Сызба қаріптері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сызба қаріптері

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып мұғалімдеріне арналған толық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сызба қаріптері


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 9


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Сызба қаріптері туралы мәлімет беру.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Сабақтың жоспары

Сабақтың барысы

Топтарға бөлу. Геометриялық денелер бейнеленген үлестірмелер ұсыну. Оқушылар таңдаған фигураларына сай топқа бөлінеді.

Жаңа білім








Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Сызбалар мен басқа техникалық құжаттарда негізгі жазуға және сызба алаңына өлшемдік сандар мен әр түрлі жазуларды түсіруге тура келеді. Стандарт әріптер мен цифрлардың биіктігі мен енін, сызықтардың қалыңдығын, әріптердің, сөздердің және жолдардың арасындағы қашықтықты анықтайды. Сызба қаріптері өндіріс пен құрылыстың барлық салаларының сызбалары мен техникалық құжаттарына қолмен түсіріледі. Сызбада әріптер мен цифрлардың жазу жолына көлбеулігі шамамен 750 болуы керек. Қаріптің конструкциясын жақсы түсіну үшін ол көмекші торда немесе миллиметрлік қағазға салынып көрсетілген (26-сурет). Сызба қарпі әріптердің биіктігі мен енінің қатынасына байланысты негізгі және енді қаріптер деп бөлінеді. Негізгі көлбеу қаріппен бірге әріптер мен цифрлардың ені 1/7-ге үлкейтілген(1/7h), көлбеу енді қаріп те қолданылады. Негізгі жазуда да, сызба алаңында да атаулары, тақырыптар мен белгілерді көлбетпей тік жазуға да болады (грек алфавиті әріптерінен басқаларын) (27,28-суреттер).

Әріптер мен цифрлардың түзілісін жақсы оқып игергеннен кейін жазбаларды орындау барысында әріптер мен цифрлардың енін және олардың арақашықтығын мөлшермен алуға болады.

Сабақты

бекіту:

1.Стандартта сызба қарпінің қандай өлшемдері тағайындалған?

2. Бас әріптердің ені нешеге тең? 3. Қандай қаріпті көлбетпей жазуға болмайды? 4. Негізгі жазбаны толтыру барысын қаріптің биіктігін қандай етіп алады?

Үйге тапсырма:

26 - сурет


Қорытын-ды:

Топтық жұмыстарын қорғау.



Бағалау

Топтар бір – бірін бағалайды. Сызба қаріптері туралы мәлімет алдық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі