400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т. Молдағалиев «Ұшқыш болам» (өлеңі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кішілер тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін педагогтардың пайдасына жарап қалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі: ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: Т. Молдағалиев «Ұшқыш болам» (өлең)

Мақсаты: балаларды Т. Молдағалиевтың өлеңімен таныстыру

Міндеттері:

Білімділік: балалардың ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін қалыптастырып, ғарышкер мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: сөздік қорларын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. ;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелеу .

Сөздік жұмыс: ғарыш, ғарышкер

Үштілдік компоненет: ғарышкер – космонавт - cosmonaut

Қажетті құрал – жабдықтар: суреттер

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, Е. Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Шаттық шеңбер:

Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Қонаққа қуыршақ Аяулым келеді. Ол ғарышкер болғысы келеді екен. Бірақ достары ол қыздардың мамандығы емес депті. Осы мамандық туралы білгісі келеді екен.

Жарты шеңберде тұрады



Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.




Таңқалып, қонақты қарсы алады. Амандасады. Көмек көрсетуге ниет білдіреді.




Ұйымдастыру– іздестіру

Суреттерді көрсетеді.

Әңгімелеу.

  • Бізді үлкен әлем қоршап тұр. Біз Жер ғаламшарларында тұрамыз. Біздің Жер сияқты әлемде көп ғаламшарлар бар. Әлем – үлкен жарылыс кезінде пайда болған дейді. Бастапқыда қатты ыстық болған, содан суыған. Жер ғаламшары айналып тұрады. Осы аспан әлемін зерттеп, білу үшін онда ғарышкерлер ұшып барады. Ол өте қиындығы мол мамандық. Бірақ та, қызыққа да толы.

Сөздік жұмысы:

Ғарышқа жіберілетін адамдарды «ғарышкер» деп айтады. Орыстар ғарышкерді «космонавт», ал ағылшындар «астронавт» дейді.



  • Ғарышта бәрі қалқып жүреді. Бұл құбылысты «салмақсыздық» деп айтады екен. Ол туралы өсе келе білетін боласыңдар. Ұшу және қону ғарышқа барудың ең қауіпті сәттері болып табылады.

  • Бұл мамандық та қандай ауыр болса да әйел адамдардың ер адамдардың мамандығы деп бөлінбейді. 1963 жылы 16 маусымда ғарышқа орыстың Валентина Терешкова деген қызы ұшқан екен.

Сергіту сәті:

«Мы летим в ракете,

Посмотреть на луну.

Мы здоровые дети,

В нашем детском саду.

Всё – закончился полет,

«Отдыхает» звездолет»

  • Бүгін біз сендермен Тұманбай Молдағалиев деген ақын ағаларыңның «Ұшқыш болам» өлеңімен танысатын боламыз.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.

Көкке ұшамын –

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем.

Ер ғарышкер ағаның.

Батыр болам –

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып – келіп жүремін.

Сұрақ – жауап арқылы балалармен әңгімелесу.

  • Өлеңде не туралы айтылған?


  • Бала біздің Аяулым сияқты кім болуды армандайды екен?

  • Бұл өлеңді кім жазды дедім?

Жұмбақ жасырады:

Аспанда ілулі тұрған бір тәрелке ,

Жылытады барлық –барлық жерлерді,

Жол көрсетіп шығады екен інісі де түндерде...

Бұл нелер?

Суреттерді тамашалап отырып, мұқият тыңдайды.

Қызыққан , ұқпай қалған жерлерінде сұрақтар қойып, айқындап отырады.









Жаңа сөздерді қайталайды, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламаларын есте сақтауға тырысады.


Мұқият, қызығушылықпен тыңдайды.












Сергіту сәтін қимылдарын келтіре отырып бірге орындайды.







Мұқият тыңдайды.








Сұрақтарға жауап береді.

  • Ғарышкер аға туралы.

  • Ғарышкер болғысы келеді.

  • Тұманбай аға жазған.

  • Бұл Ай мен Күн ғой.



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Суреттерді көрсете отырып, сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетті қорытындылайды.

  • Мына суреттерде кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Олар қайда ұшады?



  • Ғарышқа ағалар ғана ұшады ма?


  • Ендеше, Аяулым қуыршаққа рахмет айтайық, біз оның арқасында көп нәрсені бюіліп алдық. Рахмет саған Аяулым.

Балаларды мақтап – мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.

  • Ғарышкерлер.


  • Олар ғарышқа ұшады.


  • Жоқ. Апайлар да ұшуы мүмкін.

Қуыршаққа ризашылықтарын білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ғарыш, ғарышкерлік мамандық туралы білу;

Болу керек: ғаламшар, жұлдыздар туралы ұғым ;

Істей білу керек: өлең мазмұнын есте сақтай алуды .

Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова - Шагирова

Тексерілді: _______________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі