400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сызбаға өлшемдерді түсіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізуді , оның үстіне өлшем сандарын жазуды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:9

Пәні:Сызу

Күні:

Мектеп: Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектеп

Мұғалім:Ескермес А.

Сабақтың тақырыбы

Сызбаға өлшемдерді түсіру

Мақсаты




Білімділік:Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізуді , оның үстіне өлшем сандарын жазуды үйрету.Білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамытып, сөздік қорын арттыру.

Тәрбиелік:ұқыптылыққа , өлшемдерді дұрыс қолдануға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сызбаға өлшемдерді түсіреді, сызбаның үстіне өлшем сандарын жаза алады.

Сабақтың

әдіс-тәсілі:

Сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,жинақтау

Сабақтың көрнекілігі

Сызбалар,слайд,кері байланыс парақшасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

    • сәлемдесу;

    • оқушыларды түгендеу

    • оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

    • .оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

2. Үй тапсырмасын сұрау

Білу және түсіну

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргізеді де, оның үстіне өлшем сандарын жазады.Өлшем сандары сызбаның масштабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін көрсетеді. Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болу керек.

Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді милиметрмен көрсетеді; өлшем бірліктері жазылмайды. Бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен есептеп, өлшем бірліктерін көрсетіп жазады:30º45′20″; 0º50′; 70º

Өлшем сызықтарын мүмкіндігінше сызбадан тыс орналастыру керек. Өлшем сызығы мен шығару сызығының өзара қиылыспауын қадағалау қажет. Диаметрдің өлшем санының алдына диаметр белгісі қойылады.

Сызбамен жұмыс

  • Дөңгелек тесігі бар пластинканың сызбасымен таныстыру

  • Өлшем сызықтарының өлшемі көрсетілетін кесінділерге параллель және перпендикуляр орналасатынын түсіндіру.


















Сызбамен танысады

Қолдану

Практикалық жұмыс

  • Ұзындықтары 30 мм вертикаль, горизонталь және 45º бұрышпен көлбейтін үш кесінді салып, олардың өлшемдерін түсіру (М1:1)

  • Диаметрлері 40, 20 және 10мм-ге тең шеңбер сыз.Олардың өлшемдерін түсір.



Сызбаны қағазға түсіру

Талдау




Синтез

-Өлшемдер нешеге бөлінеді?

-Сызбада сызықтық өлшемдерді немен көрсетеді?

-Бұрыштық өлшемдерді немен өрнектейді?

Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болу керек.


Үйге тапсырма

Қалыңдығы 4 мм шаршы тәрізді пластинканың центрінде диаметрі 16 мм цилиндр тәрізді тесігі бар. Шаргының бір қабырғасының ұзындығы 30мм. Пластинаканың сызбасын екі рет (нақты шамасында және М2:1масштабында) салып, оның өлшемдерін түсіру


Бағалау

Оқушылады бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
1339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі