Материалдар / Т2 Сабақтыың тақырыбы: Олимпиада тарихы. 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Т2 Сабақтыың тақырыбы: Олимпиада тарихы. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа білім беру сабағында оқушылар олимпиада тарихы туралы мәтінмен танысып, мәтін бойынша алған білімдерін жинақтайды. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды ауызша және жазбаша түрде орындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
749
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім атауы:

10-тарау Олимпиада жеңімпаздары- Қазақстан мақтанышы

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Педагог: Мыкшаева Ж К

10-03-2022

Олимпиада тарихы.


Оқу мақсаттары:

  • 6.3.3.1 – орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

  • 6.5.1.7 –талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Сабақ мақсаты:

- орта көлемді шығармаларды түсінеді, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар дың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады

Уақыты

Кезеңдері



Ұйымдастыру

Педагогтың іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Баға

лау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.


«Жылы лебіз» әдісі

Ой шақыру

  • Доппен ойналатын қандай спорттық ойындарды білесіңдер?

  • Ball cөзінің аудармасын кім біледі?

  • Олимпиада ойындары неше жыл сайын өткізіледі?

  • Қазақстандық олимпиада жеңімпаздарын кім біледі?

  • Олимпиада ұранын білеміз бе?







слайд


Жаңа сабақ

Жаңа сөздер:

Марапаттау

Алау

Бес шығыршық Жеңімпаз








проектор

Оқулық

слайд

Тапсырмалар






















Мәтін:

Алғашқы спорттық ойындар өте ерте заманнан басталған. Олимпиада ойындары Афинадан басталады. Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтетін болған. Ал «олимпиада» сөзі Олимп тауында өткізілгендіктен пайда болған.

Қазіргі олимпиада символы – бес айқасқан түрлі-түсті шығыршық. Бұл бес құрлықтың бірігуі мен әлем спортшыларының Олимпиада ойындарында кездесуін білдіреді.

Көк түс – өзені мен көлдері көп Европа

Сары түс – күн шұғылалы Азия

Қара түс – қара нәсілдері басым болып келетін Африка

Жасыл түс – жасыл желекті Австралия

Қызыл түс – Америка құрлығы

Олимпиада ұраны: «Жылдамырақ, биігірек, күштірек!».

Олимпиада алауының жануы – Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуындағы негізгі рәсім. Оны Олимпиада тұғырына эстафетамен әлемнің үздік спортшылары жеткізеді.

Олимпиада ойындарының бойтұмары – әдетте осы ойындар өткізіліп жатқан елдің сүйікті жануары.

Олимпиада марапаты – бұл медальдар мен дипломдар. Жүлдегерлер алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталады. Жеңімпаздың құрметіне сол елдің Әнұраны орындалады.

Олимапиада ойындарының өмірге қайта келуіне үлкен үлес қосқан француздық Пьер де Кубертен болды. Ол «Бастысы – жеңу емес, бастысы-қатысу» деген ақылды сөздің иесі.

Мәтінмен жұмыс:

  • І:“Дұрыс- бұрыс” ақпаратты анықтаңыздар.

  • ІІ:Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңыз. /3с-3ж/

  • ІІІ:Мәтінді тірек –сызбаға айналдырыңыз.

І-тапсырма Жеке жұмыс:

Дұрыс-бұрыс

Афины қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болғандар ғана медальдермен марапатталған.


Қазіргі олимпиада символы – бес айқасқан түрлі-түсті шығыршық


Сары түс – күн шұғылалы Азия


Жеңімпаздың құрметіне Грек елінің гимні орындалады.


ІІ-тапсырма Жұптық жұмыс: Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырыңыз. /3сұрақ-3жауап/

ІІІ-тапсырма. Топтық жұмыс

Мәтінді тірек –сызбаға айналдырыңыз.

Дескриптор:

- дұрыс, бұрыс ақпаратты анықтайды;

- мәтін мазмұны бойынша диалог құрады;

- мәтінді тірек –сызбаға айналдырады

Мәтін бойынша оқу сауаттылығын тексеру:

Мәтінге сай тақырыпты таңдаңыз:

А. Бес сақина

В. Афина қаласы

С. Олимпиада туы

Д. Олимпиада тарихы


Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат:

А. Жарыста бастысы жеңу емес, бастысы- қатысу екеніні айтылған.

В. Көне олимпиада ойындарында тек 1 орынға медаль берілген.

С. Олимпиадағы негізгі рәсімдердің бірі- олимпиада алауын жағу.

Д. Бес шығыршық- бес құрлықтың бірігуін білдіреді.


Мәтінде жауабын табуға болатын сұрақ.

А. Олимпиада ұраны қандай сөздерден тұрады?

В. Көк түс қандай құрлықты білдіреді?

С. Олимпиада бойтұмары ретінде не алынған?

Д. Алғашқы олимпиада қай жылы ұйымдастырылған?


Мәтінге сай мақалды табыңыз.

А. Әке –асқар тау.

В. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

С. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Д. Спорт –денсаулық кепілі.

Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша тесттік сұрақтарға жауап береді.


Талғаулықты жалғаулықтар

  • Сөздерді немесе сөйлемдерді талғап, кезектестіріп айту үшін дәнекер болады. Оған я, яки, не, немесе, болмаса, әлде, біресе, бірде, кейде  жалғаулықтары жатады

Мысалы: Біресе ол жүгіреді, біресе мен жүгіремін. Бүгін жаңбыр не қар жауады.

Жазылым тапсырмасы:

Бұл жарыста не сен жеңесің, .... .... жеңемін. Ол кейде бассейнге барады, … … барады. Мен бос уақытымда баскетбол ойнағанды ұнатамын.

Керекті сөздер мен жалғаулықтар: кейде спортзалға, немесе волейбол, не мен.

Дескриптор:

- талғаулықты жалғаулықтардың қызметін біледі, жазба жұмыстарда орынды қолданады.

«Олимпиада» сөзімен бес жолды өлең құрастырыңыз.

1. Олимпиада

2.

3.

4.

5.

Дескриптор:

- Олимпиада тарихынан алған білімдерін жинақтап, бес жолды өлең құрастырады.

Рефлексия.

Өзіңді қалай бағалайсың? Стикерлерді жапсырыңыз. Үйге тапсырма:
120-бет, 7-тапсырма
“Спорт –денсаулық кепілі” тақырыбына эссе жазу. 90 сөз.
Ережені жаттау.
























Сұрақтарға жауап береді.


Мәтінді түсініп оқиды.

















Сұрақтарға жауап береді, оқиды.

Жұп болып мағынасын түсіндіреді.






Мәтінге тақырып қояды.

Ойын дәйектейді.



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!