400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Сюжетті рөлдік ойын "Дүкен"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дүкен" сюжетті рөлдік ойын ашық сабағы ортаңғы топ балаларына арналған. сабақта балалар ойын арқылы қаржылық сауаттылыққа, сауда жасай алуға, жеміс пен көкөністің пайдасы туралы білетін болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ортаңғы топ

Ұйымдастырылған ойын іс‑әрекеті

Тақырыбы: «Дүкен» сюжетті­ ‑рөлдік ойыны

Мақсаты: Балалардың білім деңгейін ойындарды ойната отырып жан –жақты дамыту. Тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, кішіпейілдікке, адалдыққа, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ жауап, ойындар.

Ресурстар: Дүкен макеті, көкөніс пен жемістер муляжы.

Күтілетін нәтиже: Балалар дүкеннен зат алуды,сауда жасауды біледі. Көкөністер мен жемістерді ажырата алады.

Барысы:

Шаттық шеңбері Достарымның барлығын, Сыйлап жақсы көремін. Алақным арқылы Жылуымды беремін

-Иә, балалар бар жылуымызды бір-бірімізге сыйладық.

Тосын сый: Топқа басын байлап алып бала Бағлан келеді -Менің басым ауырайын деп тұр. Түнімен дұрыс ұйықтай алмадым.

-Қалай сонда ауырмаған басты ауыртайын деп тұрсың ба? -Сен оданда біздің балалармен бірге өз денсаулығыңды күтуді үйрен.

-Қане, балалар, денсаулықтың басты кепілі не екенін айтайық Бағланға. - Дәрумендер жеу. Дене шынықтыру.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін біз сол дәруменді қайдан және қалай аламыз, сол туралы айтатын боламыз.

-Ал, енді айтыңдар, дәрумендерді қайдан аламыз? -Тағамнан. Жемістер мен көкөністерден аламыз. - Дұрыс. Олай болса алдымен мына алдымыздағы жемістер мен көкөністерді ажыратып жинап алайық.

Ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Көкөкніс пен жемісті ажырата алу, жылдамдыққа ұйымшылдыққа баулу. Шарты: Екі топқа бөлініп, тездетіп, жемістер мен көкөністерді екі бөліп жинау. ---Балалар бұл жеміс пен көкөністер қайда өседі? -Бау бақшада өсіп піседі. -Біз оларды үйге сол бау бақшадан алып келеміз бе? -Жоқ. Біз оны дүкеннен сатып аламыз. -Онда, тұрмайық. Бағланға дәрумен болсын деп жеміс жидек сатып әперейік.

Сюжетті рөлдік ойын: «Дүкен» Мақсаты: Қарым қатынас жасау дағдысын, қаржылық сауаттылықты дамыту. Диалаогтық сөйлеуді үйрету. Шарты: Балалар кезек кезегімен, жұптасып дүкенге келіп, сөреден заттарды алып сатушыға келіп сауда жасайды

-Міне, Бағлан саған достарың көп жемістер мен көкөністер әкеп берді. Енді оларды үнемі тұтынып отыр, сонда еш ауру саған жақындай алмайды.( Оларды балаға береді)

Қорытынды. -Бүгінгі ойын іс әрекетінде бізге кім келді? -Қайда бардық? -Не істедік? -Сендерге не ұнады?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі