№4
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Джайманова
Светлана
«Шыршамен
қоштасу»
(Зал
іші мерекеге сай безендірілген, ортада
шамдары жанған жасыл шырша)
Жүргізуші:Сәлеметсіңдер
ме, құрметті, балалар! Бүгін біз шыршамен
қоштасуға келдік.
Жасыл
шырша келіп еді,
Мереке
бізге әкелген еді,
Шыршаны әсем
безендірдік
Ойнап,
көңіл көтердік,
Шырша енді
қоштасады,
Орманымен қауышады.
Жүргізуші:Шыршаға
арнап өлең айтамыз, ойындар ойнаймыз,
би билейміз.
(Ақшақар
болып киінген Мыстан кемпір келеді)
Жүргізуші:Балалар,
бұл кім?
Мыстан
кемпір:Бұл
кімі несі? Бұл мен ғой, Ақшақар, Аяз
атаның немересі!
Жүргізуші: Бұған
сену өте қиын болып тұр. Қане, тексеріп
көрейік, Ақшақар, сенің қолыңнан не
келеді?
Мыстан
кемпір:Бәрі
келеді, билеп те бере аламын. Менің
кішкентай сіңлілерім бар, қазір, солармен
бірге билеп беремін. Міне жаңа өсіп келе
жатқан Мыстан кемпірлер.
Би:
«Ұлпақарлар»
Жүргізуші:Тағы
не істей аласың?
Мыстан
кемпір:Ән
айта аламын, міне домбырамен ән айтамын.
Діңгір-діңгір, кім ән айта алады, ортаға
шығыңдар.
Ән:
«Жаңа
жыл»
Жүргізуші:Қызық
Ақшақар екен, балалар, бәрін істей аламын
дейді, бірақ барлығын басқа біреулер
жасайды.
Мыстан
кемпір:Неге
өзім еңбектенемін, мен үшін барлығын
балалар жасайды....
(ақырын) -Ой,
мен не деп тұрмын естіп қалмасын, ақшақар
емес екенімді біліп қалса, қуып жібереді
ғой.
(Дауыстап) -Мен
олармен бірге оймен барлығын жасаймын,
егер үрлесем боран жасаймын.
(Шеңбер
бойымен үрлеп жүреді)
Жүргізуші:Сонда
да бір түрлі Ақшақар.
Мыстан
кемпір:Балалар,
кім маған тақпақ айтып береді?
Дінмұхамед:Аппақ
тонға оранып
Базарлықты
мол алып.
Келді
алыс сапардан
Аяз
ата оралып.
Қалып
едік сағынып
Күтіп
алдық жабылып.
Альбина:
Аққырауға
малынған
Ақша
қардай сақалы
Көптен
күтіп сағынған
Көрдік
Аяз атаны
Базарлықты
баршаға
Әкеліпті
ол тағы
Қарасын
деп тамсана
Безендірдік
шыршаны.
Мөлдір:
Тақпақтарды
жаттадық.
Би
биледік көрсін деп.
Аяз
ата қуанып,
Бізге
риза болсын деп.
Жүргізуші:
Ал,
енді балалармен бірге ойын ойнап берші.
Мыстан
кемпір:Мен
жаңа ойын ойлап таптым, біз балаларды
шырша етіп безендіреміз. Балалар,
шыршаны нелермен безендіреді? Ендеше,
солай ортаға екі ұл бала шырша болады,
екі қыз бала безендіреді.
-Енді
осы шыршаларды айналып ән орындап
берейік.
Ән:
«Жасыл
шырша жанында»
Жүргізуші:Не
істеп жүрсің, қандай қызық Ақшақарсың
өзің түсінбедік қой?
Мыстан
кемпір:Тыныш
болып қалды, маған айғай шу керек.
(Секіріп жүргенде Ақшақар киімі шешіліп
қалады).
Жүргізуші: А-а,
Мыстан сен екенсің ғой, тағы алдадың ба
бізді, неге сенбедім десем?!
Мыстан
кемпір:Білдіріп
алдым –ау, күліңдер, күліңдер. Мен жай
ғана көңіл көтергім келді.
Жүргізуші:
Көңіл
көтергің келсе, балалармен бірге көңілді
ойын ойна, бәріміздің де көңіліміз
көтерілсін.
Мыстан
кемпір:Жарайды, «Мыстанның
құйрығы»-деген
ойын ойнағыларың келе ме? Мен әуенмен
ұшып жүремін, қай баладан «құйрығым
боласың ба»-деп сұрасам, сол бала «иә»-деп
жауап беріп, менің көйлегімнен ұстап
алып бірге ұшады. Осылай бірнеше баланы
жалғап алады.
-Көңілдерің
көтерілді ме, ендеше шыршаға арнап тағы
бір би
билеп, қоштасайық,
шыршаға «рахмет» айтайық.
«Жаңа
жыл» биі
Жүргізуші: Шыршаның
шамдарын сөндірейік, Келесі жылға дейін
сау болып тұр!