400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Табиғат бұрышындағы құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жаластыру. 2.Сөздік қорларын»құстың жүні мамығы»,»қанат»деген сөздермен толықтыру.Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру. 3.Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Ашық оқу қызметі

II – кіші «Құлпынай» тобы

Тақырыбы:

«Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау»






2018ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картсы

Күні: 19.03.2018

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлім: Экология негіздері

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау»

Мақсаты:

1.Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жаластыру.

2.Сөздік қорларын»құстың жүні мамығы»,»қанат»деген сөздермен толықтыру.Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру.

3.Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Тотықұс-папугай, қанаттар-крылья, тұмсық-клюв.

Сөздік жұмыс: Тотықұс

Технологиялық қамтамасыз ету: Тордағы тотықұс,оған арналған жем.

Әдіс – әсілдері: көрсету, әңгімелеу,сұрақ – жауап

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің басқару қызметі

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

Оқу қызметін Қ.Р Әнұранымен бастау



1.Табиғат бұрышына жақындап келіп,балаларға жұмбақ оқу.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер,құндыз ұстап.

(Тотықұс)

-Кәне,біздің табиғат бұрышындағы тотықұс-Кешаға назар аударайық.




Әнұранды айтады









Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады.

Назарларын тотықұсқа аударады


Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Әңгіме өткізу.

Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрау.Балалардың жауаптарын тындап болған соң,тотықұс туралы ақпарат беру.

Тотықұс-құйрығы қысқа,түрлі түсті құс.Ол Африка,Америка және Австралияда тіршілік етеді.Адамдар оны қолға үйретіп,

торда ұстайды.Сөйлейтін тотықұстар да бар.Олар сенің айтқаныңды қайталайды.

-Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп,олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Мысалы, қанаттары ұшу үшін,тұсмсығы қорегін шоқып жеу үшін,аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек.Кәне,тотықұсқа жем беріп,ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.

Билингвальды компонент: Тотықұс-папугай, қанаттар-крылья, тұмсық-клюв.

Сөздік жұмыс: Тотықұс

Сергіту жаттығуы.

Кәне,қанат жазайық,

Тоты болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

Тиым сөздер айту;

1.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.

2.Торғайларды таспен атуға болмайды.



Тотықұс туралы білетіндерің айтады.


Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.


Бір-екі бала тордағы тотықұсқа жем салады,қалғагдары оның қалай қоректенгенің бақылайды.


Балалар қайталап шығады.


















Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды.







Рефлексивтік

түзетушілік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қортындылау.

1.Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?

2.Оның қандай дене мүшелері бар екен?


-Тотықұспен таныстық.

-Оның басы,екі аяғы,қанаттары тұмсығы бар.


Күтілетін нәтиже

Орындайды: тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін бояуға арналған тапсырмаларды. 
Түсінеді: тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді. 
Қолданады: тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Кабдолова Г.М







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
2414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі