400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Табиғат әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғат әлеміне саяхат

Тәрбиеші: Бисенгалиева Жанганым Абатовна

Тақырыбы: «Табиғат әлеміне саяхат»
Дамытушы орталықтыр: «Таным», «Әлеуметтік орта».
Мақсаты: Балаларға экологиялық, танымдық ұғым беру. Пікірлерін тыңдау. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Тірі табиғатты қорғау жөнінде түсінік қалыптастыру. Балалар арасындағы коммуникативті қарым – қатынастарын дамыту.
Құралдары: Құстардың, жануарлардың суреттері, қарындаш, ақ қағаз.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, саяхат, көркем сөз, сергіту сәті.
Сабақ барысы
Балалар міне менің қолымда «Үлкен жүрек» бар. Әр баланың өзінің жүрегі бар. Үлкен жүрек «Адам - анада» және «Табиғат анада» бар. Әркім өзінің қолындағы жүрекшесін анасына деген тілегін айта отырып, үлкен жүрекке әкеліп саламыз. Енді балалар қазір барлығымыз орнымызға отырайық, сабағымызды бастаймыз. Бүгін біз «Табиғат еліне» саяхатқа шығамыз. Әртүрлі аралдарды аралаймыз.
1. Табиғат аралына шығу үшін, сұрақтарға жауап береміз:
- табиғат деген не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Балаларға суреттер үлестіріп, суреттерді өлі табиғат пен тірі табиғатқа орналастыру.
- Өлі табиғат деген не? (өспейді, өнбейді)
- Тірі табиғат деген не? (өседі, өнеді, қоректенеді)
- Табиғат қасиеттері туралы түсініктер беру.
Халық өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атаған.
 
Қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, оларды өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
Төле бидің «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атаулының мағынасын түсіндіру.
Сергіту жаттығуы: «Орманға саяхат»
2. «Қызыл кітап» аралы
- Қызыл кітап деген не екенін суреттер көрсету арқылы түсінік беру.
- Қызыл кітап 1974 жылы Қазақстанда сирек кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды қорғаумақсатныда шықты. Оның парақтары алуан түрлі болады.
 

Қызыл парақтарға – жойылып кету қаупі бар жануарлар енеді. Ақ парақтарда саны азайған жануарлар мен өсімдіктер енеді. Жасыл парақатарда қайтадан аялап күтсе, қалпына келетіндер енеді.
Мысалы: далада, тауларда топ – тобымен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды оңайлықпен табу қиын.
3 «Құстар» аралы Сұрақ- жауап
- Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек)
- Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды)
- Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері)
- Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш)
- Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)
- Өз атын шақыратын құс? (Көкек)
- Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін)
- Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу)
Құстар туралы тақпақтар айту.
Сергіту жаттығуы «Қарлығаш»
1,2,3,
Қарлығаш боп ұш
4,5,6,
Қарлығаш боп қалқы.
7,8,9,10
Өз орныңа қон.
4.«Ойшылдар» аралы
Тиым сөздер айту
Гүлді жұлма,
 
Ағашты сындырма,
 
Құсты атуға болмайды,
 
малдың сүйегін отқа салма,
малдың басынан ұрма т.б.
Суретпен жұмыс («Жақсы – жаман»)
 
Суға қағаз лақтырған (жаман)
Ағаш егу (жақсы)
Құстарды ату(жаман)
Малды қуып ,тебу (жаман)
Үлкен кісіге орын ұсыну (жақсы)
Табиғатты қорғау үшін не істейміз? Балалардың пікірін тыңдау.
Жұмбақтар «Ауа, су, жер, күн» жөнінде
Көзге көрінбейді,
Ұстасаң білінбейді. (ауа)
Түсі жоқ,
Иісі жоқ
 
Шөл қандырады. (су)
5. «Экологиялық тұжырым» Қорытынды.
Балаларға жағдаяттар беріліп, өз ойларын дәлелдеп, қорытындылау.





Тақырыбы: Күн, ауа және су – біздің достарымыз!

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Экология негіздері

Мақсаты: ауа, су, күн және олардың маңызы туралы балалардың білімдерін тереңдету. Ауа туралы ұғымды түсіндіру, су – тіршілік көзі екендігін, оның пайдасы туралы білімдерін кеңейту. Күннің жылу және жарық беретіндігін түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер, айна, шар, электр шәйнегі, глобус.

Қостілділік компонент(билингвальный):Күн-сольнце, ауа-воздух, су-вода.

Тәрбиеші:

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастайын.

     Балалар қонақтармен амандасады:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, апайлар!

Тәрбиеші: Балалар, бір-бірімізге таңғы жылы тілектерімізді білдірейік.

Балалар:

1.     Аспаның ашық болсын!

2.     Күніміз жарқырасын!

3.     Деніміз сау болсын!


Тәрбиеші:

Балалар, жарайсыңдар! Мен де сендерге әрқашан жақсылықтар тілеймін. Балалар, мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. «Тамаша күн» ойыны.

Ойынның шарты: Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына бір-біріне бас бармақтарын көрсете отырып, «Тамаша» деп жауап береді.

-         Баланың көңіл-күйі қандай?

-         Күзде күннің жарқырағаны қандай?

-         Қыста тонғанда күннің жерді жылытқаны қандай?

-         Көктемде күннің жерді жылытқаны қандай?

-         Жазда теңізге барғанда күннің қыздырғаны қандай?

-         Күн жақсы ма?

Тәрбиеші:

    Бізді қоршаған орта – табиғат деп аталады. Ол жазира дала, биік  таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар мен құстар, жәндіктер. Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегіміз деп айта аламыз.

Тәрбиеші:

    Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде табиғат бұрышына серуендеуге шығамыз. Алдымен біз тірі табиғат пен өлі табиғатты еске түсіріп алайық.

-Тірі табиғатқа нелер жатады?


Балалар: - Жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер

    Тәрбиеші: - Өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: - Ауа, тас, су, күн т.б.

Жұмбақтар.

1.     Өмірде одан басқа мол ештене болмайды,

Құшақтасаң құшағыңа толмайды. (ауа)

2.     Бар ма жоқ па оны білмейсің,

Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)


Тәрбиеші:

    Балалар, менің сұрақтарыма мүдірмей жауап бердіңдер, жұмбақтың дұрыс жауабын таптыңдар.

    Балалар енді, барлығымыз аузымыды ауаға толтырып алып, өсімдік жапырақтарын үрлеп көрейікші.

    Балалар өсімдік жапырақтарын үрлейді.

Тәрбиеші:

    Балалар, міне көрдіңдер ме, жапырақтарды сендердің ауыздарыңнан шыққан ауа қозғап тұр. Далада өсімдік бұтақтарын жел қозғайды. Жел ауаның жылдам ескен күйі екен. Балалар, бөлмеде біздің аяғымызбен шаң көтеріледі, ал осы бөлме өсімдіктері осы шаңды жұтып, оның орнына бізге таза ауа бөледі. Яғни бөлме өсімдіктері ауаны тазартады.

   Енді балалар орнымызға жайғасайық.

- Балалар, айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз бе?

- Жоқ.

Олай болса ауа жайлы түсініктеріңізді іс-тәжірибемен толықтырамыз.

1-тәжірибе: Әр баланың қолына үрлемелі шар беріледі. Балалар өздері шарды үрлеп. Ауаны шығарып, тәжірибе жасайды.

2-тәжірибе: Әр баланың қолына айна беріледі. Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.

3-тәжірибе: Судың қайнап буға айналып ауаға тарайтынын көрсету.

Сергіту сәті:

Табиғат, табиғат,

Тамаша ғой табиғат.

Табиғатта ойнаймыз,

Гүлдей өсіп жайнаймыз.

Тәрбиеші:

    -Балалар көздердіңді жұмыңдар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар. (Суды екі ыдысқа құйып сапыру).

Балалар: -Су сылдыры.

-                    

 Олай болса келесі әңгімеміз су туралы болмақ. (Глобусты көрсету).

Тәрбиеші: -Глобуста көгілдір түспен не белгіленіп тұр?


Балалар: -Су


Еңдеше салыстырып көрейік , жер көп пе, әлде су көп пе?


Балалар: - Су.


Тәрбиеші: Су өмір бойы айналымда болады. Су жаңбыр, қар күйінде жерге түседі, өзен-көл теніздерді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып қайта оралады. (Екі-үш өсімдікке су құйып кқрсету). Жаңа табиғат бұрышында өсімдіктерге ауа қажет екендігін түсіндік. Енді міне су да қажет екен.


- Ал бөлме өсімдіктерін біз үнемі бөлмеде қайда қоямыз?


Балалар: -Терезе алдына.


Міне, балалар, терезеден түскен күн өсімдікке жылуын және жарығын береді. Оған біз су құямыз. Ал өсімдік бізге жұтатын ауа береді. (Балалардың мұрны мен ауыздарын өз қолымен басуын сұрап, ауасыз тыныс алу мүмкін емес екендігін түсіндіру). Иә, біз ауамен тыныс аламыз. Міне, балалар, ауа, су, күн – өмір нәрі екен.

    Ауа, су, күн туралы тақпақтар айтқызу. Тілек айту.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қорытындылау:


      Тәрбиеші:  - Балалар, сендер табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер


білесіңдер ме?

Балалар:    -  Тау бұлағымен сәнді, көл құрағымен сәнді.

        -   Жер құтты болса, мал сүтті болады.

          -Жер – ана, ел – бала.

  Тәрбиеші:  Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

                   Мұны айтуға адамзаттың тілі жоқ.

Балалар табиғатқа өз ризашылығын білдіреді.

-         Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

-         Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

-         Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!

-         Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

-         Таза ауа, саған рахмет!

-         Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!

-         Құстар, тамылжыта салған әндерің үшін рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
3224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі