15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәбие сағат Абай әлеміне саяхат
Тәрбие
сағатының
тақырыбы:
"Абай әлеміне саяхат"
Тәрбие
сағатының
мақсаты:
-Ұлы ақынның
өнегелі өмірімен
таныстыру, шығармаларына шолу жасау,
өлеңдерін, әндерін
мәнерлеп
айтқызу.
-Абай шығармашылығын
сүйіп
оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете
отырып, білім-ғылымға құмарлығын
арттыру.
-Жас ұрпақты Абай
шығармашылығын
танып өсуге тәрбиелеу,
адамгершілікке, табиғат әсемдігін
түсінуге
тәрбиелеу
Әдіс-
тәсілдері:
Сұрақ- жауап,
баяндау, түсіндіру, өлең
оқу, ән айту,
көрініс
көрсету
Көрнекілігі: Абай
портреті, кітаптар,
шығармалары,
тірек сызбалар, қанатты
сөздер,
фотослайдтар, буклеттер.
Техникалық жабдықталуы:
ноутбук, проектор
Пәнаралық
байланыс: қазақ
тілі және әдебиеті,
ағылшын тілі,
орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән
Күтілетін
нәтиже:
Рухани адамгершілік тәрбие беру
арқылы
мейірімділікке, инабаттылыққа
баулу.
Тәрбие
сағатының
жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Ой шақыру
3. "Абай дара, Абай дана қазақта"
4. "Сәулең
болса
кеудеңде, мына сөзге
көңіл
бөл"
5. "Өлең
сөздің
патшасы сөз
сарасы"
6. «Көңіл құсы құйқылжыр
шартарапқа»
7."Жырақ жатып жүрегі бірге
соққан"
8. "Тура биде туған
жоқ"
9."Болмасаңда ұқсап
бақ"
Оқушылар
шығармашылығы
10.Қорытынды
Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір
менің қолымда жыл
мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді
таңдау
арқылы 3
топқа
бөлінейік
Мұғалімнің
кіріспе сөзі:
Балалар, бүгінгі
тәрбие
сағатымыз
ерекше , өйткені
ауданымыздың мектептерінен мұғалімдер
келіп отыр
-Балалар, осы ағымдағы 2020жылы
тарихи атаулы күндерге толы
екен. Олар қандай атаулы күндер?
-, Қазақстан
халықтары
ассемблеясының 25 жылдығы, қазақтың
ұлы
ақыны
Абайдың 175 жылдық
мерейтойы.
Иә,
халық тарихи дамудың
қаншама
биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай
сөзі әрдайым
оның аузындағы жыры ,
көкірегіндегі
иманы, санасындағы ұжданы
болып қала береді.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие
сағатымызда ұлы
ақын атамыз
– Абай Құнанбайұлы туралы
сөз қозғамақпыз.
1-жүргізуші: Абай бір
өлеңінде:
"Білімдіден шыққан
сөз,
Талаптыға болсын кез" – деген екен.
Біз өзімізді талаптылар тобына
жатқызуға
шешім қабылдап алып, Абай
әлеміне
сапар шегіп қайтқалы
отырмыз...
2-жүргізуші:Саяхат
болғанда да
Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай
өлеңдеріне
саяхат…
Мұғалім:бүгінгі
тәрбие
сағатымыздың
тақырыбы
"Абай әлеміне саяхат" деп аталады
II. Ой шақыру (әр
топ өздері таңдаған сурет
тақырыбына қатысты
4 жол тақпақ
айтады)
Балалар, Абайдың
жыл мезгілдеріне байланысты
жазылған өлеңдерін
бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап
келесіңдер, қолдарыңда жыл
мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол
арқылы
топқа
бөліндік,
енді әр топ өз
суреттеріне қатысты Абайдың
өлең
шумақтарын айтып
жіберсін
Қыс- 1-топ
Күз-2-топ
Жазғытұры-3-топ
1-жүргізуші:
Жүрегін
шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып
ескерткішті,
Мұра ғып,
кейінгіге қалдырған
кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын
тас қияға өрлеткен
кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің
бесігінде тербеткен
кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы,
соқпақсыз
жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің
лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі
тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен
жалғыз
алысқан кім?
Жауына найза
сөзін
шанышқан кім?
Өзендей
құйған
барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен
табысқан кім?
Мұғалім:
тәрбие
сағатымыздың
барысында
бұл
сұрақтарыңа жауап
аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге
Абай дара, Абай дана деп аталады?
(Әр топтан 1
оқушы өз пікірін
айтады)
IV. "Сәулең
болса
кеудеңде, мына сөзге
көңіл
бөл"
2-жүргізуші:
Абай әуелден-ақ
әкенің

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген