400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Табиғат – туған анамыз».

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Кіші сала: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Табиғат – туған анамыз».

Мақсаты:

Білімділік – балалардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы, табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру;

Дамытушылық – ой – өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік, сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту;

Тәрбиелік – туған табиғатты, Жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге, отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, табиғат суреттері, слайд, мультфильм.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дәлелдеу- ояту


Ұйымдастыру-

іздену






































































Рефлексті-

түзету

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне икемдеу.



(слайдтан көрсету)

        Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты.  Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі  сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейін құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жануарларға қатты әсер етіп, көбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді.

        Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған.

         Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

          Осы Табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады.  Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы – бұл экологиялық мәселе. (табиғат сюжеттерін көрсету)

Жұмбақ                                                                        

     Қиналмай тауларды, орманды,

     Теңізді, дария, аңдарды,

     Ауылды, қаланы, халықты

     Ойлап тап көтерген алыпты.                  (Жер)

-Жер саған не  болған, неге сенен тіршілік белгісі білінбейді?

          Жер:      Кім жоқтайды даланың

                        Тобылғы мен жүзгенің?

                        Таппай жүрме жұртыңнан

                        Теріскен мен изенін?

                        Жатады қыр күйзеліп.

                        Оттан қорға орманды,

                        Алау жақпа ен онда,

                        Қоршаған сені айнала,

                        Бүлдіріп алма абайла.

                        Сен де өмірдің гүлісің,

                        Ақыл қойып соны ойла.

-Балалар, біз жерге көмектесуіміз қажет. Қыс кетіп , көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?

          (Ауа, су, құстар, жәндіктер, т.б. керек).

-Дұрыс, алдымен ғаламшарымызға ауа берейік. Бірақ барлық ауа тіршілік үшін жарай бере ме?

(Жоқ, таза ауа ғана).

-Улы ауа адамдар, жануарладың ағзасына, топыраққа, өсімдіктердің тамырларына түседі. Не істеу керек? Бұны қалай шешуге болады?

 (Ағаштар, гүлдер мен шөптер отырғызу керек. Ол көмірқышқыл газын жұтып, біз үшін таза ауа оттегін бөліп шығарады. Ал түтіндеп жатқан мұржаларға тазалағыш сүзгілер  орнату керек).

(тренинг) Өте жақсы, балалар! Қазір бәріміз орнымыздан тұрайық, қолдарымызды жоғары көтеріп, Күннен жарық, жылу, мейірімді шуағын алайық. Жерімізге жақсы тілек тілейік. Сіздердің тілектерін қабыл болып Күн – ана жерге шуағын төгіп, Жер – Ана оянып, өсімдік пен талдар гүлдене бастайды. Жерімізге таза ауаның болуына өсімдіктер көп қызмет атқарады. Ендеше біздің тәрбие сағаттымыздың тақырыбы «Табиғат – туған анамыз» деп аталады. Ал, енді балалар, ертең күн  жылығасын мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлесімізді қосамыз. Солай емес пе, балалар?


         Қорытынды.

                 Бүгінгі ҰОІӘ- і сіздер табиғат туралы біраз мағлұмат алдыңыздар. Білімдеріңізді жақсы деңгейде көрсеттіңіздер.

 Әрқашан өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортадағы табиғат нысандары мен тірі ағзаларды қорғап, қадірлеп, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға міндетті екенімізді ұмытпайық






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі