Материалдар / Табиғат -біздің досымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат -біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация. Мақалада қазіргі уақытта арнайы педагогиканың маңызды міндеттерінің бірі болып табылатын сөйлеудің жалпы дамымауы бар балалардың үйлесімді сөйлеуін дамыту мәселесі қарастырылған. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу ерекшеліктері, жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балалардағы үйлесімді сөйлеу бойынша жұмыстың ерекшелігі сипатталған. Сөйлеудің жалпы дамымауы бар балалармен түзету жұмыстарын оңтайландыру әдістерінің бірі ретінде логопедиялық тәжірибеде мнемотехниканы қолдануға ерекше назар аударылады. "Мнемотехника" ұғымының анықтамасы әртүрлі авторлар тұрғысынан және түзету жұмыстарында осы әдісті қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң бақшамыз Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар. Бір жерінде ыстық Бір жерінде суық Бір жерінде күн Бір жерінде түн Керемет алып неткен -Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Тамыз 2024
92
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табиғат - біздің досымыз

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс –тәсілдер: Мнемотехника әдісі, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар: тақырып бойынша суреттер, видео – слайд


Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйлерің қалай?Бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?

Жер шары

Дөңгелек

Табиғат екіге бөлінеді екен. Ол жанды табиғат және жансыз табиғат.
Жанды табиғатқа: ағаш, шөп, гүл, адамдар, аңдар, құстар жатады, олар өседі, дем алады, көбейеді, денесінде жан бар.
Жансыз табиғатқа: су, тас, құм, ауа жатады, олар өспейді, дем алмайды денесінде жаны жоқ.
Бірақ осы жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Тыныштық сәті: (Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау)
Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?
-Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар? -жаңбыр, найзағай, жел
-Дұрыс айтасыңдар. Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.
Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар. Осы естіген дыбыстарыңды, яғни табиғат құбылыстарын құмның бетіне түсіріп көрейікші. (құмды шашпаймыз, төкпейміз)
-Балалар енді сергіп алу үшін «Жақсы –жаман» ойыны ойнап жіберейік.
Ойын ережесі: «Жақсы-жаман қасиеттер қарап «Жақсы» қасиет болса қол шапалақтау «Жаман» қасиет болса тып-тыныш отыру.
(Гүлдерге су құю. Ағаштарды сындыру. Құстарға жем беру. Құстың ұясын бұзу
Гүлдер жұлу. Құстарға ұя жасап беру)
Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.
-Жарайсыңдар.
-Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.
Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ? -Ауа
— Ауа не үшін керек? -Демалу үшін
— Ауаның түсі қандай? — Түсі жоқ , көрінбейді
— Қолмен ұстауға болама? — Жоқ қолмен ұстауға болмайды
Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.
— Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме? Көрмейміз дұрыс айтасыңдар, бірақ олсыз өмір сүре алмайды екенбіз.
-Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?
-Дұрыс бұл су.
-Ал судың қандай пайдасы бар? -ішеміз,жуынамыз,
Су- балалар өлі табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.
Жарайсыңдар,балалар бәріміз менің қасыма жиналамыз.

Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

Балалар ойынды ойнайды.

Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.

Тағы қандай ережелерді білесіңдер?
Тыныштық сәті: Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі табиғат.

Балалара өздері білетін ережелерді айтады.

Желдің үрлегенің, жаңбырдың жауғанын, құстардың мен

жан-жануарлардың дыбыстарын естідік.

«Ауа»

Демалу үшін

Түсі жоқ ,көрінбейді

Жоқ олмен ұстауға болмайды.

Жоқ

1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.

Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Ендеше балалар осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.

Сергіту сәті.

Тақпақтар

Қане балалар табиғат дайлы мына бір тақпақты жаттап алайық!Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтаймыз

Гүл өсіріп су құйып

Табиғатты қорғаймыз!

Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

-Ал өлі табиғатқа ше?

«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Ал енді балалар сендердің қаншалықты осы тақырыпты түсінгендеріңді байқайық!Қазір сендерге берілетін жұмыста сендер қызыл түспен жанды ғжасыл түспен жансыз табиғатты бояңдар

Жарайсыңдар балалар!Енді ек топқа бөлініп жанды және жансыз табиғатты лепучка арқылы орындарына орналастырыңдар»

Балалар келесі тапсырма фонар арқылы суретті тауып,қандай табиғатқа жататынын айтыідар!

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлі және тірі табиғатты айырып.

Үйренеді: Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға. …..

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!