400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сызықтық перспектива

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға еңбек пәнінен уйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры


________________А.Узакова.



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Сызықтық перспектива».






Сынып: 5«А»

Мұғалім: Кулмаханбетова С.У.













2017-2018 оқу жылы.

Күні: 19.10.2018ж.

Пәні: Көркем еңбек.

Өтілетін орны : 214 каб.


Сабақтың тақырыбы: «Сызықтық перспектива».


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сызықтық перспективаны салу барысындағы шеберлік деңгейін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сызу барысында төзімділікке, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды есте сақтау қабілеттерін жақсартуға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Коррекциялық: Оқушылардың дыбыстарды анық айтуын қадағалау.


Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Дайын плакаттар, ережелер, суреттер, кеспе қағаздары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Бүгін қазан айының нешесі?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір қандай сабақ?

- Бүгін сыныпта кім жоқ?


ІІ.Сөздік жаттығулар:

Қарындаш, өшіргіш, ұштағыш, сызғыш.

ІІІ.Меңгерілетін сөздер:

Сызықтық перспектива.

IV. Өткен сабақты қайталау:

-Өткен сабақтың тақырыбы қандай?

- Қала пейзажы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Түйісу нүктесі дегеніміз не?


V. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сызықтық перспектива». Сызықтық перспективада бірдей ағаш, шамдар, бағандар, үйлердің қатарын суреттегенде,олардың бәрі визуалды түрде кішірейіп,алысқа перспективаға кете береді, алыстаған сайын бұл нысандардың ара қашықтығы да қысқара түседі. Мысалы:әрбір шам алдыңғысына жақын орналасады. Үйлер алыстаған сайын кішірейеді.

Көкжиек сызығы – көзіміздің деңгейінде орналасқан сызықтар.

Әр пейзажда ортасында түйісу нүктесі болатын көкжиек сызығы бар. Қызыл сызық – көкжиек сызығы, центрдегі қара нүкте – түйісу нүктесі.

VI.Сарамандық жұмыс: Сызықтық песпектива

Жұмыс жоспары:

1.Көкжиек сызығын сызамыз.

2. Түйісу нүктесін белгілейміз.

3. Үйлердің, ағаштардың, шамдардың нүктесін белгіле.

4. Нүктелерді көмекші сызықпен қосып сыз.

5. Үйлерді, ағаштарды,шамдарды анықтап сал.


VII. Тақырыпты бекіту:

Ойын: Кім жылдам?

Балалар, алдарыңдағы параққа маркердің көмегімен тез-тез сызықтық перспективалы сурет саламыз. Бірақ сызғыш пен көмекші сызықтарды қолданбаймыз. Сурет көз мөлшермен салынуы тиіс. Кімнің суреті дұрыс шықса сол жеңіске жетеді. Бастадық.

VIII. Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін сабақта не білдік?

- Сызықтық перспективаны салуды неден бастадық?

VIIII. Оқушыларды бағалау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
2179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі