Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Табиғат біздің досымыз»

Мақсаты: Тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін жалпылау.

Міндеттері:

- балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын дамытуды жалғастыру;

- балаларға өсімдіктердің тірі және белгілі бір күтімді қажет ететін организмдер екендігі туралы түсінік беру

- сөйлеу, зейін, есте сақтау, елестету, жұппен, топпен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, ақпаратты талдау, зерттеу қабілеттерін дамыту;


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Қызығушылықты ояту.

«Саяхатшы Дара» мультфилімінің музыкасы естіледі

-Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты ма? Сендер бізге қонаққа келе жатқан кім деп ойлайсыңдар? (теледидардан Дара шығады)

-Сәлем, балалар менің атым Дара! Балалар, мен сендерге қонаққа келдім.

Дараның телефоны шырылдайды:

-Алло, Дара, мен Ботимын. Мен қиын жағдайға тап болдым. Сенің маған көмегің керек болып тұр. Маған көмектесесің бе?

-Әрине көмектесемін. Қазір жетемін. Балалар, Боти қиын жағдайға тап болыпты. Менімен бірге оған көмектесесіңдер ме? Қай жолмен жүретінімізді білмегенде кімнен көмек сұрайтын едік?

-Мен картамын, мен картамын! (теледидардан карта суреті)

1-ші: құрамалы көпірден өтесің, ол үшін судың қасиетін білу керексіңдер.

2-ші : қалың орманна өтесің, ол үшін өсімдіктердің қасиетін білу керексіңдер.

3-ші содан кейін күн сәулесімен достасасыңдар, ол үшін күн туралы білу керексіңдер


Жол жүру үшін бірінші мына тапсырманы орындау керексіздер

Қызығушылықты ояту.

Дид ойын: «Табиғат әлемі»

Шарты: Әрбір кестеде суретті жасауға қажеттінің бәрі бар: ватман қағазы, қоңыр және көк жолақтар, күн, ағаш, гүлдер және адам. Мұның бәрін ватман қағазына әдемі етіп жапсыру керек осыдан «Табиғат» суреті шығады.

Ой қозғау.

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатқа нелер жатады?

Өлі табиғатқа нелер жатады?

Табиғатты қорғау деген не?

Біз табиғатқа қалай көмектесе аламыз?

- Ауа таза болу үшін не істеу керек? Ағаш, гүл егу

- Су мөлдір болу үшін не істеу керек? Ластамау

- Ағаштарға қалай көмектесе аламыз?

Су құю, қопсыту

- Судағы жәндіктерге қалай көмектесеміз?

- Құстарға қалай көмектесеміз?

Карта : Жарайсыңдар! Жолдарың болсын балақайлар!


-Балалар,алдымен қайда барамыз?

1-ші жол: Құрамалы көпір. Тапсырма - Судың қасиетін білу

Құрамалы көпірді су басып кеткен.

Бұл суды тоқтату үшін біз ғалымға айналуымыз керек және 2 топқа бөлінеміз.

Су - эксперимент


1-Топ: №1- «Судың қасиеттері»

Мақсаты: Судың қасиеттерімен таныстыру

(пішіні бар, иісі, дәмі, түсі жоқ).

Қолданылатын материалдар: Әртүрлі

пішіндегі бірнеше ыдыстар, су.

Процессі: Әртүрлі пішіндегі мөлдір ыдыстарға су құйып, балаларға су ыдыстың пішінін қабылдай алатынын көрсету.

Қорытынды: Судың пішіні жоқ және ол құйылып тұрған ыдыстың пішінін қабылдай алады.


2-ші топ: № - 2.Судың түсі.

Мақсаты: Судың түсі бар-жоғын анықтау.

Қолданылатын материалдар:

Бірнеше стақан су, түрлі түсті бояулар.

Процессі: Балалардан түрлі түсті бояуларды стақан суға салып, оларды араластыруын сұрау.

Су қандай түске өзгергенін сұрау

Қорытынды: Су түссіз, бірақ оған қосылған заттың түсіне өзгере алады.

Су тоқтады.

-Балалар, енді қайда барамыз? Карта бізге қайда барасыңдар деді?


2-ші жол: Қалың орманна өту, ол үшін өсімдіктердің қасиетін білу.

Дид ойын: «Кім тапқыр?»

«Қол да, аяқ та жоқ, бірақ ол қозғалады.

Мұрын жоқ, бірақ дем алады.

Аузы жоқ, бірақ ішеді, жейді» Бұл не?

- Дұрыс, бұл өсімдік!

Ал бүгін біз өсімдіктер туралы бұрын зерттеген нәрселердің барлығын қайталаймыз және «Өсімдіктер неге біздің достарымыз және көмекшілеріміз деп аталады?»

деген сұраққа жауап табуға тырысамыз.

Балалар! Өсімдіктер неліктен сіз бен біз сияқты тірі жандар екенін еске түсірейікші?

«Сөйлемді аяқта» дидактикалық ойынын ойнайық?

Өсімдіктер тірі, өйткені олар….(тыныс алады).

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің тыныс алуы» сызбасын бекіту;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(қоректенеді) Немен су, жарық, ауамен

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің қоректенуі» сызбасын жапсыру;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(қозғалады) (өседі)

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің қозғалысы» сызбасын жапсыру;

Өсімдіктер тірі, өйткені олар...(көбейеді)

Магниттік тақтаға «Өсімдіктердің көбеюі» сызбасын жапсырады;

Өсімдіктер біздің досымыз және көмекшіміз екенін сіздермен растауымыз керек.

Ал достармен дұрыс араласып, қажет кезде көмектесу үшін олар туралы бәрін білу керекпіз

Дара. Ой балалар менің Боти досыма тезірек бару үшін бұл жұмыстарды тезірек жасау керекпіз. Мен гүлдер туралы өте аз біледі екенмін. Маған да бұл жұмыстар өте қызық болып тұр.

Біз енді зерттеуші боламыз.

Қане балалар мен стол үстіне гүлдер мен ағаш бұтақтары бар суреттер тастаймын. Кім гүлді алса гүл тұрған столға барады, кім ағаш бұтағын алса ағаш тұрған столға барады.


Гүлдер тобы. Тәжірибе : «Сумен және сусыз»


Міндеті: өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті сыртқы орта факторларын (су, жарық, жылу) бөліп көрсету.

Құрал-жабдықтар: екі бірдей өсімдік су,

Тәжірибе барысы: Өсімдіктердің неліктен сусыз өмір сүре алмайтынын анықтау (өсімдік қурап қалады, жапырақтары қурайды, жапырақта су бар); бір өсімдік суарылып, екіншісі суарылмаса не болады (суармаса өсімдік кеуіп, сарғайып, жапырақтары мен сабағы икемділігін жоғалтады т.б.)?

Біз бір апта ішінде суаруға байланысты өсімдіктердің күйін бақылау нәтижелерін шығару.

Қорытындылаймыз

Иә, өсімдіктер сусыз өмір сүре алмайды.


Ағаштар тобы: Тәжірибе «Бату - батпау» тәжірибесі

Ағаш суға батады ма, жоқ па? тәжірибе жасап көрейік

Бір қолымызға ағаш, екінші қолымызға тас алайық.

Олардың салмағы қандай? Ағашты суға салайық.

- Не көріп тұрмыз?

Батып кетті ме?

Ал енді тасты суға салайық.

Ағаш туралы не айта аламыз?

Балалар: ағаш жеңіл, суда жүзеді.

Иә, балалар, ағаш суға батпайды, сондықтан адам осы қасиетті пайдаланады.

- адамдар ағаштан қайық, кеме жасайды.


Қортынды.

Дид ойын: «Өсімдікке не керек?»

-Мен өсімдікке күнді беремін. Ол жарқырайды, бізді жылытады және жапырақтары жасылға айналады.

-Мен ағашқа құс беремін. Ол ағашты құрттардан тазалайды, ән салады.

-Мен өсімдікке бір тамшы су беремін. Ол ішіп, жапырақтары жайқалып үлкен болып өседі.

-Мен өсімдікке жер – топырақ беремін, жақсы өссін, ол тамақтансын деп.


3-ші жол: Күн сәулесімен достасу, ол үшін күн туралы білу.


Дид ойын: «Күннің достары»

Шарты: балалар күнге байланысты заттарды атайды

Күннің достары - бәрі дөңгелек. (дөңгелек, доп, доп, табақ, т.б.).

Күннің достары, бәрі сары болады.

(тауық, одуванчика, қарындаш, лимон, көйлек және т.б.).

Күннің достары, жылытатынның бәрі, бірақ бізді не жылытады?

(батарея, пеш, пеш, тон, шұлы т.б)

Күннің достары, жарқырағанның бәрі(шам, фонарь, ай, шам, шамдар, т.б.)., бірақ біз үшін не жарқырайды?

-Күн ​​шықса, жақсы ма, жаман ба?

-Егер күн болмаса, не болады? (суық, қараңғы)

- Көзіңді жұм, не көріп тұрсың? (Ештеңе).

Күннің көзі тоқтаса, осылай болады.

-Жазда күн өте жылы, шөп.гүлдер жайқалып өседі.

-Күннің түсі қандай? (сары)

-Ол қандай пішін? (дөңгелек)

Күн табиғаттың қайсы бөлігіне жатады?(өлі табиғат)


Тәжірибе № 1.

Балалардың күн сәулесі туралы түсініктерін нақтылау. Күн шуағы.

Айнамен балаларға күн сәулесінің қабырға мен алақан бойымен қалай «жүгіретінін» көрсету.


Тәжірибе №2. Көлеңке.

Күн сәулесі ашық. Асфальт жолында арқаңызды күнге қаратып тұрсаңыз, асфальтта көлеңке пайда болады. Күннің сәулесі сіздің денеңізден өте алмайды. Көлеңке пайда болады.


Тәжірибе №3. Күн

Біздің қолымыз күнді сезіне ала ма?

Педагогтың артындағы балалар күннің жылуын сезіну үшін қолдарын күнге созады, алақандарын жоғары көтереді.

Тәжірибе қортындысы:

Күн алақанымызға не жібереді? Жылу.


Қортынды:

Бүгін біз күн туралы не білдік. Бұл не? (балалардың жауаптары)

-Ол не істейді? (жылытады, жарқырайды, шуағын шашады.)

Мен әрқайсыңа кішкене күн бергім келеді, ол сендерді жылытады және сен өзіңнің мейірімділігіңмен басқа адамдарды жылытуды ұмытпау керексіңдер.


Музыка дыбысы.

Алақай, алақай достар сендерге рақмеет, балалар сендердің көмектеріңмен мен Ботиға жеттім.

Боти менің достарым көптеген тапсырмаларды орындап , мені осында алып келді.

Біз білмейтін табиғаттың көп сырларымен таныстым. Сау болыңдар балақайлар. Біз тағыда жолығамыз.


Қортынды.

Сұраұ – жауап.

Балалар біз жолда қандай тапсырмалар орындадық?

Ағаш пен гүл табиғаттың қайсы бөлігіне жатады екен?

Ал, күн мен су ше?

Бұлар бір-біріне қалай байланысты.

Күн мен су болмаса өсімдіктер өспейді.

Табиғат сонымен нешеге бөлінеді?

Өлі табиғат және тірі табиғат

Жарайсыңдар балалар. Рақмет сендерге.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12