400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сюжеттік сурет салу «Заттық сурет салу «Кішкентай құс»»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды құсты екі домалақ пішінді бөліктерден салуды үйрету: басы мен денесі. Қиялдарын, қимыл дәлдігін дамыту. Сурет салуға ықыластарын тәрбиелеу. құстардың дене мүшелері туралы қысқаша ғана түсінік: денесі, құйрығы, қанаттары, көздері, тұмсығы, аяқтары. Құстардың суреттерін салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы



Өткізген:Байжуманова.Ж.Б.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Сюжеттік сурет салу «Заттық сурет салу «Кішкентай құс»»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды салу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттіері:

БМ: Балаларды құсты екі домалақ пішінді бөліктерден салуды үйрету: басы мен денесі.

ДМ: Қиялдарын, қимыл дәлдігін дамыту.

ТМ: Сурет салуға ықыластарын тәрбиелеу.

Қолданатын құрал - жабдық: үлгі сурет , құстардың суреті

Сөздік жұмыс: құстар, торғай

Көптілдік компонент: құс - птица - bird, торғай – воробей- sparrow.



Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Балаларды шеңберге шақырады. Балаларға релаксация сәтін ұйымдастыру үшін, құстардың дауыстарын тыңдата отырып , төмендегі сөздерді айтады:

Мен құспын, сен де құссың.

Менде бар мұрын, сенде де бар.

Менікі де теп – тегіс, сенікі де.

Менікі тәп – тәтті сенікіндей.

Мен сенің досыңмын, ал сен менің досымсың

Мен досымды сыйлаймын!


Жаңа қандай дыбыстарды естідіңдер?

Құстардың суретін салып үйренетіндерін хабарлайды.

Сөздік жұмысы:

«Құстар», «торғай» сөздерімен сөздік жұмысын жүргізеді.

Шеңберге тұрады. Тәрбиешінің артынан қимыл – қозғалыстарды қайталайды.



Мұрындарына саусақтарын тигізеді.

Беттерін сипайды.

Еріндірін түртеді.

Бір – бірімен құшақтасады.


Құстардың дауыстарын, әндерін естідік.




Ұйымдастырушылық– ізденістік

Әңгімелесу:

Құстардың иллюстрациялық суреттерін көрсете отырып әңгімелейді. Мына суретте құстар күзде жылы жақтарға ұшып кеткен, ал көктем келген соң олар қайтадан елімізге қайтып ұшып келе жатыр. Құстар ағаштардың діңіндегі құрттар мен шыбын – шіркеймен, жеміс - жидекпен тамақтанады. Мына суретте балалар құстарға қамқорлық жасап, оларға ұя жасап, іліп жатыр.

Бүгін әрекетімізде біз кішкентай құсты бояп үйренеміз.

Құсты орысша «птица» деп айтады.


Сурет салу тәсілі:

Балаларға сызықтың сыртына шығармай қалай дұрыс салу керектігін түсіндіреді. Құстың денесі сопақ немесе дөңгелек пішінді болады, бізде мұрын болса, құстарда тұмсық болады. Олардың тұмсықтары үшбұрыш пішінді болады, ал құйрықтары мен қанаттары гүлдердің күлтелеріне ұқсайды, жапырақтарға ұқсайды.Көздері қап – қара ,моншақ сияқты дөп – дөңгелек болады. Құстарға әркез қамқорлық жасау керекпіз.

Сергіту сәті:

Ұяда құстар отыр,

Бой жазып ұшқалы отыр.

Қыдыруға шығады,

Жан – жақта ұшса дағы,

Ұяға оралады.


Құстарды әуелі ауада салып көрейік. Қарындашпен ұқыпты етіп бояуларын өтінеді.

Жеке дара жұмыс жүргізеді.


Қызыға, мұқият тыңдайды. Сұрақтар қояды. Суреттерге қарап, тамашалайды.








Сөздің екі тілдегі баламасын бірнеше рет қайталап, естерінде сақтауға тырысады.




Мұқият тыңдайды. Нұсқау бойынша әрекет жасайды.







Жаттығуды орындайды,

Отырады, аяқтың ұшына тұрады, қолдарымен қанат қағады, орындарына отырады.

Ауада құстардың суретін салып көреді. Құстардың дайын суреттерін бояйды. Ұқыпты етіп бояйды.



Рефлексиялық- түзетушілік


Қорытынды:

Біз бүгін ненің суретін салдық?


Құстардың қандай дене мүшелері болады?

Қандай құстарды білесіңдер?

Рефлексия:

Сендерге бүгінгі салған суреттерің ұнады ма? Егер ұнаса, қолдарыңды шапалақтаңдар.

Көрме ұйымдастырып,мақтап – мадақтайды.


Біз құстардың суреттерін салдық

Құстардың басы, денесі, тұмсығы, аяқтары, құйрығы, қанаттары болады.

Торғайлар, сауысқан, қарғаны білеміз.


Өз көңіл – күйлерін білдіреді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар жайында

Игереді: құстардың дене мүшелері туралы қысқаша ғана түсінік: денесі, құйрығы, қанаттары, көздері, тұмсығы, аяқтары

Меңгереді: құстардың суреттерін салу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.01.2019
3604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі