(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен
жұмыс.
1-тапсырма.
–
Кітапхана деген не? (Балалар сұраққа жауап
береді. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып, кітапхана туралы
білімдерін кеңейтеді).
Суреттегі заттарды атайды.
Балаларға таныс емес атаулардың мағынасын педагог
түсіндіреді.
Т дыбысы естілетін сөздерді атайды.
Педагог
Т дыбысын айтқанда тіліміз кедергі
жасап,тісімізге қатты тиіп тұрғанын түсіндіреді.
Суретке қарап, т дыбысы бар зат атауларын
ата.
Кітапхана мен кітап дүкенінің қандай айырмашылығы
бар?
Балалар өз ойларын айтып, педагог толықтырады.
2-тапсырма. Педагог суретте
берілген 4 кітаптың мұқабасын көрсетеді. Мұқаба сөзінің мағынасын
түсіндіреді. Балалардан мұқабадағы суреттер туралы сұрайды.
Мұқабадағы суреттерге қарап кітаптың не туралы екенін түсінуге
болатынын айтады.
Бұл кітаптар не туралы деп
ойлайсыңдар?
Балалар кітаптардың
мұқабасында салынған суреттерге қарап, кітаптарға атау
береді.
Мысалы: «Жер шарын аралаған
робот», «Ит сүйекті жақсы көреді», «Түлкі мен түйе», «Киттің
ойыны».
–
Өзің қай кітапты таңдар
едің?
Кітаптың атауларын қайталай
отырып, Т
дыбысы естілетін сөздерді
ажыратады. Т
дыбысы естілетін сөздерді
буынға бөледі.
Т – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк
түсті
дөңгелекпен
белгілейміз.
(Ұ) Сергіту
сəті
Торғай, торғай,
торғайсың,
Таяу келіп
қонғайсың.
Жем шашайын тойып
ал,
Сонда аязға
тоңбайсың.
3-тапсырма.Т əрпімен
танысайық. Дəптердегі жұмбақ-өлеңді оқиды. Шешуі: т əрпі екенін
айтады. Балалар суретке қарап, өздеріне таныс заттарды атайды.
Балалар жұмбақ мазмұнына қарай т əрпінің неге ұқсайтынын айтып,
баспа түрімен танысады. Т əрпіне ұқсайтын заттарды
атайды.
4-тапсырма. Педагог
ермексаздан Т əрпінің жəне О əрпінің бейнесін жасауды
көрсетеді.
Ермексаздан Т жəне О əрпінің
бейнесін жаса. Əртүрлі түсті ермексаздан жасалған Т жəне О
бейнелерінің суреттері.
Сан атаудағы Т əрпінің орнын
тап.
5-тапсырма. Берілген сандарды
атайды. «Т»
əрпінен басталатын сөздерді
тауып, буынға
бөледі.
Т əрпінің баспа түрін бастырып
жазады.
|