400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат біздің анамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүғалімдерге сабақ жоспар ға комек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: дүниетану

Сыныбы: 1

Мұғалімі: Тітірбаева Гүлжазира

Сабақтың тақырыбы:

Бізді қоршаған әлем. Бағдарлауды үйренеміз

Осы сабақта қол жеткізелетін оқу мақсаттары

1.2.1.1 Көкжиек тұстарын және оларды анықтау тәсілдерін білу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: көкжиек және оның тұстары болатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі: тұсбағдар көмегімен көкжиек тұстарын анықтай алады.

Кейбір оқушылар:Тұсбағдарды өздігінен қолдана алады.

Бағалау критерийлері


-көкжиекті біледі және оның тұстарын құралдар арқылы анықтайды

-жергілікті белгілерге қарап көкжиек тұстарын ажыратады.

Тілдік мақсат

көкжиек , тұсбағдар , солтүстік–С , оңтүстік–О, шығыс–Ш , батыс–Б , шартты белгілер

Құндылықты дарыту :

құрмет, ашықтық, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс:

жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары:

Бейнематериалдар, таныстырылым

Ресурстар:

Тұсбағдар, қол сағаты, көкжиек атаулары (С, О, Б, Ш) жазылған үлестірме парақшалар

Бастапқы білім:

Өткен біліміне сүйену

Қоршаған әлем туралы жалпы түсініктері бар.

Сабақтың басы 2 мин

Ширату.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға қарап, солға қарап,

Егеменді ел көрдім.

Сағат бойынша қалай бағдарлауға болады?

Бейнежазбасы

Топқа бөлу: көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшалар арқылы топқа бөлу


Сабақтың ортасы

Ой шақыру. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағытта.

Тапсырма:

-Көкжиек дегеніміз не?

-Тұсбағдар мен қол сағатының ұқсастығын тап.

Кері байланыс: Өте тамаша! Жарайсыңдар!

Дескриптор: көкжиек тұстарын анықтай алады.

Тұсбағдар мен қол сағатын ажырата алады.


Сен білесің бе? Оқушыларға тұсбағдарсыз жергілікті жерде бағдарлаудың көптеген тәсілдері бар екенін айтамын. Осындай өсімдіктердің бірі – сүтшөп (латук). Оның жапырақтары қырымен орналасады және ұштары солтүстік пен оңтүстікті көрсетіп тұрады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің емдік қасиеттері туралы ақпаратты айтамын.

Тапсырма: Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беремін.

Кері байланыс: Керемет! Өте жақсы!

Дескриптор:

көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс туралы біледі;

– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы біледі.

– тұсбағдарды пайдалана алады;

– нысандардың бағытын анықтай алады;


Сабақтың соңы

Рефлекция Тапсырма: "Алты қадам" әдісі

Блиц-сауалнама

Әр жауаптан кейін дұрыс, бұрыс деп жауап беріп отыру қажет.

1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)

2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстәиары

қолданылады. (-)

3. Тұсбағдар– көкжиек тұстарын анықтауға

арналған құрал. (+)

4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті

көрсетеді.(-)

5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)

6. Күн әрқашан шығыстан атады. (+)

7. Тал түсте күн солтүстікте болады. (-)

Кері байланыс: Бағдаршам әдісі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі