
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сызықтық алгоритмді программалау. 6 сынып
Қысқа мерзімді жоспары |
||||
Бөлім |
Python тілінде программалау |
|||
Педагогтың аты-жөні |
|
|||
Күні |
28.02.2025ж |
|||
Сынып 6 |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сызықтық алгоритмді программалау |
|||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.3.2.1 Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||
Бағалау критерийі |
|
|||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну. Қолдану |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин |
Ұйымдасытру кезеңі. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезеңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін. Жасампаздық және жаңашылдық бойынша оқушылармен «Көңілді сәлемдесу» әдісі арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топқа біріктіру. 1-топ. «Input» 2-топ. «Print» «Қар кесегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Ойынның ережесі: Ақ параққа өткен тақырыпты қайталауға және пысықтауға арналған сұрақтарды жазады. Сұрақ жазылған парақатарын қар кесегіндей етіп умаждап, бір-біріне атқыласып ойнайды, алдарына түскен қар кесегіндегі сұраққа жауап береді. 1.Алгоритм дегеніміз
не? 3. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін сан -int; бөлшек сан-float. 4. Python тіліндегі қандай арифметикалық операцияларды білесіңдер? Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды. 5. Айнымалылар дегеніміз не? Белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында өзгертуге болатын атауы белгілі объект. Python программасында жұмыс жасауда өткен тақырыпты қайталап, жаңа сабақтың тақырыбын ашудағы бірізділігін сақтауға бағытталған және оқушының сыни тұрғыдан ойлау дағдысын арттырады. Мұғалім: «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.
Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Программалау барысында қолданылатын үш алгоритм түрі бар: сызықтық, тармақталған және циклдік. Соның ішінде ең қарапайым түрі сызықтық алгоритм. Сызықтық алгоритм – іс-әрекеттер бірінен кейін бірі тізбектей орындалатын программа. Сызықтық алгоритмді программалау деректерді енгізу, шығару және тізбектеліп орындалатын қарапайым программа. Күрделі өмірде кездесетін жағдайлар бойынша сызықтық алгоритмге мысал келтірейік. Мысалы: «Анаңа жұмыртқа қуыруға көмектес» орындау реттілігін атап шыңығыз. Оқушылармен «Жұмыртқа қуыру» алгоритмін талқылау, өз ойларын айту және сабақты меңгеру мақсатында функционалдық сауаттылыққа тапсырмаларын беру. |
Тақтада көрсетілген бейне баянды тоқтату арқылы мұғаліммен амандасады. Оқушылар «Input» және «Print» топтарына бірігеді. ЕББҚ бар оқушы мұғалімге жақын орналасқан партаға отырғызылады. Оқушылар сұраққа жауап береді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылар реттілігімен айтады 1) Газды жағу. 2) Газға табаны қою. 3) Жұмыртқа мен майды дайындау. 4) Табаға майды еріту. 5) Жұмыртқаны жарып табаға салу. 6) Жұмыртқаның қабықтарын тастау. 7) Жұмыртқаға тұз себу. 8) Жұмыртқаны 3 минут қуырып алып тәрелкеге салу. 9) Газды өшіру. |
Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Гауһартас» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау парағы оқушыларға таратылып беріледі. Мұғалім әр тапсырмада оқушының дұрыс жауабына гауһар тас беріп отырады.
Дескриптор: -оқушылар талқылау арқылы сұрақтарға жауап береді. (1 балл) |
https://www.yandex.kz/video/preview/3035296253769439074 http://castlots.org/ платформасында топқа бріктіру қар кесегі Слайд Информатика оқулығы (Арман ПВ) 6 сынып 114-бет |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин |
Функционалдық сауаттылықты және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырма беріледі. Жеке жұмыс Орманда жануарлар арасында баскетболдан жарыс өтілді. Орман патшасы арыстан баскетбол ойыны 3 кезеңнен тұратынын ережесімен таныстырды. Өзіне көмекші етіп қоянды сайлады. Қоян әр кезеңдегі 2 команданың жинаған ұпайларын жеке-жеке қатарларда жазып отырды. Ойынның қорытындысын ойын соңында 2 команданың нәтижесін есептеп тақтада төмендегіше көрсетіп кім жеңіске жеткенін айтты.
Шарты: 1. Есепті шешу. 2. Python программасында сызықтық алгоритмін дайындау. 3. input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізу және экранға шығару. Python программасында жазылу жолдары: A1,B1=map(int,input().split()) A2,B2=map(int,input().split()) A3,B3=map(int,input().split()) A4,B4=map(int,input().split()) K1=A1+A2+A3+A4 K2=B1+B2+B3+B4 print(K1, ':', K2)
Жауабы:
Python программасында тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындаған оқушылар өз жұмысын аяқтағаннан кейін үлгермейтін оқушылармен жұптасып, қолдау жасалынады.
«Өзара бағалау» стратегиясы. Оқушылар дәптерін алмастырып, бірінікін бірі тексеріп, бір-біріне баға қояды. Объективті бағалау үшін мұғалімнің кері байланысы мен қолдауы көрсетіледі. |
Оқушылар тапсырманы топпен талқылап, ұсыныстарымен бөлісе отырып, компьютерде жеке орындайды.
|
Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім әр тапсырмада оқушының дұрыс жауап бергені үшін гауһар тас беріп отырады. Дескриптор: - математика-лық модельді қолданып есептеп шешеді; - программада сызықтық алгоритмді пайдаланып кодын жазады; - тапсырманы шешу кезінде map функциясын пайланады; - тапсырманы шешу кезінде split() функциясын пайланады; - input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізеді және экранға шығарады; (5 балл) |
Слайд Қосымша №1 |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 15 мин |
Жаңа сабақты бекіту мақсатында топтық тапсырмаларды «60-60-60» әдісі арқылы оқушылар ойланып, бір-бірімен ақылдаса шешімдерін ортада бөлісіп талқылап, практика жүзінде орындайды.
1-топқа. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Көлемі:
Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін табыңдар.
1-тапсырма: Python программасында есеп шығару; 2-тапсырма: Сызықтық алгоритмге блок схема сызу.
Python программасында жазылу жолдары: a=3 #uzyndygy b=2 #eny c=5 #byiktigi V=(a*b*c) #kolem tabu print("параллелепипедтің көлемі:", V) немесе a=int(input()) #uzyndygy b=int(input()) #eny c=int(input()) #byiktigi V=(a*b*c) #kolem tabu print("параллелепипедтің көлемі:", V)
2-топқа. Жомарт пен Асқар ауладағы қораптарды дүкеннің ішіне тасыды. Жомарт А қорап, ал Асқар оған қарағанда В қорап кем тасыды. Жомарт пен Асқар дүкенге қанша қорапты тасыды? Мысалы: Жомарт – 150 қорап Асқар – 50 қорап Жалпы – 250 қорап 1-тапсырма: Python программасында есеп шығару; 2-тапсырма: Сызықтық алгоритмге блок схема сызу. Python программасында жазылу жолдары: A=int(input()) B=int(input()) korab=A+A-B print("Жомарт пен Аскар барлыгы", korab, "корап тасыды") |
Оқушылар берілген тапсырманы топтарымен талқылап, ұсыныстарымен бөлісе отырып, ноутбукта орындайды және берілген А4 қағазына блок схемасын сызады. |
дескрипторы: - есептің математикалық моделін қолданады. - программада сызықтық алгоритмнің құрылымын сақтап код жазады. - input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізеді және экранға шығарады. - блок сызбасын А4 қағазына сызады. (4 балл)
|
А4 қағазы Қосымша №2
А4 қағазы Қосымша №3
|
||||||||||||||||||
Қорытынды |
Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында, оқу мақсатына қайта оралып, күтілетін нәтижелерді көрсету арқылы оқушылардың білім жетістіктерін талқылайды. Бағалау парағын топ басшыларына беріп, қанша балл жинағанын анықтауды ұсынады. |
Топ басшылар өз топтарының нәтижесін бағалау парағына жинаған гауһар тастарын санау арқылы толтырып береді. |
Бағалау парағы |
|
||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 2 мин |
100-беттегі «Ойлануға берілген сұрақтар» тапсырмасы |
Тапсырманы дәптерге жазып дайындап келеді. |
|
Информатика оқулығы (Алматы кітап) 6 сынып |
||||||||||||||||||
Рефлексия 3 мин |
Рефлексия. «Robot-БОТ»
CLASSROOM платформасының тиімділігі оқушылардың білім деңгейінің жетістігі мен қиындығын бағалауда графика түрінде жылдам, әрі нақты түрде қол жеткізу қолайлы. |
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тақтада смаиликті басып белгілейді. -тақырыпты толық меңгердім. -сабақты жақсыдан төмен меңгердім, әлі де жұмыс жасауым қажет. -бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет. |
|
classroomscreen.com/app |
||||||||||||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? «Гауһартас» әдісі арқылы 10 балдық жүйе арқылы бағалаймын 9-10 7-8 6-5 |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
Оқушылардың денсаулығын сабақтың өн бойында жіті бақылап, ерекше көңіл бөлуді назарда ұстаймын. Информатика кабинетінде қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеремін.
|
||||||||||||||||||||
Қабілетті оқушыларға:
Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға: Сөзбен қолдау көрсетемін және ынталандыру мақсатында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырманы жеңілдетілген түрде түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша уақыт беремін.
|
|
|
||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
Қосымша №1
Функционалдық сауаттылықты және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырма Орманда жануарлар арасында баскетболдан жарыс өтілді. Орман патшасы арыстан баскетбол ойыны 3 кезеңнен тұратынын ережесімен таныстырды. Өзіне көмекші етіп қоянды сайлады. Қоян әр кезеңдегі 2 команданың жинаған ұпайларын жеке-жеке қатарларда жазып отырды. Ойынның қорытындысын ойын соңында 2 команданың нәтижесін есептеп тақтада төмендегіше көрсетіп кім жеңіске жеткенін айтты.
Шарты: 1. Есепті шешу. 2. Python программасында сызықтық алгоритмін дайындау. 3. input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізу және экранға шығару. Python программасында жазылу жолдары: A1,B1=map(int,input().split()) A2,B2=map(int,input().split()) A3,B3=map(int,input().split()) A4,B4=map(int,input().split()) K1=A1+A2+A3+A4 K2=B1+B2+B3+B4 print(K1, ':', K2)
Жауабы:
|
Дескрипторы:
- математикалық модельді қолданып есептеп шешеді;
- программада сызықтық алгоритмді пайдаланып кодын жазады;
- тапсырманы шешу кезінде map функциясын пайланады;
- тапсырманы шешу кезінде split() функциясын пайланады;
- input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізеді және экранға шығарады;
(5 балл)
Қосымша №2
1-топқа:
Берілген мысал |
Есептің математикалық моделі |
Тапсырманың программа коды |
Тапсырманың блок схемасы |
Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Көлемі:
Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін табыңдар. 1-тапсырма: Python программасында есеп шығару; 2-тапсырма: Сызықтық алгоритмге блок схема сызу. |
a=x b=x c=x V=a*b*c |
a=int(input()) #uzyndygy b=int(input()) #eny c=int(input()) #byiktigi V=(a*b*c) #kolem tabu print("параллелепипедтің көлемі:", V) |
|
2-топқа:
Берілген мысал |
Есептің математикалық моделі |
Тапсырманың программа коды |
Тапсырманың блок схемасы |
Жомарт пен Асқар ауладағы қораптарды дүкеннің ішіне тасыды. Жомарт А қорап, ал Асқар оған қарағанда В қорап кем тасыды. Жомарт пен Асқар дүкенге қанша қорапты тасыды? Мысалы: Жомарт – 150 қорап Асқар – 50 қорап Жалпы – 250 қорап |
|
Python программасында жазылу жолдары: A=int(input()) B=int(input()) korab=A+A-B print("Жомарт пен Аскар барлыгы", korab, "корап тасыды") |
|
Дескрипторы:
- есептің математикалық моделін қолданады.
- программада сызықтық алгоритмнің құрылымын сақтап код жазады.
- input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізеді және экранға шығарады.
- блок сызбасын А4 қағазына сызады.
(4 балл)
Қосымша №3
І топ (INPUT)
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы (1 балл) |
Тапсырма (5 балл)
|
Бекіту (4 балл) |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пәні: информатика
Сыныбы: 6
_____________________________________________________________________________________
ІІ топ (PRINT)
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы (1 балл) |
Тапсырма (5 балл)
|
Бекіту (4 балл) |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пәні: информатика
Сыныбы: 6

