400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Т дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектеседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

15.10.2018.

1 «б» Қайрлиева Қ

Сабақтың тақырыбы

Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Т дыбысы мен әрпін түсіндіреді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Т дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ширату

Балалар біз қазір не естіп тұрмыз?

Дыбыс

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді

Әріп дегеніміз не?

Әріптерден не құралады.

Сөздерден не құралады.

Жарайсыңдар балалар бәріңде ақылды екенсіңдер? Балалар мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Ол үшін біз ойын ойнайық. Дайынсыңдар ма?

Ал ендеше ойынымызды бастаймыз. Біздің бұл ойынымыз кім зейінді деп аталады? Бұл ойында мен сендерге жұмбақ жасыратын боламын. Ал кім тапқыр екен көрейік. Ол үшін мен сендерге алдарыңа әріптер белгіленген парақша таратамын сендер сол парақшаны көтеріп дұрыс жауапты көрсететін боласыңдар.

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)

Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н)


Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (л)

Сақинаға қарайық, ұқсайды оған қай әріп?


Жарайсыңдар балалар дұрыс таптыңдар. Олай болса осы тапқан әріптерімізді ұяшықтарымызға орналастыра қояйық.



Ширату




Сабақтың ортасы

8 минут



№1

Оқулықпен жұмыс.
Балалар, осы біздің достарымыз бар едіғо олардың аттары кім еді?

Мерей мен Әли

Олай болса Мерей мен Әлиді ортаға шақырып оларды тыңдап көрейік.

Мерей:

Әли, мен мектепке барар жолда жасырынған сөздер таптым.

Әли:

Жасырынған сөздер? Қалай таптың? Қандай сөздер? Мерей: Оны менің жол сызбамнан байқай аласың?

Әли:

Мерей, бұл сөздерді достарымызбен бірлесіп тауып көрсек қайтеді?

Мерей:

Дұрыс айтасың , Әли, достарымыздың көмегіне жүгінейік.

Екеуі бірге:

Достар бізге көмектесесіздер ме?

Суреттердің көмегімен жасырынған сөздерді тауып оқы.


Дескриптор:

Балалар жасырынған әріптерді табады.

Жасырынған әріптерден сөз құрады.

Дыбыстық талдау жасайды.

Буындарды хормен оқыту. Тау, бұлт сөздеріне түсінік беру, суреттерін көрсету. Буын санын анықтау.

Ат, ата Ор тор Ал, тал Балалар біз өзімізге таныс емес қандай әріппен таныстық?

Дұрыс айтасыңдар балалар

Т дыбысын бәріміз бірге қайталап көрейікші

Қалай айтылып тұр

Балалар біз қазір бейнетақтаға назарымызды аударайық

Дескриптор

Т дыбысының айтылуын үйренеді.

Т дыбысы кездесетін сөздермен танысады.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Дәптермен жұмыс

Shape1

Т әрпін ауаға жазу

Т әрпін дәптерге жазу



Оқулық, дәптерлер.


Сергіту сәті



Аяқталуы


16 минут

Балалар біз бүгінгі сабақта ойын ойнайтын боламыз. Осы біз сөз құрай аламыз ба? Олай болса, мен әр топқа тапсырмалар беремін.

топқа: т әрпінен басталатын сөздер

топқа: т әрпі ортасында кездесетін сөздер

топқа т әрпі соңында кездесетін сөздер

Т дыбысының орнын анықтайды.

Сөздер құрайды

Сөздерді буынға бөледі.

Дыбыстық талдау жасайды.

Суретті тапсырма






Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Ақылды үкі



Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі