«Астана» балабақшасы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің тақырыбы:
«Табиғат- Ана»
2015-2016 оқу жылы
Психолог: Курманова М.Т.
Тақырыбы: Табиғат-Ана.
Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғат туралы түсінік беру, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Үнтаспа,табиғат бейнеленген суреттер, гүлдер, көбелектер
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,ғажайып сәт, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақтар,мақал –мәтелдер.
Сөздік жұмыс: табиғат ана
Билингвальды сыңары: Табиғат-Ана- Мать природа, күн- солнце, ауа- воздух, жер- земля, су- вода,
Әлеуметтік инклюзия: Диана, Жәңгірхан.
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар біздің топқа көптеген қонақтар келді. Бүгінгі күн ерекше, әрі тамаша. Ендеше орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін жасап қонақтармен амандасайық.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
-Армысың, қайырымды аспан ата!
-Армысың, мейірімді Жер- ана!
-Армысың, шұғылалы Алтын- күнім!
-Армысың, балабақша, дос- жараным!
Ал енді жаттығу жасап, бір- бірімізбен амандасайық.
Психожаттығу: «Амандасу- сәлемдесу»
Мақсаты: Балаларды біріктіріп,өзара сенім жағдайын құру.
Ойын барысы: Балалар педагогпен бірге шеңбер құрып отырады.Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.
Қайырлы таң, Аяулым ( Күліп, басын изеу).
Қайырлы таң ( педагогтың атын айтады)
Қайырлы таң .....( шеңбер бойымен балалар бір – бірінің аттарын атап шығады)
Қайырлы таң , аспан ! (жоғарыдағы қимылдарды жасап шығады.
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге!( Балалар қолдарын жан- жандарына жайып ,кейін түсіреді).
-Ал, енді балалар көздерімізді жұмып мына үнтаспаны тыңдап көрейікші?
(Үнтаспадан құстардың, жануарлардың, сылдырап аққан судың, тербелген ағаштардың сыбдыры, табиғаттың алуан түрлі дыбыстары естіледі.)
Психолог: Үнтаспадан қандай дыбыстарды естідіңдер?
Балалар: Құстардың сайрағанын, судың сылдырын, жаңбырдың тырсылын және т.б.
Психолог: Бұл бізді қоршаған орта «табиғат». Біздің бүгінгі іс- әрекетіміздің тақырыбы: «Табиғат- Ана» деп аталады.
Психолог:
-Табиғат дегеніміз не?
Балалар:
-Табиғат деген бізді қоршаған орта.
Психолог:
-Табиғат нешеге бөлінеді?
Балалар:
-Табиғат екіге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат болып.
Психолог:
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Балалар:
-Адамдар, аңдар, құстар, жәндіктер,ағаштар, шөптер, гүлдер.
Психолог:
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар:
-Күн, жер су, ауа, топырақ,тау,тас,құм.
Психолог:
Ал біз өзімізді табиғаттың бір бөлшегі деп айта аламыз ба?
Балалар: Иә. (Балалардың жауабы.)
Психолог: Олай болса, табиғат аясына саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар: Алақай, барғымыз келеді!
Психолог:Ендеше көздерімізді жұмып, табиғат аясына саяхатқа шығайық.
Күн бізге жылуын төгеді, жер бетіне жарық береді.
Жер болса, тіршілік атаулыға дем береді. Өсімдіктерге жан береді. Жерге егін егеміз.
«Тіршілік атаулының бар арманы-ауа».
Ауасыз тіршілік жоқ. Қане барлығымыз ауа жұтайық. Бойымыз жаурады, саусақтарымызды ысқылап жылытып, жылы ауа үрлейік. Тағы да бір рет терең дем алайық.
Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Су. ( Балалардың жауабы)
Иә, сусыз өмір жоқ. Адамдар сусыз да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер өспейді.
Ал сендер су туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Иә (балалардың жауабы).
Ендеше барлығымыз бірге айтайық.
-Сулы жер-нулы жер.
-Сусыз өмір жоқ.
-Судың да сұрауы бар.
-Суға түкірме.
-Сумен ойнама,батасың.
Жарайсыңдар! Су дегеніміз-ол өзен, бұлақ, көл,теңіз. Енді, су,өзен,бұлақ туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Су: Мен жүрген жер көктейді,
Ағып,шалқып жатамын.
Аязға әлім жетпейді,
Әттең, қыста қатамын.
Бұлақ: Бұлақ, бұлақ.
Шаршамайсың, ағасың.
Кең далаға барып сен,
Күн-түн сайран саласың.
Өзен: Тулай бер, өзен,
Шулай бер, өзен.
Күшіңді жазға сыйлай бер, өзен,
Сыйлай бер өзен.
Тамаша, енді балалар жаттығу жасап дем алайық.
Психорелаксация: «Бұлттар».
Көзімізді жұмып жаздың жылы күнін елестетейік. Көк шөптің үстінде жатып, аспандағы жұмсақ бұлттарға қарап жатырмыз. Терең дем аламыз. Дем алған сайын аяқ, қолдарымыз жеңілденіп жоғары қарай бұлттарға көтеріліп барамыз. Міне бұлттар біздің денелерімізді сипап жатыр (аяқ, қолдарымызды сипалаймыз).
Денеміз босап, жағымды әсер алудамыз. Міне, бұлт біздерді көк шөптің үстіне әкеліп түсірді.Бұлтқа қарап күлімдейік. Созылып, үшке дейін санап көздерімізді ашамыз. Бұлттың үстінде жақсы дем алдық.
-Ал, балалар табиғат аясына қайта оралайық. Табиғатымызды әдемілікке бөлейтін не?
Өсімдіктер. ( Балалардың жауабы.)
Әрине,өсімдіктер жерімізге сән беріп, көркейтіп тұрады.Олардың пайдасы мол.
Ағаштар күннен, желден қорғайды. Қыста отын болады. Тұрмысқа қажетті заттар жасайды. Өсімдіктерден дәрі- дәрмек жасайды. Гүлдер айналамызды әсемдікке бөлеп, хош иісін таратады, сән беріп тұрады.
Ал, енді ойын ойнайық. Тақтаға қарап табиғатқа ұқсайтын заттарды тауып көрейік.
Ойын: «Неге ұқсайды?»
-Шам неге ұқсайды?
-Шам күнге ұқсайды.
-Су бұрқақ неге ұқсайды?
-Су бұрқақ жаңбырға ұқсайды.
-Кілем неге ұқсайды?
-Кілем жерге ұқсайды.
-Желдеткіш неге ұқсайды?
-Желдеткіш желге ұқсайды.
Суреттермен жұмыс, сұрақ- жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Көмтемде қандай өзгерістер болады?
-Жазда қандай өзгерістер болады?
Балалар, табиғатқа байланысты тыйым сөздерді білеміз бе?
Суға түкірме, шөпті таптама, гүлді үзбе, құмырсқаның илеуін бұзба, жерді шұқыма, құстың ұясын бұзба.
Ғажайып сәт: Көбелек келеді.
Көбелек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен өз гүлімнің түсін білмей адасып қалдым, сендер маған гүлімнің түсін табуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
Ойын: « Өзің түстес гүлге қон»
Музыка әуенімен балалар көбелекпен бірге ұшып, көбелектерді өз түстеріне сәйкес гүлдерге қондырады.
Көбелек: Рахмет, балалар. Сендер түстерді өте жақсы таниды екенсіңдер.
Мен бұдан былай өз гүлімнің түсін жақсы білетін боламын.Сендерге деген сыйлығымды таратып, қоштасайын. Сау болыңдар.
Психолог:Балалар, табиғатымыздың берер пайдасы мол екен, ал зияны бар ма? (Балалардың жауабы)
Әрине табиғаттың зияны да бар.
Күн қатты ыстық болса басымыздан күн өтеді. Айналаны күйдіріп, өрт шығу қаупін тудырады.
Жаңбыр көп жауса, жер бетін су алады. Қатты жел тұрса ағаштарды сындырып, шаң тозаң көтереді.
Енді балалар, «Қайырымды табиғат» ойынын ойнап көрейік.
Мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер оны жалғастырыңдар.
Жер қайырымды, өйткені ол...(өсімдіктерді өсіреді т.б.)
Күн қайырымды, өйткені ол..(жарық береді, шуағын шашады...)
Су қайырымды, өйткені ол...(өмір нәрі, сусыз тіршілік жоқ...)
Жаңбыр қайырымды, өйткені ол...(ылғал береді, жер көгереді...)
Осымен балалар, табиғатқа саяхатымыз аяқталды. Көздерімізді жұмып,балабақшамызға ораламыз.
Қорытындылау:
Бүгінгі іс- әрекетімізде не туралы айттық?
Балалар, табиғаттың бізге берер пайдасы бар ма екен?
Күн не береді?
Ауасыз өмір сүре аламыз ба?
Сусыз өмір сүре аламыз ба?
Өсімдіктер қажет пе?
Ал, зияны бар ма?
Сендерге табиғат аясындағы саяхатымыз ұнады ма?
Несімен ұнады?
Табиғатымызды аялап, қорғау керек. Табиғат біздің ортақ үйіміз.
-Ендеше, балалар Табиғат- Анаға ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтайық.
-Күн- сәуле шашып, жарқырағаның үшін рахмет!
-Жер- дем беріп күш қосқаның үшін рахмет!
-Су- өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет!
-Аспан- таза ауа бергенің үшін рахмет!
Балалар сендерге де, рахмет! Сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әрбір бала табиғат туралы, табиғаттың пайдасын, зиянын біледі.
Меңгереді: Табиғат туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады,мақал- мәтелдер, тыйым сөздерді біледі.
Жасай алуы: Оқу- іс әрекетінде берілген тапсырмаларды орындай алады.
Су: Мен жүрген жер көктейді,
Ағып,шалқып жатамын.
Аязға әлім жетпейді,
Әттең, қыста қатамын.
Бұлақ: Бұлақ, бұлақ.
Шаршамайсың, ағасың.
Кең далаға барып сен,
Күн-түн сайран саласың.
Өзен: Тулай бер, өзен,
Шулай бер, өзен.
Күшіңді жазға сыйлай бер, өзен,
Сыйлай бер өзен.
Су: Мен жүрген жер көктейді,
Ағып,шалқып жатамын.
Аязға әлім жетпейді,
Әттең, қыста қатамын.
Бұлақ: Бұлақ, бұлақ.
Шаршамайсың, ағасың.
Кең далаға барып сен,
Күн-түн сайран саласың.
Өзен: Тулай бер, өзен,
Шулай бер, өзен.
Күшіңді жазға сыйлай бер, өзен,
Сыйлай бер өзен.
Су: Мен жүрген жер көктейді,
Ағып,шалқып жатамын.
Аязға әлім жетпейді,
Әттең, қыста қатамын.
Бұлақ: Бұлақ, бұлақ.
Шаршамайсың, ағасың.
Кең далаға барып сен,
Күн-түн сайран саласың.
Өзен: Тулай бер, өзен,
Шулай бер, өзен.
Күшіңді жазға сыйлай бер, өзен,
Сыйлай бер өзен.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғат Ана

шағым қалдыра аласыз