балалар маған билерін көрсетсін, менің де билегім
келіп тұр.
«Карнавал» биі.
Жұлдызшы: Рахмет балалар!
Жүргізуші: Балалар, аяз ата мен ақшақар адасып кетпесін, шырша
тойымызға шақырайық.
Өтірік аяз-ата : Өңкей жүгірмек, жиналып қалыпсыңдар ғой, міне
бізде жеттік ортаға.
Өтірік ақшақар: Бірақ біз сыйлықты тек жаман, бұзық балаларға ғана
береміз, бізге жақсы балалардың әндері мен тақпақтары керегі
жоқ.
Жүгіріп мыстан келеді: Алақай Аяз-ата мен Ақшақар ! міне менің
киімім көрдіңдер ме? Сіздердікіндей әдемі, бірақ балалардың киімі,
менікінен де күшті екен. (жылайды) мен мектепте оқымаймын, неше
түрлі жамандықтар жасау білемін. Кәмпиттің бәрі менікі болады – деп
тәрелкідегі кәмпиттерді жинап алады да (күледі). Ол өтірік кәмпит
болады.
Өтірік ақшақар: Жарайсың! Сен біз сияқты екенсің, бірақ ақшаңды
дайындай бер, біз саған күшті сыйлық береміз.
Жұлдызшы: мыстан, мыстан олар өтірік айтып жатыр.
Жүргізуші: Балалар сендер оларға сенесіңдер ме?
Балалар: -Жоқ ! Сенбейміз!
Өтірік Аяз-ата : Әй жүгірмектер, неге сенбейсіңдер, мен Аяз-атамын
гой!
Өтірік ақшақар: Міне, мен де қандай әдемімін!
Өтірік Аяз-ата: Менің сақалымды көрдіңдер ме? Міне –деп
көрсетеді.
Жүргізуші: Сіздер Аяз-ата мен ақшақар екендеріңді
дәлелдеңдерші.
Жұлдызшы: Аяз-ата тақпақ айтсын, әкелген сыйлығын берсін!
Мыстан: Ал, ақшақар биін билесін, көрейік қане!
Өтірік Аяз ата:( өлең айтады)
Мен аяз-атамын
Сыйлықты сатамын
Аязбен елді қатырамын
Өзім мәз болып отырамын
Әкел ақшаңды, мә сыйлық деп мыстанға өтірік кәмпит береді.
Мыстан (жылайды): Өтірікші мынау кәмпит емес қой!
Балалар, қараңдар – ол мені алдап, құр қағаз беріп тұр.
Жұлдызшы: Ал Ақшақар енді сен өнеріңді көрсет (осы кезде музыка
айналып ақшақар билеп
Жүргізуші: Балалар, мынау түлкі қой!
Мыстан:(Аяз атаның киімін жұлып алады) мынау үш қасқыр ғой!
Балалар! (Екеуі шыршаның артына тығылады)
Жүргізуші: Балалар сонда біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз
қайда?
Қасқыр: (шыршаның артынан айқайлайды) – Біз оларды қамап қойдық.
Сендер бір ән орындап бермесеңдер, біз оларды бо – сат – пай –
мыз!
Жүргізуші: Балалар, ән орындап береміз бе? Ендеше далада қар
«борайды» әнін орындап берейік.
Түлкі: әнді жақсы айтады екенсіңдер? Енді балалар би билеп берсін.
Сонда ғана ақшақарды босатамыз.
Жүргізуші: балалар шартын орындаймыз ба?
Балалар: иә, орындаймыз.
Жүргізуші: балалардың орындауында «әдемі түлкілер» биі.
Түлкі мен қасқыр: балалар қош сау болыңда, біз қазір аяз атамен
ақшақарды босатып келейік. – деп шығып кетеді.
Мыстан: күн мен түн ойын ойнатады. Мыстан қоштасып шығып
кетеді.
Жұлдызшы: (қолында дүрбісі бар) міне, мен дүрбімен көріп тұрмын,
Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты.
Жүргізуші: Ал балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. (екеуі
кіреді)
Балалар хормен: Аяз ата! Ақшақар!
Аяз ата: Балалармен амандасады. (сөздерін айтады)
Жүргізуші: қош келдіңіздер! Қадамдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: аяз ата неге біздің шыршамыз жанбай тұр? Сіз оны жаға
аласыз ба?
Аяз ата: Әрине! Балалар бірге ән айтып жағайын.
Ән: «Тауда туып, тауда өскен» (жарқырат, жарқырат-деп үш рет
айтамыз)
Шырша жағу рәсімі.
Аяз ата: Жарқыраған шамдарсыз бола ма? Бұл менің сендерге арналған
базарлығым болсын! Қандай өнерлерің бар? Қане көрсете койыңдар.
Жүргізуші: ата балалар, сізге арнап ән айтамыз деп отыр.
Аяз ата: Айтсын, қане мен отырып тындайын – деп отырады.
Ән. «Аяз ата»
Аяз ата ойын ойнатады: қар жинайды, хоккей ойнайды.
Жүргізуші: Аяз ата, біз ақшақарды сағындық, оның биін көрсек деп
едік.
Аяз ата: Әрине көрсетеді өнерін.
Ақшақар: Мынау әсем шыршаның қасында, мен достарыммен би билеп
берейін. Қане достарым қайдасыңдар?
Би. Ақшақарлар ормандағы оқиға көрінісі.
Аяз келеді: (әндетіп кіреді)
Мен аязбын аязбын!
Балалармен аразбын
Мен қырсық көк тұмсықпын
-жүрексінбей нық басып
Батыл болсаң, сыртқа шық! – дейді.
Балалар хормен: Аяз бізге сөз емес
Қорқатұғын біз емес!
Аяз: Ал, қорықпасаңдар мына сұрақтарыма жауап беріңдерші. Егерде
кімде – кім жауап бере алмаса, сол баланы қатырып тастаймын! Жауап
берген бала қатпайды.
Сұрақтар:
1. Қыс мезгілінің қандай белгілерін білесіңдер? (қар, боран,мұз,
аяз, суық)
2. Қыста қандай ойындар ойналады? (шана, шаңғы, сырғанақ, хоккей,
коньки)
Аяз: балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр? Ойнаймыз
ба?
Ойын ойнатады: ғажайып қолғап.
Жүргізуші: Балалар, алыстан бір қонақ келе жатқан сияқты – деп
(жан-жағына қарайды)
Жұлдызшы қане қарап көрші. (дүрбімен қарайды)
Жұлдызшы: иә, көріп тұрмын, ол біздің келе жатқан жылқы жылы, біз
көп базарлығы бар сияқты (музыка ойналады) жылқы кіреді –
сыйлықпен.
Қоян: саламатсыңдар ма, балалар? Қонақтар? Келе жатқан жаңа
жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші:
Келді міне жаңа – жыл қалама
Соғар бетке аңызақ дауылы да
Төрле, төрле жаңа – жыл
Айтамыз тебірене жаңа – жыл!
Қоян: қане, маған көрсететін қандай өнерлерің бар?
Би: «Ақ қояндар»
Аяз ата мен жылқы сыйлықтар таратады!
Тойлибаева Маржан
Алімтайқызы
Алматы
облысы
Қарасай
ауданы
Қаскелең
қаласы
«Айголек» бала-бақшасының
тәрбиешісі