Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
|
Бөлім: |
8.2D Сутек.Оттек және Озон |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Төлебаева Рауфа Қонысқызы |
|
Күні: |
12/12/2022 |
|
Сыныбы:8ә |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын білу. Сутекті алу, қасиеттері мен қолданылуын түсіндіретін реакция теңдеулерін жазып түсіндіре алады Сутектің қасиеттерін пайдалана отырып, ерекшеліктерін салыстыра алады |
|
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру: Топ ережесін еске түсіру. Топтастыру. |
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұй жұмысын пысықтау |
1.Реакцияның жылу эффектісі деген не? Ол қандай бірліктермен өрнектеледі? 2. Жылу бөле жүретін реакцияларды қалай атаймыз? 3. Фотосинтез процесі қандай реакция түріне жатады? 4.Химиялық жылу эффектісі көрсетілген теңдеу қалай аталады? 5.Химиялық реакцияның жылу эффектісін қандай құралмен өлшейді? 6.Жылу эффектісінің шамасына тәуелді факторларды ата. |
Оқушылар classdojo платформасы көрсеткен оқушы пысықтау сұрақтарына жауап береді. |
|
Classdojo |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабаққа кіріспе |
(Ұ) «Миға шабуыл» Білу және түсіну «Мағынаны тану» әдісі арқылы сабақ тақырыбын білу. Құрметті оқушылар! Сіздерді бүгін Менделеев кестесіндегі бір элемент қонаққа шақырды. Сол элементтің мекен-жайын сіздерге айтып жіберейін: 1 үй, 1 подъезд, 1 пәтер. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
.
(Сутек-Водород-Hidrogen) Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. |
Жаңа сабақ |
Х Hydrogenium – латын тілінен аударғанда «сутек» дегенді білдіреді. Молекулалық формуласы - H2 Салыстырмалы атомдық массасы : Ar (Н) = 1,008. Салыстырмалы молекулалық массасы Mr(H2) = 2 Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде сутек бірінші орналасқан химиялық элемент. Электрондық формуласы 1s1 Химиялық қосылыстарда сутек І валентті. З 1.Металдарды тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттестіру. Қышқылдармен реакцияға белсенділігі орташа металдар: Al, Zn және Fe қолданылады. Сутекті алу үшін Кипп аппараты қолданылады. Сынауыққа 1-2 түйір мырышты салып, үстіне тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. Реакция нәтижесінде сутек бөлінеді. Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 тұз мырыш қышқылы хлориді 2. Натрий, кальций сияқты белсенді металдар сумен әрекеттескенде сутек түзіледі. Натрий металының кішкентай бөлшегін суға салсақ, өте шабытты реакция жүреді, нәтижесінде сутек бөлінеді. 2Na + 2HOH = 2NaOH + H2 натрий гидроксиді Өнеркәсіпте алу. Сутекті табиғи арзан шикізаттан алады.
С +H2O 1000 CO + H2 2. Метанды айыру. CH4 1000 C + 2H2 3. Метанның су буымен әрекеттесуі. Реакция никель өршіткісі қатысында 13000 С температурада жүргізіледі. CH4 + H2O Ni, 1300 CO + 3H2 Физикалық қасиеттері. Сутек – түссіз, дәмсіз, иіссіз ең жеңіл газ. M(H2) = 2 г/моль, M(ауа) = 29 г/моль сутек ауадан 14,5 есе жеңіл, суда нашар ериді, - 252 градуста сұйылады Химиялық қасиеттері. 1.Сутек оттекте жанып көп мөлшерде жылу бөледі және су түзіледі. 2Н2 + О2 = 2H2O + Q 2. Сутек көптеген бейметалдармен әрекеттеседі. Сутек хлор, бром, фтор, иодпен әрекеттесіп, ұшқыш қосылыстар түзеді. H2+CI2= 2HCI хлорсутек 3. Сутекті балқытылған күкіртке жіберсе шіріген жұмыртқаның иісіндей газ - күкіртсутек түзіледі. H2+S = H2S күкіртсутек 4. Сутек азотпен әрекеттесіп аммиак түзеді. N2+3H2= 2NH3 аммиак 5 2Na + H2 = 2Na натрий гидриді Ca + H2 = CaH2 кальций гидриді 6. Сутек металл оксидтерімен әрекеттеседі. CuO + H2= Cu +H2O мыс (ІІ)оксиді Сутектің қолданылуы Сутектің қолданылуы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген. Жеңіл газ ретінде сутектің гелиймен қоспасы аэростаттар және дирижабльдерді толтыруға қолданылады. Металдарды олардың оксидтерінен алуға және аммиак, хлорсутек, метанол заттарды синтездеуге қолданылады.
|
|
видеотүсіндіру |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Топтық жұмыс 6 мин |
Оқулықтан 90-бет 1-есеп 1-топ |
1-есеп. Су H2O мен метанның CH4 құрамындағы сутектің массалық үлесін есептеңдер. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл |
ДК экраны 8-сынып оқулығы. |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
90-бет 2-есеп 2-топ |
2-есеп. Қалыпты жағдайда сутектің: а)0,01моль; ә)0,5моль; б)5моль зат мөлшері қанша көлем алады? |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
90-бет 3-есеп 3-топ |
3-есеп.Массасы 9,8г H2SO4 күкірт қышқылымен әрекеттесетін мырыштыңзат мөлшері мен массасын табыңдар. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жеке жұмыс |
90-бет 5-тапсырма |
а) Литий, ә) Калий, б)
Барийдің сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін
жазыңдар |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
|
Jamboard тақтасы |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
93-бет 3-тапсырма |
3-тапсырма. Сутектің берілген оксидтерімен әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз: А) вольфрам (VI)оксиді Ә) сынап (II)оксиді Б) ванадий (V)оксиді |
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жұптық жұмыс |
|
Химиялық диктант Химиялық таңбасы:... . Hydrogenium – ... тілінен аударғанда «сутек» дегенді білдіреді. Салыстырмалы атомдық массасы: ... = 1,008. Химиялық қосылыстарда сутек ... валентті. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі ... .Химиялық элемент атомдары ішіндегі ең ... , ең ... – сутек атомдары. Жай зат сутектің молекуласы ... тұрады, химиялық формуласы... . Mr(H2) = ... . Жауабы: Химиялық таңбасы: Н. Hydrogenium – латын тілінен аударғанда «сутек» дегенді білдіреді. Салыстырмалы атомдық массасы: Ar(Н) = 1,008. Химиялық қосылыстарда сутек І валентті. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1%. Химиялық элемент атомдары ішіндегі ең кішісі, ең жеңілі – сутек атомдары. Жай зат сутектің молекуласы екі атомнан тұрады, химиялық формуласы Н2. Mr(H2) = 2г/моль. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
Бейметалдардың сутекті қосылыстарының атауларын сәйкестендіріңіз Н20 — су; NH3 — аммиак; СН4 — метан; HCl — тұз қышқылы; РН3 — фосфин; SiH4 — силан. |
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Бекіту |
Интерактивті тақтада көрсетілген код арқылы Socrative бағдарламасына әр оқушы кіріп, өздігінше тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылардың орындаған тапсырмасының дұрыс, бұрыстығы экраннан көрініп тұрады |
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Төлебаева Рауфа ҚонысқызыШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Сутек, алынуы қасиеттері
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Сутек, алынуы қасиеттеріМатериал туралы қысқаша түсінік
8 класс, ашық сабақ АКТ әдістерін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
Сабақтың барысы:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||


имиялық
таңбасы – Н
ертханада
алу.
. Сутек
белсенді металдармен әрекеттесіп гидридтер
түзеді.














