Мектепалды даярлық
«Көгершін» тобына арналған
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі №2
Өткізу
күні: 16.09.2021
жыл
Тәрбиеші: Дюмбаева
А.В.
Білім беру
саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Қоршаған ортамен
таныстыру
Өтпелі
тақырып: «Жомарт
күз»
Тақырыбы: Табиғат бұрышын
мекендеушілер. Оларды күту
Мақсаты:Жанды табиғат бұрышын
мекендеушілер, оларға күтім жасау жолдарымен таныстыру. Жануарлар
туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат бұрышын мекендейтін
жануарларға деген қамқорлық сезімдерін
арттыру.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: демонстрацилық
материалдар және жұмыс дәптері.
БИЛИНГВАЛЬДЫ
КОМПОНЕНТ: табиғат бұрышы -
уголок природы,
тасбақа- черепах,
атжалман-хомяк
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Біз қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз.
Еш уайымды
білмейміз.
2. Негізгі
бөлімі:
Кіріспе әңгіме.
Тәрбиеші:
-Бүгін бізге жақын тіршілік
ететін жануарлар,оларды күту туралы
әңгімелейміз.
Кәне,кім нені жақсы көреді?
немесе өзінмен бірге үйде қандай жануар тіршілік етсе деп
армандайсың?
- табиғат бұрышын мекендейтін
қандай жанауарларды білесіңдер?
-Ал, кәнеки, бәріміз
ұйықтаймыз. Сендер ұйқыашардың даусы естілгенде
оянасыңдар.
Педагог құстың жағымды даусы
жазылған таспасны қояды.
-күнде таңертең оятатын сағат
шырылы мен құстың даусын салыстырыңдар.
-Адамдар не үшін бұл
жануарларды бөлмеде өсіреді?
-Біз бүгін «Табиғат бұрышының»
тұсаукесерін өткіземіз.
Демонстрациялык
материал
-«Табиғат бұрышының»
көрінісі.
-біз бүгін табиғат бұрышын
мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейміз. Осы
жануарлардың
қайсысы кімнің үйінде
мекендейді?
-үйімізде бұл жануарлардың
бәрін асырай алмаймыз. Неге?
-Ал біз өз балабақшамыз дағы
жануарлаға күтін жасайтын боламыз.
-Аквариумның
суреті.
-табиғат бұрышындағы жануар
ларды күту үшін нені білу керек?
-Алдымен аквариумда өсірілетін
балықтармен танысайық.
Аквариумда өсіру керек.
Неге?
-Балықтары калай күту
керек?
Аквариумда не болуы
тиіс?
-Балдыр не үшін
керек?
-Аквариумдағы балықтардың
пішіні қандай? Аквариумда қандай балықтар
өсірілерді?
-Балықтарды дұрыс күту ушін
нені білу керек?
-Тордағы канарейканың
суреті.
-Канарейка қандай
құс?
Канарейка-үйге үйге үйретілген
құс. Бұл құсты торда ұстайды. Ол адамдарды өзінің әнімен қуантады
(оның даусын тыңдату).
Сергіту
сәті:
Оңға,оңға түзу
тұр,
Солға, солға түзу
тұр.
Артқа қарай бір
адым,
Алға қарай бір
адым.
Жоғары-төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
-Тордағы тотықұс
суреті.
-Суретке қараңдаршы.Ол қандай
құс?
Тотықұс торға тез үйренеді.
Тордың ішінде ондаған жыл өмір сүре береді. Ол қатты айғайлап
немесе сыбырлап тілдеседі.
-Оның қандай ерекшелігі
бар?
-Табиғат бұрышындағы
тасбақаның суреті.
-Тасбақа туралы не
білесіңдер?
Тасбақа өзін 18-20 градус
жылылықта жақсы сезінеді.Температура төмен болса, аз қозғалады.
Оған ұсақ құрттар, шикі ет, балық беруге
болады.
-Атжалманның
суреті.
-Атжалман неге
ұқсайды?
-Олар тышқан сияқты зиянды
ма?
Атжалманды ескі аквариумға,
шыны банкіге орналастыруға болады. Оларды күту көп қиындық
әкелмейді.
Дәптерде жұмыс
: Өзіңе ұнаған табиғат бұрышын
мекендеушілердің бірінің суретін сал немесе аппликация
жаса.
3.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу
іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды, сабаққа белсене қатысқан
балаларды мадақтау.