400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Т дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Т дыбысын және әрпін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу – қызметі: Сауат ашу

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі

Смарт мақсаты: Т дыбысын және әрпін біледі.

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар бүгін біз оқу – қызметін бастамас бұрын Көңіл – күйімізді бір сергіп алайық.

(Проекторға қарап қайталайды)

Балаларды екі командаға бөлу: (7 доп, 7 шырша беріледі)

Ұйымдастыру – іздену:

Балаларға жұмбақ жасыру

Өзі айлакер, өзі қу

Жерген жері айқай да шу

(Түлкі)

Қыт – қыт етеді

Кезіп жүріп көшені

Жата қалса орнына

Ақ доп тастап кетеді

(Тауық)

Балалар Түлкі, Тауық сөзінің басында қандай дыбыс тұр?

(балалар жауаптары)

Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Т дыбысы тұр.

Балалар бүгін біз сіздермен Т дыбысы және әрпімен танысамыз.

Т дыбысы дауыссыз дыбыс, Т көк түспен белгіленеді

Т дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің түбіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Дем тіл ұшы мен тістің арасынан шығады да, Т дыбысы жасалады.

Қане балалар үстелдің үстіңдегі айнаға қарап Т дыбысын қайталайықшы.

(Айнаға қарап Т ддыбысын 2-3 рет айтады)

Т дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер.

(Тауық, Түлкі, Тасбақа, Тау, Тал, Тіс, Тырнақ, Тақпақ, Тас, Трактор, Тырна)

(Проектор қарап қайталау)

Қараңдаршы сендерге Т дыбысына байланысты тапсырма берілген сол тапсырманы орындауға дайынбызба?

1 – тапсырма: «Т» дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөл.

2- тапсырма: «Т» дыбысынан басталатын сөздердің ұзын – қысқалығын анықта.

Сергіту сәті

3- Тапсырма: «Әріптердің арасынан Т дыбысын тап

4-тапсырма: «Т» әрпін құрастыр.

Алдарында саусақ ұсақ моторикасына арналған құрастырма жатыр, сол құрастырмалар арқылы Т әрпін көк түспен құрастырамыз.

5- тапсырма: Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жарайсыңдар балалар.

Енді біз Т дыбысына арналған Тіл ұстарту жаттығуын жасаймыз.

Та- та –та

Ата берші бата



Та –та –та

Жібек жүнді бота



Та –та –та

Ақ сақалды ата

Қорытындылау.

Балалар ббүгін біз сіздермен қандай дыбыспен ттаныстық?

Т дыбысы дауысты ма, алде дауыссыз ба?

Т дыбысы қандай түспен белгіленеді?

Оқу қызметін әліпби әнімен қорытындылаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі