15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Табиғат- анамыз»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта
мектеп- гимназиясы
Тәрбие сағаты: «Табиғат- анамыз»
Сыныбы: 5 «Б» сынып
Сынып жетекшісі: Наушабаева А.К.
Балпық би ауылы
Тақырыбы: «Табиғат- анамыз»
Мақсаты: Табиғаттың алуан сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту.
Туған жер, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Видеопроектордан табиғат суреттері, табиғат туралы нақыл сөздер.
Кіріспе сөз.
Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат — бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиырыжоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.
Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Балалар табиғат деген не? деген сұраққа жауап іздеу негізінде әр құбылыстың атқаратын қызметіне тоқталып, бірі ай болып, бірі күн болып рөлдерін ойнап шығады.
Жер – «Ана» деп атайтын себебіміз, жерде біз өмiр суремiз. Яғни жерді аяқтарыңызбен басып жүресіздер, жалпы айтқанда екiншi үйлеріңіз. Барлық адамзатқа қажеттілiктер жерде өсіп-өнеді. Адам ауамен дем алмаса өмір сүре алмайды, ал сол оттекті бөлетін жерде тамырларын жая өскен талдың жапырағы бөледі. Сол үшінде **Жер-Ана** деп адамзат құрметтеген, құрметтейдi мені.
Күн Жерде болатын құбылыстарға үлкен ықпалын тигізеді. Ол Жер бетінің негізгі жылу көзі болып табылады. Мен Жер бетін жарықтандырып және жылытамын,
Жануарлар — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі топтың бірі, жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін организмдер болып табыламыз.
«Табиғатты
аялайық» ойыны
Әр
бала тірі табиғат түрлерін плакатқа
жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей
отырып, тиым сөздер айту.
Гүлді
жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты
кесуге болмайды, ол бізге таза ауа
береді.
Суды
ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
Күнімізді
бұл баспасын.
Көбелекті
өлтірмеңдер, ол — әдемілік белгісі.
Құсты
атуға болмайды, құс — адамның досы.
Жасыл
шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге
көрік береді.
Аңдарды
қорғауымыз керек, олар біздің
байлығымыз.
Асқар
тауларымыз биік болсын.
Аққуды
атуға болмайды, ол сұлулық белгісі.
Көрініс.
Әкесі
мен баласы орманға келеді.
Әкесі:
Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке,
бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі:
Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны
кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас
қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың
сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа
жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны
ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың
ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы
басын.
Автор:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып
келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі
шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс:
Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды
бұзбандаршы, қырықпандаршы.
Баласы:
Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты
қырыпай – ақ қояйықшы
Әкесі: Көп
сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік
жүрек. Мә саған!
Автор:
Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі
мен баласы кесіп әкетеді.
Содан
құс:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт
қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап
тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз
пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не
қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім
жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара
жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы
өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады
жылағанын.
Автор:
Құс
әлсіреп шығып кетеді.
Қорытынды: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік
Табиғатым
сырың терең сенің неткен,
Тау мен
тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн
көзінен күмістей шағылған нұр
Көз
алдымда көк орай гүлді кезең
Кең
даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген
бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да
қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не
деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен
әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар
керемет қасиет сенен екен
Әрқашан
да боламын саған қорған.
Табиғаттан
нәр алғангой жанымыз
Жер бетінің ажары ол сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен –көлсін
Сен ормансың
Сен бұлбұлсын
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген