І тарау
Өзін-өзі тану бақыты
1 сабақ
Біз осындай баламыз
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- 2 сыныпқа арналған «Өзін
–өзі тану» пәнініңмазмұнымен таныстыру;
- өзін және айналасын тануға деген қызығушылығын арттыру;
- ізгілікке тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
- ал балалар енді біз дәстүрлі
«Шаттық шеңберімізді» құрып, қол ұстасайық.Бір-бірімізге зор
денсаулық, оқуда табыс, сенімді дос
тілейік.
Жас дәуірдің
түлегіміз
Сөзін жазған:
Е.Өтетілеуұлы
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Бау, бақша, белдер,
Орман тау,көлдер -
Көрікті шексзі даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан -
Көңілді уыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей -
Бақыты біздер баламыз!(2рет)
Өзіміз туған,
Көбелек қуған -
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып -
Білімді адам боламыз.
Қайырмасы
Тапсырма:
Оқушылар енді кітапта берілген
суреттерге қарап «менің жазғы демалысым» атты тақырыбына әңгіме
құрастырып жазайық.
Әңгімелесу:
- оқушылар сіздер өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?
- Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз бойында қандай қасиеттер бойғанын
қалайсындар?
Жаңа
ақпарат:
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы біз өзімізді және басқа адамдарды ,
қоршаған ортаны тани аламыз.Сүйіспеншілік, отбас, жақсылық, достық,
бақыт, білім сияқты құндылықтар адам өмірінде ең маңызды рөл
атқаратынын ұғынамыз.
Мәтінмен
жұмыс:
«Өзіңді
тану» деген берілген өлең жолдарын
оқып, өз ойларымызды айтайық.
Тапсырма:
Оқушылар кітапта берілген алма ағашында көрсетілген құндылықтар
туралы өз ойларын айтып беріндер.
Дәптермен
жұмыс:
Кіші шеңбердің ішіндегі әріптерден сөз құрап жазу.
(мейірім, қамқорлық,тазалық, денсаулық,рақмет, кещһшіріңіз)
Жүректен
жүрекке:
Балалар шеңберге тұрып ән салады.
2 сабақ
Біз осындай баламыз
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- 2 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен
таныстыру;
- өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
- ізгілікке тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
Балалар шеңбер құрып ән
саламыз.
Біз бақытты
баламыз!
Б.Жақып
Жылай қалсақ, жұбанамыз,
Ақыл тыңдап, тіл аламыз,
Біз тәртіпті баламыз!
Таңда ерте тұра аламыз,
Беті-қолды жуа аламыз,
Біз ұқыпты баламыз!
Үлкендерді сайлаймыз біз,
Үй тазалап, жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз!
Домбыра да тарта аламыз.
Біз өнерпаз баламыз!
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз бақытты баламыз!
Дәйексөз:
«Өзіңді танығанда ғана өзгені
білесің» деген нақыл сөзді жазып
қойындар.
Мәтінмен жұмыс:
Балапан әңгімесін оқып
сұрақтарға жауап берейік.
-
Арман мен Нұрлан балапанға
қандай қамқорлық көрсетті?
- Сендер жазғы демалыс кезінде
қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар? Енді сол туралы әңгімелеп
беріңдерші?
Шығармашылық
жұмыс:
«Біз осылай өсеміз» тақырыбына
әңгіме жазу.
- Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?
- Адамның дамуына не ықпал етеді?
- Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
Дәптермен
жұмыс:
«Менің жазғы демалысым» атты
шағын эссе жазу.
Жүректен
жүрекке:
Қане балалар енді шаттық
шеңберіне тұрып бір-бірімезге тілек
айтайық.
3 сабақ
Көңіл күйімізді басқара білейік
Мақсаты:
«Махаббат», «бақыт»
адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту
Міндетті:
- жағымды қарым-қатынастар
туралы түсінік беру;
- өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;
- ұстамдылыққа, сабырлыққа ризашылдыққа
тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Оушылар шеңберге тұрып
бір-бірімен әр түрлі көңіл күйде
сәлемдеседі.
Әңгімелесу:
- «Жақсы көңіл күй» дегенді
қалай түсінесіңдер?
- Сенің көңіл күйіңнің көтеріңкі болуына нелер әсер
етеді?
Мәтімен жұмыс:
«Қуаныш» атты әлең жолдарын
оқып негізгі ойды ашу.
- Мұраттың көңіл күйі қандай?
-Аспандағы күн, ағаштар Мұратты қалай қабылдап тұрғандай?
- Мұраттың қуанышына адамдар қалай ортақтасып тұрғандай?
- «Бестік» баға алғанда өзің қалай
қуанасың?
Жаңа ақпарат:
Адамның көңіл күйі әр түрлі
жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз,
жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер
етеді.
Тапсырма:
Суреттегі балалардың бет
бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп
беру.
Қорытынды:
- Балалар, біздің бүгінгі
сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталды. Бұл
дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай
білуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлаумызды
білдіреді.
Дәптермен жұмыс:
Ребусты шешіңдер. (орынсыз
шашу-от шашу)
Жүректен жүрекке:
Оқушылар шенберге тұрып
бүгінгі сабақта көңіл күйлері қандай болғандарын
айтады.
4 сабақ
Көңіл күйімізді басқара білейік
Мақсаты:
«Махаббат», «бақыт»
адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту
Міндетті:
- жағымды қарым-қатынастар
туралы түсінік беру;
- өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту;
- ұстамдылыққа, сабырлыққа ризашылдыққа
тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері:
Оқушылар шеңбер құрып өлең
шумақтарын қосылып айтады.
Ризамыз саған біз
Қ.Ыдырысов
Күнде шат күліп күн -
Өміріміз жайдарды .
Мәңгілік бақыттын
Өзіміз – айғағы.
Дәйексөз:
«Өмір деген жарыста, Шаттанған, дос, қалыспа!» нақыл сөзді жазып
қою.
Сахналау:
- Қуанышты күйді көрсететін
көрініс
- Ренішті күйді көрсететін көрініс
- Таңғалуды сипаттайтын көрініс
Балалар үш топқа бөлініп көріністерді дайындандар.
Ойын:
«Менің көңіл күйім қандай?»
Мәтінмен жұмыс
«Тиін мен қасқыр» атты мәтінді оқып сұрақтарға жауап беру.
- Тиін неліктен үнемі күліп жүреді?
- Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу
керек?
Әңгімелесу:
- Ренжіген немесе қуанған
кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
- Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?
Назар
аударыңдар:
Жақсы көңіл күй –тез
түсінісуге септігін тигізеді.
Жақсы көңіл күй – өзара сыйластыққа негіз болады.
Жақсы көңіл күй – достасауға көмектеседі
Тапсырма:
Балалардың суретеріне қарап, олардың көңіл күйлерін табиғатпен
салыстырып жазындар.
Мысалы: жымиып тұрған қыз суреті – күннін күлімдегені
Жүректен
жүрекке:
«Көңілді балалар әні» өленімен шаттық шеңберіне тұрып сабақты
аяқтаймыз.
Көңілді балалар
әні
Е.Өтетілеуұлы
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жазда гүлдер тереміз,
Қыста шаңғы тебеміз.
Думандатып өңірді,
Демаламыз көңілді.