жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шырша тойын тойлайық
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы.
Кел жаңа жыл!
Дайындаған: Ерғалиева.Р.Е.
1 «В» сынып жетекшісі.
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
1. Жүргізуші: Жаңа жылдың кешінде,
Аңдар келіп бір шешімге.
Достаспақшы ниетпен ,
Жиналыпты келісімге.
2. Жүргізуші: Соныменен, балалар,
Жаңа жылға арналған,
Ертегіні көріңдер,
Шын бағасын беріңдер.
Шыршаның артынан Қоян секіріп шығады.
Шыршаға қарап -Қандай тамаша шырша, қандай көп қонақтар. Ой балалар киімдерің қандай тамаша. Балалар неғып отырсыңдар.
Жүргізуші: - Қоян біз шырша тойын тойлайық деп отырмыз.
Қоян: -Менде сендермен бірге тойлайыншы.
Жүргізуші: - Жақсы қоян тойымызда қал, бірге той тойлаймыз.
1. Ән: «Мерекеге келдік».
Қоян: Тым алыстан, Марстан,
Келіп Аяз атамыз.
Жылды тойлап,
Билеп ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп ойнап жүрген Қоянның алдынан Аю шығады.
(Қоян сасқалақтап қалады).
Қоян: - Амансыз ба, Аю паң!
Аю: - Жаңа жылдың алдында, тойды еске алып, ұйқымды ашып, серігіп, мына әдемі бүлдіршіндермен, би билегім келіп тұр.
Қоян: - Балалар аюдың ұйқысын ашып, би билейміз бе-?
Балалар: - Ия.
2. Би: «Жаңа жыл».
Түлкі: - Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю,қоян: Аман ба, түлкі, кел мында!
Түлкі: - Достарым ұлу жылы келді, Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар жаңа жылдарың құтты болсын! Аяз ата келгенше жұмбақ шешейік.
Жүргізуші: - Қане, балалар мұқият тыңдаңдар!
Түлкі жұмбақ жасырады, сендер шешуін айтасыңдар.
1. Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы, жазы тау жақта. (Қар).
2. Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылда тойласаң,,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша).
Балалар сендер менің жұмбағымды тез,және өте дұрыс шештіңдер.
Аю, қоян, түлкі бірге билей жөнеледі. Аю билеп жүріп
- Қандай ақылды балалар.
Қоян: - Жаңа жылды қарсы алайық би билеп.
Кірпі: - Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға.
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар жаңа жыл құтты болсын
Қоян: - Кірпі кел би билейік.
Кірпі: - Балалар мен сендерге орманда барлық жануарлармен бірігіп ойнайтын ойнымызды әкелдім, ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме-?
Ойын:
Тиін: - Тра-ля, ляй, Тра-ля, ляй.
Өнерші аңдар – ай.
Бәріңізге бір сәлем,
Балаларға мың сәлем.
Бәрі: - Сәлем тиін!
Жақсы – ақ биің!
Тиін билеп болғасын.
-Балалар сендер ән айтқанды жақсы көресіңдер ме-?
3.Ән. «Мен тиінмін,тиінмін».
Қасқыр: - Армысыңдар, бармысыңдар, ағайын!
Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
Бәрі: - Жаңа жыл құтты болсын, достығымыз мықты болсын Жаңа жылдарыңызбен! (конфети шашылады).
Жүргізуші: - Жарайсыңдар көңілді аңдар. Балаларға сендердің билерің өте ұнады, сендермен ойын ойнағылары келеді.
Аңдар: - Алақай, біздің де ойнағымыз келіп тұр.
4. Ойын: «Кім пиманы бірінші киеді-?».
Жүргізуші: - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме-?
Балалар: - Ия.
Жүргізуші: Ақсақалды шал жылына,
Бір-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.
(Аяз ата).
Жүргізуші: - Балалар енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық
Балалар: - Аяз ата, Аяз ата. – деп айқайлап шақырады.
Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып келеді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: - Пай-пай! Мен қайда келдім өзі-? Мына шыршаның кереметін – ай! Үйге алып кетсем бе екен-? Дұрыс үйге алып кетіп жаңа жылды қарсы алмаймын ба.
(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді).
Жүргізуші: -Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз «жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
(Мыстан сөзге мән бермейді, былай дейді). – Туу! (маңдайдағы терін сүртіп,тұрып.) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да:
Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанадағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! Қайтем мен мына ағашты.
Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Жүргізуші:- Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.
Балалар: - Аяз ата! Аяз ата!
(Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға аяз ата Ақша қардың қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді).
Ақшақар: - Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз ата: - Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі-?
Ақшақар: - Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз ата: - Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы, біз тойға келдік! Қане, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
(Балалармен амандасады).
Аяз ата: - Рахмет,рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады).
Аяз ата: - Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
(Сол кезде ақшақар жылап тұрып).
Ақшақар: - Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз ата оны жұбатып тұрып: қазір мен ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: - Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Жүргізуші: - Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді-?
Ақшақар: - Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме-?
Жүргізуші: - Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын тсіріп алды, сол емес пе екен-? Кане, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
(Сүйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады).
Аяз ата: - Жарайсыңдар, балапаным! (бетінен сүйеді).
(Тиін Аяз атамен бірге, сиқырлы таяғымен шыршаны жағады).
Жүргізуші: - Аяз ата ,біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар. Қабыл алыңыз.
Алидар: Аяз ата келді,
Бізге сыйлық берді.
Бір қолымда мармелад,
Бір қолымда шоколад.
Айдана: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Әділжан: Жаңа жал, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Ерасыл: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Ділназ: Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтар тізілген,
Шыршаны да көрдік.
Іңкәр: Аяз ата келді!
Бізге кәмпит берді.
Біз кәмпитті жейік,
Рахмет ата дейік.
Жанна: Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып, қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
Темірлан: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Тамаша тойымыз.
Алақай, алақай,
Өседі бойымыз.
Мерей: Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл.
Аяз ата: - Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бір қуантып, тастадыңдар.
Жүргізуші: - Ата бұнымен біздің балалардың өнерлері болған жоқ, балалардың орындауында
6.Би «Ленталар».
Қасқыр: - Балалар, қандай жақсы билерің, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Барлық аңдар: - Алақай, ойын ойнаймыз.
7.Ойын: «Кім көп қар түйіршігін жинайды-?» деген ойын ойналады.
Ойын аяқталғасын Ақшақар жылайды.
Аяз ата: - Ой, қызым тағы не боп қалды, неге жылайсың.
Ақшақар: Балалар Қасқырмен қуанып ойын ойнайды, ал менімен билеглері кемейді.
Жүргізуші: - Жылама, Ақшақар қазір біздің мың бұралған қыздар би билейді.
8.Би «Ұлпа қарлар» биін билейді.
Түлкі: - Мен де мерекеге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге ойын ала келдім.
9. Ойын:
Аяз ата: - Ой бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргзуші: - Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе-?
Аяз ата: - Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың кілті қайда-?
(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды).
Жүргізуші: - Қандай кілтті сұрап тұрсыз-? Бағанадағы шыршада ілініп тұрған кілт пе-?
Аяз ата: - Иә, сол кілт шығар.
Жүргізуші: - Аяз ата, кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз ата: - Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуіміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді).
Мыстан: - А-а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді).
Аяз ата: - Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: - Ойбай-тағы, не дейді.Сыйлық өзіме де керек.
Аяз ата: - Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр.
Мен сені қатырып тастайын.
Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады).
Мыстан: - Әй, Аяз ата шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой. Не істесем екен. Аяз ата: - Бересің ба сандықтың кілтін-?
Мыстан: - Жоқ, бермеймін.
Аяз ата: - А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келді ме-?).
Балаларға жұмбақ жасырады.
Жұмбақтар: 1). Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. (Қар).
2). Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау).
3). Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (Шырша).
Мыстан: - Жарайсыңдар, балалар жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз ата: - Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі. Солай емес пе,қызым-? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Жүріңдер көңілді аңдар.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: - Сау болыңыздар!
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, балалар! 2012-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақытпен қуаныш әкелсін!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген