СЮЖЕТТІК – РОЛЬДІК ОЙЫН БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЮЖЕТТІК – РОЛЬДІК ОЙЫН БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың ойында алатын орны оның пасивтілігінің дәрежесін анықтамайды. Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс - әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана дарыққа шығарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СЮЖЕТТІК – РОЛЬДІК ОЙЫН БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ


Оқытушы Зиябек Жібек Бағланқызы


Айтылып өтілгендей мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс - әрект болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әректіне аз немесе мүлдем араласпауынана байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші блоатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектің өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша бір түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс - әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін, бірақ дүкенне шығарда сатып алған жаты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау әне ойынның басқа қатысушыларына байланысты құқықты жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс - әрекет үстінде олар өз іс - әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым – қатынастар ұжымдық сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзікдік сансын да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған ұжымның пікіріне қарап бағдар алу баланы әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу т.б қабілеттерін қалыптастырады. Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс - әрекеімен және өзара қарым – қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым – қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына. Балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке – дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді. Мінез – құлықты таңдау балалардың жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп – төстеуді ұнататын, сондай – ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін баладар да бар.

Баланың ойында алатын орны оның пасивтілігінің дәрежесін анықтамайды.

Мектепке дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс - әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана дарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс - әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттігі байқалады. Өзін таныту қажеттігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу (идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте сезімің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу, қажеттілігі және бірге тебірену қабілеттерінңің өзара әсері бірлескен іс - әрекетпен шұғылданушы құрдастар тобындағы қарым – қатынастардан туындайды. Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез – құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсы бір әлеуметтік қарым – қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болататынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құрап түседі. Қиялдағы тепловозды жүргізеді де әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықсыз естің дамуына көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдай зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардын ойын ситуациясына ететін заттарға ойналатын іс - әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым – қатынас жасауға, эмоциялық мадақтауға деген қажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және есте сақтауға мәжбүр етеді.

Сюжетті - рольді ойын ақыл – ой дамуына да әсер етеді. Бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі формалары болып табылады. Мәселен затпен қимылдар жасй отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда таңдалынған нәрсе, біріншіде, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сырқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен, рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет дасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл – ой әрекетіне ауысады. Ақыл–ой әрекеттеріне ауысудың негізі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Байжұманова Б. «Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі, 2000, №2, Б. 29-31

2. Оразова А. «Баланың танымдық қабілетін дамыту». Қазақстан тарихы әдістемелік құрамы, 2004, №7, 43-47

3. Бөлекбаева,Ш. «Оқытудағы ойын түрлері». Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001, №9, Б. 13-14

4. Қазиева.С. «Оқушылардың ой-өрісін дамыту». Бастауыш мектеп, 2003, №1. Б. 41-44

5. Нұрғаева Г. «Ойын сабақ». Бастауыш мектеп, 2001, №7, Б. 40-46

6. Қаженбаева А.Е. «Бала танымын ойынмен дамыту». Отбасы және балабақша, 2002, №1, Б. 9-11

7. Сайыпов Ә, Омаров Қ. «Әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы ұлттық ойындардың ролі». Қ. Мектебі, 2004, №10, Б. 42-43

8. Оразымбетова Ж. «Баланың оқу іс-әрекетін қалыптастыру». Білім. 2004, №1, Б. 111-113

9. Рысқұлбекова А. «Ойын оқушы білімін берік меңгерту құралы». Бастауыш мактеп, 2005, №5. Б. 19-20


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі