Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сюжетно-ролевые игры "Выбери нужное"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың
тақырыбы: Мейрімділік -
асыл қасиет.
Сабақтың
мақсаты:
Қазақстанның
бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы
Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға
бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік -
рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір
сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты
сақтауы деген қағидасын түсіндіре
отырып,
Өзін - өзі тану
әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған
ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпыс қызының
ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата -
анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық,
сүйіспеншілік махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы: Шаттық шеңбері
- Қайырлы күн,
құрметті оқушылар! «Сіздерді
шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен бір -
бірімізге тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілектерге көп
рахмет!!!!!
Жүрегіміз
қуанышқа толды. Сабағымызды
бастайық.
- Балалар
«алтын жүректі», «үлкен жүректі»деген сөздер қандай мағынада
айтылады?
- Алтын
жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді
айтамыз?
- Айналадағы
адамдардың жақсылығын, мейірін сезіп, байқап бағалайсыздар
ма?
- Мейрімділік,
мейірбан, мерейлі сөздері туралы біз не білеміз, ол сөзді қалай
түсінеміз?
Оқушылардың
жауабы толық тыңдалады.
Оқушылар
арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы
ұйымдастырды.
1 - оқушы:
Жетімдердің анасы, жесірлердің
панасы.
Алпыс аға
бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр
бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса
түссін деп адамдардың
арасы.
Қиындықсыз өмір
жоқ қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге
Сарамыз, дегеніне нанамыз.
2 - оқушы:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік
қорыңнан
Баспана боп
оларға келе жатсың болып
нан,
Сол балалар
үшін бір бәйек болып күндіз -
түн.
Аяп көрген
жоқсың сен келгеніңді
қолыңнан.
3 - оқушы: Алда
талай қиналу, алда талай
толғаныс,
Жетсем екен
дейтұғын арман да асыл жол да
алыс,
Шешек жару, гүл
ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды
жұбату - Ел – Анадан қалған
іс.
4 - оқушы.
Осының бәрін кішкентайдан
үйреткен
Мейіріммен
сәбилерге нұр төккен
Біз тілейміз
Сара апаға денсаулық
Шаттыққа толы
жүрекпен.
Оқушы: Сара
Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы».
«Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім
балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім
балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш
«SOS Киндердорф»балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық
болды.
Оқушы:
«Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге
ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына,
қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді.
Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS
Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы
ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған
болатын.
Оқушы: Сара
Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи
атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты болып
табылады.
Қазақстанның
бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы
Заң қабылданды.
Оқушы: 2006
жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы
тапсырылды.
20120 жылы С.
А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас
ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық»
жұлдызы сыйлығы табыс
етілді.
Оқушы:
Күлкісіне
сәбидің толсын деп кең
даламыз,
Шапағат пен
мейірім дәнін сепкен
панамыз.
Алдыңызда
мәңгілік қарыздар боп
қаламыз
Құтты болсын
туған күніңіз Алтын жүрек
анамыз.
Шығармашылық
жұмыс. С. А. Назарбаеваға арналған оқушылардың тілектерін,
құттықтау хаттарын жасау.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының
ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен
қорытындылайық.
Қымбатты
балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық
баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін
ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға
мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда
сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады.
Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,
сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге
осындай ізгі тілек
тілеймін».
Жүректен -
жүрекке: Шеңберге тұрып «Бала тілегі»әнімен сабағымызды
аяқтайық.
Сабақтың
тақырыбы: Жақсы сөз - жанға
қуат
Мақсаты:
Оқушылар «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік
беру
Міндеттері:
- Жақсы сөздің
адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру;
- Жақсы
сөздерді қолдана білу іскерліктері
дамыту;
- ізгілікке,
ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа
тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Жаңа ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың типі:
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:
Ой қозғау, Венн диаграммасы,
Топтастыру;
Көрнекі
құралдар: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты
слайд;
Сабақ барысы: І
Ұйымдастыру.
І Қызығушылықты
ояту.
Шаттық
шеңбері
- Сәлеметсіңдер
ме балалар! Бүгін мен сендерді Өзін - өзі тану пәні арқылы
көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл -
күйдесіңдер?
Бір -
біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы
көңіл - күйді сезініп тұрмыз
ба?
Оқушылардың
жауаптары.
Ендеше бәріміз
бірге мына өлең шумақтарын айтып
шығайық:
Ой - жүйрік,
тіл - шебер,
Танытса
шындықты.
Мәнді ойды
тілмен бер,
Сөзді тауып
ұқыпты.
«Сіз»,
«біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың
мейірі.
Бір - біріне
болып көз,
Кең болсын адам
пейілі.
Ән: «Бала
тілегі» сөзі: С.
Молдасанұлы
әні: Ф.
Жолдасова
Бүгінгі
сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз - жанға қуат»деп аталады. Бүгін біз
осы тақырыпта әңгімелесетін
боламыз.
Ой
қозғау.
Әңгімелесу.
- Қандай кезде
жақсы сөздерді
қолданасыңдар?
- Жақсы сөз
естігенде қандай сезімде
боласыңдар?
- Жаман, дөрекі
сөз естігенде қандай сезімде
боласыңдар?
- Жақын
адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың
келеді?
-«Жақсы сөз -
жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды.
Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа
жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа
бөлейді.
ІІ Мағынаны
тану.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтін абзацқа бөлініп
оқытылады.
«Сыпайы қоян»
Мексика ертегісі
- Қоянның жылы
сөздерінің өзіне қандай көмегі
болды?
- Жылы сөздер
арқылы қандай жағдайда көмектесуге
болады?
Дәйексөз.
«Жүректен
шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.
Науаи
- Жылы сөз
адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға,
көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған
сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір -
біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан
дұрыс.
Сергіту
сәті
Ақша бұлттар
аспанда, (Қолдарын
жайқалтады)
Жерімді жайнап
құлпыртсын.(Жерді
көрсетеді)
Нұрын сыйлап
біздерге, (Күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн
тұрсын. (Күнді көрсетеді)
Жаңа ақпарат.
Тізбектеп оқыту
«Жақсы сөз
адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға
ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы
сыйластыққа, достыққа қол
жеткізеді»
Суретпен
жұмыс.
1. Құрметті
ұстаздар!
Сіздерді төл
мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс,
еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт
тілейміз.
Күтілетін
жауаптар: жақсы тілек, құттықтау
сөз;
2.- Апа, аман -
есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып
кеттіңізбе?
Күтілетін
жауаптар: амандық, жағдай
сұрау;
3.- Алло!
Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық
хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім
келеді.
Күтілетін
жауаптар: алғыс айту, ризашылық
білдіру;
4.- Жарайсың,
құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт
болып қалыпты ғой. Әлі - ақ елін қорғайтын азамат
болады.
Күтілетін
жауап: мақтау.
5 - Сымбат, сен
қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің! Жауап:
мадақтау
Ойын -
жаттығу
Топқа бөлінген
оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі: Берілген тапсырмалар бойыша
жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі
тиіс.
1 - топ.
Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден
үзінді.
2 - топ.
Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан
үзінді.
3 - топ.
Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан
үзінді.
ІІІ Ой
толғаныс
Дәптермен
жұмыс.
1 - Венн
диаграммасы
2 - тапсырма.
Топтастыру.
Жақсы сөздерді
топтастыру.
Қорытындылау
- Жақсы сөз,
жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу
береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады,
достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде
өзара сыйластық артады.
Жүректен -
жүрекке. (Оқушылар шеңберге
тұрады,
қолдарына
шарлар, жалаулар беріледі)
Күлімде, күн,
күлімде,
Жер жасарсын
көгерсін!
Кешегідей
бүгінде,
Қанат қақсын
көгершін
Күлімде күн
күлімде
Бүлдіршіндер
қуансын.
Қырдың көкшіл
түгіндей,
Қолдарына ту
алсын.
Күлімде күн
күлімде,
Күлсін барлық
бала шат,
Берекелі
бүгіндей,
Бейбіт болсын
болашақ!