400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат аясында

Материал туралы қысқаша түсінік
Кемтар балаларға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні ____________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Табиғат аясында.

Мақсаты: Көрініс , көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру, қиялын дамыту, табиғаттың келбетін, әр жыл мезгілдерінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білу, пейзаж, композиция, түс және эстетикалық қабылдау сезімдерін дамыту, іскерлікке тәрбиелеу.

Қажетті көрнекті құралдар: жыл мезгілдері көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: 6 түсті бояу, қылқалам, қағаз, су,сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.

Сөздік жұмыс: көкжиек, кеңістік, мамық, фон, дымқыл.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші суреттегі жыл мезгілі туралы сұрақ қойып, әр жыл мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелейді.


Балалар толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Қай мезгіл?» д/о

Тәрбиеші жыл мезгілдерін сипаттап айтып береді.

«Қай мезгіл жоқ?» ойыны.

(Тәрбиеші бір жыл мезгілінің суретін жасырып қояды)

Қай мезгіл жақындап келе жатқанын сұрайды.(Жаз мезгілі)

Бүгінгі сабақта жаз мезгілі суретін салатындарын хабарлап, дымқыл қағазға табиғат көрінісін салуды ұсынады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгіме жүргізеді.

Сергіту сәті )саусақ жаттығуы)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін, бәрін қосқанда,

Болады екен он саусақ.

(Оңға дейін санау)

Тәрбиеші пейзаж салу кезінде, табиғат аясын бейнелегенде бояудың қандай түстері пайдаланатынын айтады. Акварель бояуымен жұмыс істеуді пысықтайды.

-Гуашь – мөлдір бояу. Ол суда жақсы ериді, оның осы жақсы қасиетін пайдаланып, қағаз бетіне фон түсіреміз. Қылқаламды қағаздың жоғарғы жағынан бастап бір бағытта жүргізу керек.Содан соң қылқаламды аздап құрғату керек, қағаз бетіндегі дымқылдап жайылып жағылған бояу қабатының үстіне табиғат аясын саламыз. Күн, бұлт, ағып жатқан су, шөптер, ағаштар т.б. (қайталап , бекіту) Бояу ақырын жайылып, нәзік, жеңіл көрініс пайда болады.



Балалар ойланып, толық жауап береді.













Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.











Жалпақ қылқаламмен керекті бояуды алып, қағаз бетіне жағады, қылқаламды сулап алып, бояуды жағу тәсілімен жасайды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасайды, сұрақ-жауап арқылы мақтап, мадақтайды.

Салған суретке қарап әңгіме құрайды..



Күтілетін нәтиже:

Біледі: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекітеді.

Игереді: жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесін бағалауды..

Меңгереді: өз ойынан сурет салу белсенділігін, қиялын дамытады.

Әдіскер:________________















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
3 қазан
2375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі