400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

табақты әшекелейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:

Тәрбиеші : Бейсенова Р.М

Топ: «Балдәурен» ортаңғы

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОҚ: Аппликация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Табақты әшекелейміз»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:Элементтер реттілігін,олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды,пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру дағдыларын қалыптастыру Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

Білімділігі: Балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру;ұлттық өнерімен таныстыру;табақты

өрнектермен әшекелеуді үйрету.

Дамытушылығы: Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыпты желімдеуге жаттықтыру;әшекейлеу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелігі: Қауіпсіздік ережелерін сақтау қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру

Билингвалды компонент: табақ-блюдо,өрнек-орнамент.

Көрнекі құралдар: ою-өрнек.желім,қағаздар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Есеп +

Есеп-

Ой қозғайтың себептер

















Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім




Балалар,мен сендерге ертегі айтып берейін.

«Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде,Мыстан кемпір болыпты.Ол әдемілікті көрмейтін сезінбейтін,дүниеде тек жамандық жасайтын жан екен.Зұлымдық жасаудан қолы босамайды.сол Мыстан кемпір бірде ыдыстардан әдемі ою-өрнектерді үрлеп,өшіріп тастайды».

Балалар,қараңдаршы,ою-өрнектер үстелде жатыр.Ыдыстарға осы ою-өрнектерді желімдеп өрнектейік желімдеп өрнектейік.

Бірақ,алдымен жан-жағымызға қарап,сұлулықты іздейік.Терезенің ар жағында аспанда ақ бұлттар қандай әдемі!Сұлулықты қайдан көріп тұрсыңдар?Терезенің ар жағынан ба?Топтан ба?Достарыңнан ба?

Сендердің қолдарың да әдемілікті жасай алады.Сендер қазір ыдыстарды ою-өрнектермен әшекелейсіңдер.Ұқыпты желімдеңдер,желімнің ізі қалмауы керек.

Саусақ жаттығу:

«Қонаққа барамыз».

Басбармақтың үйіне,Келді бүгін қонақтар.

Бес саусағың-бақытың,Сонда,барам,бар құтың.

Бес саусағың біріксе,Текке кетпес уақытың.

Барлық саусақ- тату дос,Бір-біріңе көмектес.

-Әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі(қазақтың әдемі әуені шырқалады).

Сөздік жұмыс:өрнек.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Ыдыстың ортасынан бастап өрнектейміз.Ең үлкен элементтерді таңдап,қошқармүйіз бен құстұмсық оюларын желімдейміз.

-Қағаздың түрлі түсті жағын астына қаратып,желімді жағамыз.Өрнекті негізгі бетке әдемілеп жабыстырып,сулықпен басамыз,артық желімді сүртіп тастаймыз.

1 топ. Табаққа дайын қошқармүйізді оюды жабыстыру.

2 топ. Ұсақталып қиылған Құстұмсық ою өрнекті рет ретімен жабыстыру.

3 топ. Қошқармүйіз өрнегін қайшымен қиып табақты әшекейлеу.

Енді ыдыстардың шетін өрнектейміз.Гүл кестесі оюының ұшын ыдыстың шетіне қаратып желімдейміз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: табақ-блюдо,өрнек-орнамент.

Ертегіні тыңдайды.










Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.



Тәрбиешіні тыңдайды,сұрағына жауап береді.















Балалар саусақ жаттығуларын жасайды.






Қайталайды:өрнек.


Жұмыстың орындалу ретімен танысады,жұмысқа кіріседі.


Қайталайды: табақ-блюдо,өрнек-орнамент.





Рефлексиялық түзету

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Достарының жұмысын талдайды.Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.




Күтілетін нәтижесі

Қайталай алады: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл кестесі» оюларын қиып,ыдысты әшекелейді.

Түсінеді:. «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл кестесі» оюларының мәнін.

Қолданады : қағаздан ою қияды,симметриялы етіп орналастырады







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі