Тақырыбы: Табиғат – тіршілік
көзі.
Білім беру саласы: Таным,
қатынас.
Іс-әрекет түрі: Қоршаған
ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қарапайым математкиалық ұғыммен
танысу.
Мақсаты: Табиғат пен адамдар
арасындағы байланысты түсіндіру. Өлі және тірі табиғат туралы
білімдерін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін дамыту; 1-ден 10-ға
дейінгі сандарды тура және кері санауға, логикалық ойлау қабілетін
дамыту, табиғатты аялауға, қорғауға, күтім жасауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: глобус, табиғат
туралы суреттер.
Шаттық
шеңбері:
Армысың, көгілдір Аспан
Ата,
Армысың, мейірімді Жер
Ана.
Армысың шұғылалы алтын
күн!
Армысыздар, құрметті
қонақтар!
Здравствуй, небо
голубое,
Здравствуй, добрая
земля.
Здравствуй, солнце
золоте,
Здравствуйте, дорогие
гости.
Good Morning, Good
Morning,
Good Morning, to
you
Good Morning, Good
Morning,
We are glad to see
you.
-
Балалар, бір жылда неше мезгіл
бар?
-
Қазір қандай
мезгіл?
-
Көктем мезгілінде неше ай
бар?
-
Көктем табиғатының
ерекшеліктерін байқадыңдар ма?
-
Ия, дұрыс айтасыңдар. Көктемде
күн жылынып, бүкіл тіршілік көзі оянып, табиғат құлпыра
түседі.
-
Балалар, көктем мезгілі,
табиғатымыз туралы тақпақтар білесіңдер
ме?
Келді көктем
далаға,
Келді сұлу
шағала.
Аспандағы ақ
құстар,
Айдын көлді
аралар.
Көктем келді
шуақты,
Балаларды
қуантып.
Алақай-ау,
алақай,
Көктем қандай
көңілді.
Көктем келді, қандай ғажап,
тамаша,
Жандар едік ойнап өскен
балаша.
Қырдағы шалғын әсем гүлге
оранып,
Құлпырады, құлпырады-ау
жаңаша.
Көктем келді, О, табиғат Жер
Ана,
Көзіңді сал айналаңа, маған
да
Қыс түссін, мейлі күз түссе де
бұл көктем
Сайрап тұрар бұлбұлша менің
санамда.
О, табиғат сен тіршілік тұнып
тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп
қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен
баусың,
Адамға сұлулықтан шын
ұқтырған.
Табиғаттты аялайық
адамдар,
Табиғаттың жолына қадам
бар.
Бізбен бірге күлімдеп атар
таңға,
Табиғаттың көмегіне
жараңдар.
Балалар, табиғатты
аялаған,
Малын бағып, бауырын
саялаған.
Табиғатты ана деп ардақ
тұтып,
Қамқорлығын ешқашан
аямаған.
Бір жерінде
ыстық
Бір жерінде
суық.
Бір жерінде
түн,
Бір жерінде күн. (Жер
шары)
-
Ия, дұрыс айтасыңдар. Міне
мынау жер шары.
-
Пішіні қандай?
(Дөңгелек)
-
Балалар, жер шары дөңгелек.
Осы жер бетінде адамдар, құстар, аңдар, жәндіктер, ағаштар, гүлдер,
таулар,бәрі-бәрі мекен етеді.
-
Мұның барлығын бір сөзбен
айтқанда Табиғат дейміз.
-
Табиғат дегеніміз
не?
-
Табиғат бізді қоршаған
орта.
-
Балалар, сендерге өзені мен
көлі жоқ, аңы мен құсы жоқ, ағаштары мен шөбі жоқ тып-тыныш орман
ұнайды ма?
-
Мына суреттерге назар
аударайықшы.
-
Біздің еліміздің табиғаты
қандай әсем.
-
Таудан ағып жатқан мөлдір
тұнық су, аққулар көлде жүзіп жүр. Қандай керемет
табиғат.
-
Балалар, осындай табиғаттың
аясында, гүлдердің арасында таза ауада серуендегілерің келе
ме?
Тыныштық
сәті.
Әуен «Көңілді
күй».
Сергіту
сәті:
Балалар, Жер Ананың
тапсырмаларын орындайық.
-
Табиғат деген
не?
-
Табиғат нешеге
бөлінеді?
Д.ойын: Өлі және тірі
табиғатты ажыратып беру.
Сурет бойынша логикалық
есептер.
Пісіп тұрған төрт
алмұрт,
Қызығатын көрген
жұрт.
Екі алмұртты
бұтақтан,
Алып жеді
Мұратжан.
Қанша қалды алмұрттан?
(екеу)
Сөзжұмбақ: Мұнда неше суреттер
бар? Сол суреттерді атап, бастапқы әріптерін алсақ, қанадй сөз
шығады?
Тау, адам, бұлт, ит, ғарыш,
ара, тауық. (табиғат)
Дауысты дыбыс және дауыссыз
екенін ажырата білу.
Ойын: табиғатты
аялайық.
Мақсаты: Әр бала табиғат
түрлерін плкатқа жапсырып, абиғат көрінісін алып, табиғатты
қорғауға жақсы сөздер айту.
Қортынды.