400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Т дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі. 19 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлінуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Қостілділік компонент: т дыбысы және әрпі – буква и звук т

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз!

Шаттық

шеңберін

жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Жұмбақ : Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі)

Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас сөзі шығады.

3. Педагог балалардан суретте ненің бейнеленгенін сұрайды.

- Ненің суреті? - Таудың суреті.- Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? Т – дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді. Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: -та; -ата; -ат. «Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы. Тай, тас, тос, тон, т.б.

4. «Т әрпін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен т әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

5. Тіл ұстарту жаттығуы: Та-та-та Ата, берші бата.

ІІ. Негізгі бөлім. Дәптермен жұмыс.

1. Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру.Т дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.

2. Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.

3. Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

4. Т әрпін ауада жазу. Т әрпін бастырып жазу. Т әрпінің кіші жіне бас әріптерін жазады.

5. Торт, үстел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.

6. Сергіту сәтін өткізу: Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Жұмбақ шешеді.


Балалардың жауаптары тыңдалады.




Ойынды ойнайды.



Дәптердегі тапсырма -

ларды орындайды.









Сергіту сәтін жасайды.



Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. - Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? - Т дыбысы қандай дыбыс екен? Т дыбысы бар сөздер ойлап келу.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: т дыбысы және әрпімен таныстыру.

Қандай түсініктерді игерді: т дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сөйлем құрату.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын толықтыру, ойын жеткізе білуге баулу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
1265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі