400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сюжетті-рөлдік ойындар әлеміне саяхат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойындар әлеміне саяхат,тәрбиешілерге көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қуыршақ Айнұрдың туған күні»

Мақсаты:

-Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

-Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

-Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

-Балалардың мамандықтар туралы білімдерін ойын ойнату арқылы бекіту.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме балалар,бүгін қай күн?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

Дайын ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тігілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқытады?
Көйлекті кім тігеді?

Балаларды кім оқытады?
Үйлерді кім салады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз?

Осы сөздердің ортақ атауы –

МАМАНДЫҚ.

Тәрбиеші:Балалар тағы қандай маман иелерін білеміз?Дұрыс айтасыңдар,бүгін қуыршақ Айнұрдың туған күні.Отбасында кімдер болады балалар?

(Балаларды рөлге бөледі.)

Тәрбиеші:Біз қонаққа барамыз.Бұл үшін дайындаламыз.Алдымен сыйлық сатып алайық.Оны қай жерден сатып аламыз.

Балалар:Дүкенде сатады.

Тәрбиеші:Қонаққа әдемі болып баруымыз керек,Шашымызды сәндеп,көйлек тіктіру үшін кімге барамыз?

Балалар: Шаштаразға,тігінханаға барамыз.

Тәрбиеші балаларды рөлге бөліп ойынды бастауға бағыт береді.

Тәрбиеші: Балалар мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Барлығымыз бірдей дәрігер, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең дәрігер, екіншің мұғалім, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.



































Ойындар әлеміне саяхат.


«Қуыршақ Айнұрдың туған күні.»







Тәрбиеші:Шонаева.Қ.Р





Ақтау-2020ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі