жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Функция. Функцияның графигі. |
Мектеп: №17орта мектеп |
|||||||
Күні:21.11.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні:Ахметбаева М.Ж |
|||||||
Сыныбы: 7Ә |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынына негіздеме бере алады;
|
|||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы орындай алатын: Сызықтық функциясының графигінің қиылысу, параллель және беттесу шарттарын практикада қолдана алады. Басым көпшілігі: Өзара орналасуында коэффициенттеріне тәуелді болатынын түсінеді. Кейбіреулері: Формуладағы коэффициенттер бойынша шешімін таба алады. |
|||||||
Бағалау критерийі |
*Сызықтық функцияның графиктерін өзара орналастыру шарттарын практикада қолдана алуы; *Коэффициенттеріне қарай тәуелділікті ажырата алуы; *формуладағы коэффициенттер бойынша шешімін таба алуы; |
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік оқыту мақсаттары: Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология: – функция графигі; – cызықтық функция; – cызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті; – түзулер параллель; – түзулер қиылысады – түзулер қиылыспайды. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді; – функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері); – график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды; – график ординаталар осін... нүктесінде қияды; |
|||||||
Құндылыққа баулу
|
«Мәңгілік ел» идеясындағы І құндылықты, VII құндылықты басшылыққа аламын. Оқуға ептілігін, өз бетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көп мәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу, қоғамның көзқарасымен санасуға баулу. Аталған іс-әрекеттер барлық жоспарлаған кезеңдері арқылы жүзеге асырылады. |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
География, геометрия |
|||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу. |
|||||||
Сабақтың барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|||||
Ұйымдастыру 2 минут |
- Оқушылармен амандасу; - сыныпты түгендеу; - Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру; - Сынып оқушыларды графиктің суреттері арқылы топқа бөлу; - «Сөйлейтін қолдар» әдісі арқылы жағымды атмосфера орнату. - сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру |
- Мұғаліммен сәлемдесу - кезекшілік қызметін атқару - сабаққа зер салу. Топ қызметін бөліседі. 5 Т ережесін сақтайды. Тәртіп, талап, тазалық, татулық, табысқа жету. |
Әр топта көңіл – күйді білдіретін смайликтер |
|||||
Ширату жаттығуы
|
География пәні бойынша тапсырма. Әр топқа Қазақстан қалаларының физикалық картасы беріледі. Әр топқа бір қаланың ендік және бойлық бойынша графигін салу.Қала туралы білетін бір мәлімет айту. |
Карта бойынша берілген қаланың ендік және бойлық бойынша орналасқан орнын тауып, оны графикке орналастырады.Сол қала туралы бір сөйлем айтады. |
Әр
топқа Қазақстан қалаларының физикалық
картасы |
|||||
Үй тапсырмасын тексеру 3 минут |
Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушыларға үйге берілген есептерді жұпта тексеруді тапсырады.Дұрыс шығарылған жолы тақтада слайдпен көрсетіледі. Жіберілген қателіктерді түзету жолдарын бірлесіп қарастыруды тапсырады. |
Жұптасып бірінің үй тапсырмасын тексереді. Қажет жағдайда түзетулер енгізеді. Бағалайды. |
Б |
|||||
Бағалау. «Бағдаршам» арқылы жүзеге асады. Жасыл түс барлығы дұрыс, сары түс көбі дұрыс, бірақ қате аз, қызыл түс көбі қате, дұрысы аз. |
|
|||||||
Білу (Өткен материалды қайталау) 3 минут |
«Пікірталас» тәсілі. «Өзіңді тексеру сұрақтары» жеке жұмыс. Барлық оқушыға үлестірме арқылы беріледі. |
Берілген тапсырма сұрақтарына толық жауап беру. Жауаптарын ортаға салады. |
Үлестірме «Өзіңді тексеру сұрақтары» |
|||||
«Өзіңді тексеру сұрақтары» 2 минут 1.Екі сызықтық функцияның графиктерінің - бір ортақ нүктесі; - екі ортақ нүктесі; - ортақ нүктелері болмауы; - барлығы ортақ нүктелері болуы мүмкін бе? Себебін түсіндір. 2. 3.Графиктері 1) қиылысатын; 2) параллель болатын; 3) беттесетін екі сызықтық функцияға мысал келтіріңдер. Бағалау. 3 минут. Бас бармақ. |
|
|||||||
Түсіну. 5 минут |
«Сәйкестендіріңіз» тапсырмасы беріледі.Топтық жұмыс. Топпен талқылайды. Өз ойларын ортаға салады. |
Тапсырманы топпен орындайды. Бір-бірін тыңдай отырып, қатесін түзейді. |
Слайд «Сәйкестен- діріңіз» |
|||||
Бағалау. Топтар жұмыстарымен алмасады. Басқа топтың жұмысын тексере отырып, өздерінің қатесін көре алады. Қол шапалақтау арқылы бағалайды. |
Слайдта дұрыс жауабы |
|||||||
Қолдану. 10 минут |
Оқулықпен жұмыс. Джигсо тәсілімен орындалады. Топ мүшелеріне әр түрлі тапсырма беріледі. Орындарында отырып шығарады, содан кейін бірдей тапсырмалар бірігіп, пайда болған сұрақтарды шешеді. Қайта орындарына отырып, шығарған тапсырмаларын әр топқа ауысып отырып басқа оқушыларға түсіндіреді. Есепті шығару үшін IDEAL тәсілін қолдану. |
Берілген тапсырманы орындайды. Талқылайды, ой бөліседі. Дұрыс шешімін таба алады. Барлық тапсырманы оқушылар меңгереді. Тапсырманы дәптерге жазып алады. Ақпаратпен жұмыс істеуде IDEAL тәсілін басшылыққа ала отырып орындайды. |
Оқулық 7 сынып «Математика» |
|||||
|
№1220.
Критериалды бағалаудың дескрипторлары:
|
Дескрипторлар слайды |
||||||
Талдау. 5 минут |
«Ойлан – жұптас – бөліс» тәсіліне берілген тапсырма «Коэффициенттерін анықта». Графиктердің орналасуы бойынша коэффициенттерін атайды. |
График бойынша коэффициенттерін анықтап, қалай орналасқаның талқылайды. |
Слайд. «Коэффици- енттерін анықта» |
|||||
|
Тапсырманы бағалауда оқушыларға мадақтаулар айтылады. |
|
||||||
Жинақтау. 5 минут |
«Нақты жауап» айдары. Жеке жұмыс. 1. Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуының қасиеттерін тізбектеп айтыңыз . 2. Графиктерінің параллель, қиылысса және беттессе орналасуының айырмашылығын айтыңыз. (бір-бір сөйлемнен айту) 3. Геометрия пәні бойынша түзулердің орналасуы қалай тұжырымдайсың? |
Оқушылар сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасу тақырыбы бойынша не білді соны бір-бір сөйлеммен айтып, білімдерін жинақтайды. |
Слайд. «Нақты жауап айдары» |
|||||
|
Оқушылардың жауабын қорытындылайды. Смайлик арқылы бағалау. |
|
||||||
Кері байланыс 5 минут. |
«Бес саусақ» әдісі
|
Осы сұрақтарды басшылыққа ала отырып толтырады. |
|
|||||
|
Қорытындылау. Үйге тапсырма беру. |
|
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бұл сабақта оқушыларды саралау жұмысын – Джигсо тәсілімен топқа бөлініп, ақпаратты шешу IDEAL тәсілі арқылы іске асады. Бұл есепті зерттей отырып, 6 дескрипторлар арқылы орындалады. Критериалды бағалаудың дескрипторлары:
|
|||||||
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
«Бағдаршам» арқылы бағалауды үй тапсырмасын тексеруде жұптық жұмыс арқылы орындалады. «Сәйкестендіру» тапсырмасы арқылы топтық жұмыс орындалып, оқылым дағдысын «Бас бармақ» арқылы бағаланады. * Оқулықпен жұмысты орындауда жазылым дағдысын, дескрипторлар арқылы орындау тәртібін бағаланады. * «Коэффициенттерді анықта» тапсырмасында баяндап отырған оқушының сөзін тыңдаушы жалғастыра алады. Оқушының тыңдалым мен айтылым дағдысы мадақтау арқылы бағаланады. * «Нақты жауап» айдарында ашық сұрақтар қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауы күрделі тапсырманы орындауға, ойын қорытындылауға бағытталады. Смайликтер арқылы бағаланады.
|
|||||||
Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс |
Сабақта тік отыруын қадағалау. Денсаулығына зиян келтірмеу, яғни қалам, қарындаш, сызғышты тиянақты қолдану. Презентация «Сызықтық функциялардың өзара орналасуы». |
|||||||
Сабақ бойынша рефлекция
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
Барлығы орындай алатын: Сызықтық функциясының графигінің қиылысу, параллель және беттесу шарттарын практикада қолдана алады. Басым көпшілігі: Өзара орналасуында коэффициенттеріне тәуелді болатынын түсінеді. Кейбіреулері: Формуладағы коэффициенттер бойынша шешімін таба алады.Осы қойылған мақсаттар шынайы болды Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Оны тапсырмаларды орындаудағы оқушылар белсенділігінен көре алдым. Сабақ кезеңдерінде уақыттар тиімді пайдаланылды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.
|
||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:Дескриптор арқылы өздерін бағалау. 2: «Нақты жауап» айдары. Жеке оқушымен жұмыс. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:АКТ қолдану, келесі сабақта міндетті түрде қолданамын. 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? 1.Жұппен жұмысты жандандыру және жұпты дұрыс таңдау |
||||||||
Оқушылармен жеке жұмыс және бірін-бірі бағалау
«Бағдаршам» арқылы үй тапсырмасын бағалау сәті
«Бес саусақ» әдісімен кері байланыс берді.
ағдаршам

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген