400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Табиғат- тал бесігім эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғат – тал бесігім

Эссе

Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О,туған жер! Тамашасың, көркемсің.

Иә,туған жер,өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар,аса көркем,бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.Табиғат- адам баласынын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.Табиғат- адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын



ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат-әлем денсаулығының сақшысы,жаңға дауа шипагер.

Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау,айдын шалқар, көл,өзен,

Әке,сол анам еді мені туған.



Табиғаттың басты байлығы-жер. «Күте білсең, жер-жомарт» деген халық мақалы тектен-текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір исі шығады

Оны денен тиіп кетсе ұғады.

Еңбегінді есесінен беретін.

Жақсылықта топырақтан шығады.

Тіршілік атаулының өмірлік өзегі,арманы-таза ауа.

Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат,сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Су-адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су –адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр,сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

Табиғат-ол өсімдік. Өсімдік-бүл жасыл желек,көк майса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде-сусын,ыстықта көлеңке сая,суықта пана, ауырғанда-дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл. Өсімдік таза ауа,еліміздің дәулеті-жасыл-желек орман.Табиғат –ол жануарлар әлемі .Жүгірген аң,ұшқан құс, ән мен сәннің иесі-бұлбұл,орман-тоғай емшілері- тоқылдақ болса, дала ажары- ақ бөкен.







Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақбөкенді,

Адамның баламсынын кем көрмедім. ( Сәкен Сейфуллин)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
11574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі