Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сызба бойынша сөздерді буынға бөлу.

Материал туралы қысқаша түсінік
сызба бойынша сөздерді буынға бөлу, буындарды ретімен атай білу дағдыларын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Сызба бойынша сөздерді буынға бөлу.

Мақсаты: сызба бойынша сөздерді буынға бөлу, буындарды ретімен атай білу дағдыларын бекіту. Міндеттері: 1. Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын жетілдіру. 2. «Кері іс-əрекетті айт» ойыны арқылы сөйлем құрату арқылы шығармашылықпен ойлауларын дамыту. 3. Білімпаз болуға тəрбиелеу.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: буын санына қарай сөздерді ажыратады

Түсінеді: буында бір ғана дауысты дыбыс болатынын.

Қолданады: сөздерді буынға бөледі. Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 1 жұмыс дəптері Билингвалды компонент: ҰОҚ барысы Ұйымдастыру кезеңі Педагог «Кері іс-əрекетті айт» ойынымен оқу қызметін бастайды. 1. Əкем киімін киді, інім ...(шешті) 2. Анам отырды, əкем ... (тұрды) 3. Анар отырды, Ажар ... (тұрды) 4. Асан кірді, Қасан ... (шықты) – Жарайсыңдар, балалар!

2. Негізгі бөлім

«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.

Дыбыс деген не?

Дыбыстар біздің айналамызда толып тұр, біз оларды көрмейміз, бірақ естиміз, айтамыз.

Дыбыстар қандай болып бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз.

Дауысты дыбысты, дауыссыз дыбыстан қалай ажыратамыз?

Дауысты дыбыстар əндетіп, созылып айтылады, ал дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығады.

Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

Дауыссыз дыбыстарды ше?

Сөзді буынға қалай бөлеміз? – Буынды қалай белгілейміз?

Ғажайып сəт

Балалар, Айсұлу (қуыршақ) бізге тапсырмалары бар хатқалта беріп жіберіпті, хатқалтаны ашып, тапсырмаларын орындайық. «Сөздерді буынға бөл» дидактикалық жаттығуы

Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер қол шапалақтау арқылы буынға бөліңдер. Мысалы: са-ғат, жас-тық, сө-ре, қа-лам, көр-пе, көй-лек, ал-тын, сыр-ға, құ-лақ, қол-ғап, си-ыр, қас-қыр, жыл-қы, май-мыл, қо-ян, та-уық, үс-тел, тыш-қан, қа-сық, ав-то-бус, қа-лам, те-ле-фон, қа-рын-даш, ар-ба, тор-ғай, то-ты-құс, ұ-шақ, ба-ра-бан, сый-лық, тас-ба-қа т.б.

«Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы (Əр дұрыс жауапқа педагог балаларға фишка беріп отырады)

Айсұлу бізге -та буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: тарақ, тамыз, тал, табыс, тап, тапқыр, тау, тауық, таутеке, тазы, тамызық, таға, тақылдақ, таң т.б.

-ба буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: балық, батпақ, бақа, бағдат, бақ, бақ-бақ, банка, бақыр, Бағжан, байғазы, бай, байлық, базар, Базаргүл, балшық т.б.

-са буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: сағыз, сабын, салт, Самал, сарай, сары, сай, самал, сал, сауық, сауыншы, сатушы, сауап, сауықшыл, сан т.б. Ойын соңында фишкасы ең көп бала жеңімпаз болады.

Дәптермен жұмыс

  1. Суретте бейнеленген заттарды ата. Буынға бөл. Сəйкес сызбамен сəйкестендір.

  2. Суреттен л дыбысы бар сөздерді ата. Буынға бөл.

Сергіту сəті

Қолды қойып зілтемірге,

Көтереміз, сілке бірге.

Түсіреміз ақырындап,

Көтер қайта бірте-бірте.

Дəптермен жұмыс

(графикалық жұмыс)

4. Боя.

5. Үзік сызықтарды бастыр, жалғастыр.

Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді. Қарындашты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.

Саусақ жаттығуы Алақанды ысқылап, Қыздырайық, балақай. Алақаның ысыды, Қараңдаршы, алақай!

  1. Рефлексия.

Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін еңбектену керектігін айтады.

Оқу қызметінің қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.

Қай тапсырманы орындау барысында қиындықтар болды? – Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз смайлды бояңдар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2025
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12