жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сызғыш тарихы
Күні: 11.10.2018 ж
Тақырыбы: • Сызғыштың тарихы
Мақсат:
Жаңа білім: • Сызғыштың тарихы, қолданысқа енуі.
Жаңа түсінік:• ағаштан, пластиктен, кейде металлдан жасалынатын қарапайым өлшеу құралы және кеңсе тауары. Арақашықтықты өлшеу үшін сызғыштың бір түзу жағына өлшем бірліктер бойынша (сантиметр, миллиметр) штрихтер салынады. Сызғыштар геометрияда және картографияда көп қолданылады.
Қолданым әрекеті:• Сызғышты пайдалана отырып есептер шығару
Тақырып жоспары:
1. Сызғыштың тарихы
2. Логикалық есептер шығару
•Анықтама: Логарифмдік сызғыш, есептеуіш сызғыш — сандарға қолданылатын амалдарды (көбейту, бөлу, дәрежеге шығару, түбір табу, т.б.) сол сандардың логарифмдеріне қолданылатын амалдармен алмастыру арқылы қарапайым есептеулерді шығаруға арналған аспап
|
|
|
Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
ІІ деңгей тапсырмалары
Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал.
ІІІ деңгей тапсырмалары
«Бәрін бірге ойлап қой» есебі.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, — түйіндеуімен бітеді де қазақ даласында да құмалақшының да өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз. Жауабы: 19 бас мал.
Үй тапсырмасы:
1) Қазір ағасы қарындасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң, олардың жастарының қосындысы 19 жас болады. Қазір қарындасы неше жаста, ағасы неше жаста?
Шешуі:
Белгілеу енгіземіз:
қарындасы – х
ағасы – х + 5
4 жылдан соң
қарындасы – х + 4
ағасы – х + 5 + 4
Т/қ: (х + 4) + (х + 5 + 4) = 19
х + 4 + х + 9 = 19
2х = 19 – 13
2х = 6
х = 3
Жауабы: Қарындасы – 3 жаста
Ағасы – 8 жаста
Қорытынды:_______________________
Тексерілді: _______________________
Күні: 15.11.2018 Ж
Тақырыбы: • Салмақты өлшеу тарихы
Мақсат: Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу
Жаңа білім: •.
Жаңа түсінік:• 1 мысқал - 0,4 гр; 1 қадақ – 750 гр; 1 келі – 1 кг;
1 пұт – 16 кг; 1 батпан – 100 кг; 1 торсық – 6-7 литр; Бір саба –
10-15 литр.
Қолданым
әрекеті:• Салмақты өлшеуге байланысты есептер шығару
Тақырып жоспары:
1. Салмақтың тарихы
2. Есептер шығару
•Анықтама: Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96 кг), тең болған.
Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді.
Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.
Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған. [1]
Топтық тапсырмалар:
І топ тапсырмалары
Бірінші
командаға:
1) Бөлу
амалының шығындысы? (бөлінді)
2) Қандай санға бөлуге болмайды?
(0)
3) Ең үлкен екі таңбалы
сан? (99)
4) Бір кг -
да қанша грамм бар? (1000)
5) Қайсысы үлкен 2 дм, әлде 23 см?
(23см)
6) 15 секунд минуттың
қандай бөлігі? (4 тен 1 бөлігі)
7) Бағалы тастың өлшем бірлігі?
(Карад)
8) Неше цифр білесің?
(Тоғыз)
9) Көбейтінді қашан
нөлге тең болады? (Нөлге көбейткенде)
10) 52 дәрежесі?
(25)
ІІ топ
тапсырмалары
Екінші
командаға:
1) Көбейту
амалының шығындысы? (көбейтінді)
2) Бір сағатта қанша минут бар? (60
мин.)
3) Ең үлкен натурал
сан? (шексіз)
4)
Миллиардта неше нөл бар? (9)
5) Қайсысы үлкен 2 м, әлде 201 см?
(201см)
6) Тоннаның он
процентті қанша? (100 кг)
7) Білімді бағалаудың түрі?
(баға)
8) Ең кіші жай сан?
(1)
9) Бөлшек қашан нөлге
тең болады? (алымы тең нөлге)
10) 42 дәрежесі?(16)
Үй тапсырмасы:
Қорытынды:_______________________
Тексерілді: _______________________
|
Сабақ : Математика (факультатив) Тақырыбы: Өлшем бірліктер жүйесі |
Мектеп : №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі |
|||||||
|
Күні: 22.11.2018 ж |
Мұғалімнің аты- жөні: Оспанова Ә.М |
|||||||
|
Сынып : 6 «ә» |
Қатысқандар саны : Қатыспағандар саны : |
|||||||
|
ОҚУ МАҚСАТЫ |
Балалардың шамаларымен және олардың өлшем бірліктерімен таныстыру. Үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыру жолын меңгерту. Берілген есептердің шығарылу жолын меңгерту. Берілген есептердің шығарылу жолдарын үйрету. |
|||||||
|
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: |
Оқушылар барлығы орындай алады: Тақырыпты түсініп,тыңдап,жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады. физикалық шамалардың ХБЖ-дағы өлшем бірліктері туралы түсінеді; Кейбір оқушылар орындай алады. шамалардың еселік және бөлінетін мәндерін ХБЖ-дағы бірліктерге айналдыруда қолданады. |
|||||||
|
Тілдік мақсат |
Физикалық шама, өлшем бірліктер, Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) |
|||||||
|
Алдын ала оқыту |
Уақыт, ұзындық, заттың массасы, дененің ауданы, көлемі |
|||||||
|
ЖОСПАР |
|
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ӘРЕКЕТ |
РЕСУРСТАР |
||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Оқушыларға жағымды ахуал туғызу Психологиялық дайындық Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын. Барлық күннің сәтінде , Кілең «5» тік болсын. «Ой қозғау» 1 км – де қанша метр бар? 1 тоннада қанша кг бар? |
Шаттық шеңбер |
||||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
Топтық жұмыс : Өлшем бірліктерді айналдыру 1-топ:тонна 2-топ: километр 3-топ:сағат Бағалау:Смайликпен 1-топ.
1 сағатта 60
минут бар. 1 аптада 7 күн бар. 2-топ.
7 дм = 60
см 3-топ. Салыстыр.
6 дм 8 см * 60
см Бағалау.Жұптар екі жұлдыз , бір ұсыныс ., Сергіту
сәті: 1 т мақта ауырма 10 ц темір ауыр ма?
(=) Дәптермен жұмыс :
|
Смайликтер Таныстырылым оқулықпен жұмыс Жұмыс дәптері |
||||||
|
Қорытынды бөлім 10 минут |
Кері байланыс : ВЕЕР жасау Мен нені білемін?Не қиын болды? |
Веер |
||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||
|
Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау:оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс :Денсаулық пен қауіпсіздік АКТ Құндылықтар |
||||||
|
|
|
|
||||||
|
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? |
||||||||
|
Оқушылар не үйренді? |
|
|||||||
|
Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? |
|
|||||||
|
Оқушылар арасында дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма ? |
|
|||||||
|
Жоспарланған уақытты ұстандым ба? |
|
|||||||
|
Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен ? |
|
|||||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1. 2. Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт: 1. 2. Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып жіне жеке оқушылар жайлы білдім |
||||||||
|
5 |
10 |
15 |
20 |
25 |
30 |
35 |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген