Мақсаты: Оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:- Оқушыларға табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы зерделей келе мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.- Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету арқылы, қамқорлық қасиетін қалыптастырамыз. - Оқушылардың бойына мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық туралы тәрбие бере отырып, табиғаттың көркеюіне үлес қосамыз. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі:Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық. Татулық.Жағымды көңіл күйге келу.Тыныс алуға зейін қою.(баяу музыка үнімен)Мұғалім: Сіздерден аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз тыныщталады. Тыныс алған кезде тыныштық пен ризашылық қабылдаймыз. Тынысты щығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалацық, балалар. Арқамызды тік ұстаймыз, қолдарыңызды тізелеріңіздің үстіне қоюға болады.Тыныс аламыз..... тыныс шығарамыз.(9-10 рет жасау)Үй тапсырмасын сұрау.Адамдар табиғатқа неліктен залал келтірелі?Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?Мәтінде қандай қасиет, қандай құндылық жетпей тұрғанын байқаңдар? Дәйек сөз.«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғатта оған тәуелді» А.Франс- Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?Әңгімелеу: Жер - Анаǃ Бауыржан Момышұлы Ертедегі ата – бабаларымыз табиғатты өзінің асыраушысы, өмірінің мәні мен сәні ретінде қасиеттеп кие тұтқан. Олар Табиғат – Ананың тылсым тынысын тыңдап, үнін естіп, қат- қабат құпия сырларын, ұғуға құлшыныпты. Әлемдегі ең ұлы кітап – Жаратылыстың өзінен оқып, тғылым алып, тәжірибе жинапты. Еш нәрсенің себепсіз жаратылмағанын, белгілі бір мақсат-міндетті атқару үшінкелгенін түсінген. Көргенін, түйгенін жүрек көзінен өткізіп, ақыл-тезіне салып, ой қорытқан, байламдар мен болжамдар жасаған. Сол күнделікті түйсінген ұғым-түсініктері негізінде әлем тіршілігі жайлы, болмыс туралы дүниетанымы қалыптасқан.Салт-дәстүрі, әдет –ғұрпы, ырым-тыйымдары, үрдістері пайда болған. Түп бабаларымыздың біздің артықщылығы – олардың табиғаттан бөлінбегендігінде. Адам мен Жаратылыс арсындағы көзге көрінетін-көрінбейтін тығыз байланысты бұзбаған. Табиғатқа зорлық жасап, «бермесін тартып алам» деп қатыгездік көрсетпеген. Табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын сақтауды бізден артық білгеніне күмән жоқ деп айта аламын.-мәтіннен қандай ой түйдіңдер?-өздеріңнің табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болдыма?Шығармашылық, топтық тапсырма:1-топ: Суретке қарап табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба дайындаңдар.2топ: Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Ол денсаулық, щабыт және шығармашылықтың қайнар көзі.Осы нақыл сөзден өзің табиғаттағы адам үшін тіршілік көзі не деп санайсыңдар және оның мәнін қалай түсіндірер едіңдер?3-топ: «Жақсылық менен басталады» өзіңнің ауылыңның экологиялық ахуалын түзету үшін не істер едіңдер?
2-тапсырма: «Табиғат керемет» себебі мен шабыттанамынǃ1-топ: Табиғат туралы эссе2-топ: сахналық қойылым3-топ: Табиғаттың кереметтілігін сурет арқылы бейнелеңдер.Топпен ән айту. АтамекенЖасыл жайлау түкті кілем, көк кілемКөк кілемде көп ойнаймын, көп күлемМаңдайымнан сипап өткен самалдыҚазағымның алақаны деп білем Қайырмасы:Қайда жүрсем атамекенКөкейіңде жатады екенКүннің өзі қимай оныҰясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілемКөк кілемде көпойнаймын, көп күлемінКүннің нұрын айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем Қайырмасы.Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілемКөк кілемде көпойнаймын, көп күлемінАсқар тауын аспаныммен астасқан Қазағымның мәртебесі деп білем.
Үйге тапсырма: Қ.Мырза-Әлі 93 беттегі өлеңін оқу.Сабақтың қорытынды сәті: Сабаққа белсенділік танытқандарың үшін алғысым шексізǃ | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) |