400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат - біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абдикадирова Маржан Сыдыққызы

Шымкент қаласындағы

№31 «Салтанат» балабақшасының

тәрбиешісі

Тақырыбы: «Табиғат – біздің досымыз!»


Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Экология»

Мақсаты: Балалардың табиғат туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғатты сүюге баулу, табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлей білуге, қамқор бола білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тақпақтар, мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорларын байыту. Өз ойларын толық жеткізе білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: табиғаттың мазмұнды суреттері, дала гүлдерінің суреті, көбелек, дидактикалық ойын.

Шаттық шеңбері: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар, Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы. Сондықтан алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал кәнекей бәріміз,

Сәлем дейін үлкенге.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Табиғат – біздің досымыз».

  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  • Қазір қандай мезгіл?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Көктем мезгілінің табиғат ерекшеліктерін байқадыңдар ма?

  • Ия, дұрыс айтасыңдар. Көктемде күн жылынып бүкіл тіршілік көзі оянып, табиғат құлпыра түседі.

Суретпен жұмыс.

Тәрбиеші: - Ал, балалар енді табиғат туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1: Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Гүл егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.


2: Табиғат біздің анамыз,

Жер – Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат,

Бізде аман боламыз.


3: Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп су құйып,

Табиғатты қорғайық.

4: Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.


5: Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық.


6: Табиғатым тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік-биік тауларыңа қарасам,

Алашаң басып, түзеледі жүрісім.


Дидактикалық ойын: «Көбелектің гүлі».

Мақсаты: Гүлдердің түсіне қарай көбелектерді орналастыру. Гүлдердің атын атау, сипаттайды.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Балаларға жұмбақ жасыру.

  • Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)

  • Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

  • Өмірде одан мол ештеңе болмайды,

Құшақтасаң құшағың тең болмайды. (Ауа)

  • Аузы жоқ үреді,

Аяғы жоқ жүреді. (Жел)





Табиғат туралы мақал – мәтелдер.


1: Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

2: Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

3: Сулы жер – нулы жер.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар серуенге шыққанда табиғатты аялап, ағаштарды сындырмай, оларды күтіп, қорғап жүрейік.

Қорытынды:

- Балалар бүгінгі оқу іс қызметімізде не туралы айттық? (Табиғат туралы).

- Табиғат дегеніміз не?

- Табиғатқа қандай қамқорлық көрсетуіміз керек? (Ағаштарға, гүлдерге су құйып, түбін қопсытып тұру керек, айналаны таз ұстау керек, ағаштарды сындырмау керек)

- Табиғат бізге не береді?

Ауа, су, күн жылуын таза ауа сыйлайды.

Тәрбиеші: Балалар мінекей табиғаттың бізге берер сыйы өте көп. Сондықтан табиғатқа алғысымызды айтайық.

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!

Аспан таза ауаң үшін рахмет!

Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Табиғат бәрі, бәрі үшін рахмет!

Табиғатты аялап, бағалап жүрейік.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
2027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі