400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Т2 5-сынып.қазақ тілі.2-тоқсан. «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Т2 5-сынып.қазақ тілі.2-тоқсан. «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т2 5-сынып.қазақ тілі.2-тоқсан.

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Оқу мақсаты:

5.3.1.1-мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;

5.4.1.1 ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

• мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды ;

• хабарлама, хабарландыру, хат жазуда тілдік ерекшеліктер мен талаптарды дұрыс қолданады.


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Орындау уақыты:

15-20 минут


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты анықтап бір сөйлеммен жазыңыз.

Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: –Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, дейді. Толағай: –Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді. Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді. Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.

_______________________________________________________________________

(150 сөз)

kk.wikipedia.org


2Shape1 -тапсырма . Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін бағдарсызық ( ) арқылы анықтаңыз.

Кейіпкер

Шартты белгі

Әрекеті

Дана ақсақал


Тарбағатай тауына жетеді.

риза болады.

Толағай

мәңгі ұйқыға кетеді.

рұқсатын береді.


3-тапсырма. Мәтіннің басты кейіпкеріне хат жазыңыз. Хат жазу стилін сақтаңыз. (50 – 60 сөз)

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды

1

Негізгі ақпаратты анықтайды

бір сөйлеммен жазады;

1

2

мәтін мазмұнына сай кейіпкерлердің әрекетін анықтайды:

1-ші кейіпкердің әрекеті;

2-ші кейіпкердің әрекеті.



1

1

Хабарлама, хабарландыру, хат жазуда тілдік ерекшеліктер мен талаптарды дұрыс қолданады.


4

Хат жазу стилін сақтайды;

1

шағын мәтін жазады;

1

тыныс белгісін дұрыс қояды;

1

орфографиялық нормаға сай жазады.

1

Барлығы

7


«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

5.3.1.1-мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;

5.4.1.1 ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

• Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды ;

• хабарлама, хабарландыру, хат жазуда тілдік ерекшеліктер мен талаптарды дұрыс қолданады.


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну


Орындау уақыты:

15-20 минут


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақстандағы сұлулығына көз тоймайтын көлдердің біреуі - Қайыңды көлі. Ол 1910 жылы болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған. Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 600, ені – 300, ал тереңдігі – шамамен 30-40 метр.

Мұнда дәрілік шөптердің 47 түрі кездеседі. Мұнда тіпті біртіндеп жоғалып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің ондаған түрлерін кездестіруге болады.

Қайыңды көлінің айналасын аң-құстың түр-түрі мекендейді. Деректерге сенсек, аң-құстардың 197 түрі, оның ішінде орманда мекендейтін 82 түрі бар.  Еліміздің Қызыл кітабына енген сүт коректілердің алтауы, құстардың – 13 түрі кездеседі. Олардың арасында аң атаулыдан Тян-Шаньның қоңыр аюы мен әйгілі арқары, тау сусары, қар ілібісін кездестіруге болады.

Қайыңды көліне демалуға барған әрбір адамның жүйке жүйесі айрықша дем алып, ерекше күйге бөленеді. Қарасаң көз тоймайтын табиғаты тамылжыған бұл өлкеге биік тауда өсетін көрікті де әсем Тянь-Шань шыршалары мен көлдің ортасына ерекше көрік беріп тұрған қылқан жапырақты ағаштардың үйлесімі көркіне ажар бітіріп тұрғандай.

(146 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/3815


1-тапсырма. Мәтіннің негізгі ақпаратты анықтап бір сөйлеммен жазыңыз.

_________________________________________________________________



2-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз

Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

Қайыңды көлі Қазақстан жерінде орналаспаған.



Көлдің ортасында қылқан жапырақты ағаштар өседі.



Көлдің пайда болғанына үш ғасыр болды.



Қайыңды көлі теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан.



Бұл жерден Қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің

6 түрін кездестіруге болады.




3-тапсырма. Қайыңды көліне саяхат ұйымдастырылуда. Сол саяхатқа шақырып, хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру стилін сақтаңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды


1

негізгі тақырыпты анықтайды.

1

2

мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді:

1-ақпарат;

2-ақпарат.



1

1

хабарлама, хабарландыру, хат жазуда тілдік ерекшеліктер мен талаптарды дұрыс қолданады.



3

Хабарландыру жазу стилін сақтайды;

1

Шағын мәтін жазады;

1

тыныс белгісін дұрыс қояды;

1

орфографиялық нормаға сай жазады.

1

Барлығы

7



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі