15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Табиғат дегеніміз не?"
Білім
саласы: Әлеуметтік орта.
Қатынас.
Ұйымдастыру оқу іс -
әрекеті: Қоршаған ортамен
таныстыру.Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Табиғат дегенміз
не?
Мақсаты: Табиғатқа деген көзқарасын
кеңейтіп, қоршаған ортамен таныстыру. Сурет бойынша әңгімелеуге
үйрету. Тіл байлығын дамыту. Табиғатты сүюге, қамқор болуға
баулу.
Әдіс-
тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап,
әңгімелеу , сергіту сәті,дидактикалық
ойын.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер,
тас,су,бөлме гүлі.
Қос тілділік сыңары: күн - солнце,су-вода
|
Іс -
әрекет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -
әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Бағыт - бағдар беру Ұйымдас тырушы лық ізденіс кезеңі. Сергіту
сәті Дидактика- лық ойын Қорытынды |
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Ал балалар, бүгінгі күн ерекше
күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане,
сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Кел,балалар
келіңдер,дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық. -Табиғатқа баламыз. -Иіліп сәлем береміз, -Біз әдепті боламыз.
- Жарайсыңдар,
балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. - Қыста не жауады? -Қыста адамдар не істейді? -Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер? -Далада,балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Балалар бүгінгі
біздің оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы -Балалар қалай ойлайсыңдар күн,су,ауа керек пе? -Ия бізге су,ауа,күн керек. Бізге бұлар өте қажет. Айналамыздағы ағаштар, таулар мен тастар, құстар, жануарлар , өсімдіктер,жеріміз, топырағымыз осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда табиғат деп атаймыз. Табиғатымызға әрқашан қамқор болуымыз керек. Талды сындырмау, жерге қоқыс тастамау, құстарға қамқор болу, олардың ұясын бұзбау, жануарларды қоректендіру қажет,өсімдіктерге су құйып, баптап өсірсек, өзінің жемісін береді. Сонымен балалар табиғатымызды аялауымыз керек. - Шаршадыңдарма? Олай болса сергіту сәтін жасайық. Бір тынығып алайық. Күн болып жанайық, Мөлдір су боп ағайық. Гүл болып жайнайық, Терең - терең демалып, Жүріп, жүгіріп алайық. - Жарайсыңдар! -Балалар міне, менің қолымда не бар?
-Дұрыс. Бөлме
өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр. "Жақсы-жаман " ойынын ойнайық. Ойын ережесі: "Жақсы-жаман" қасиеттер бейнеленген суреттерге қарап "Жақсы" қасиет болса қол шапалақтау, "Жаман" қасиет болса тып - тыныш отыру. Ал, балалар күн, су, ауа бұлар бізге өте қажет. Күн бізге өзінің жылуын,жарығын береді. Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді. Ауамен біз тыныс аламыз. Табиғат байлықтарын қорғай білу біздің борышымыз. Оны аялап сүйе білейік. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Табиғатты аялайық. Балаларды мақтап,мадақтау.Ашық оқу іс - әрекетін аяқтау. Бәріміз келген қонақтармен
қоштасайық. |
-Сәлеметсіз
бе! -Сәлеметсіз бе! Балалар шеңбер бойына тұрып жылулық шеңбер жасайды. -Қыс - Қар - Жылы киініп жүреді, балалар шанамен ойнайды, қардан аққала жасайды. -Әке,ана,әже,ата -Күн,аспан,бұлт, машина,ит,ағаш,жер,қар -Ия. -Балалар мұқият тыңдайды. -Табиғат -Ия. Іс - қимылмен орындайды. -Гүл,су -Балалар ойын ойнайды -Қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: қоршаған орта, табиғат туралы
білді.
Игерді: табиғат ерекшеліктерін, сурет
бойынша әңгімелеп айтуды.
Меңгерді: табиғатты қорғап, оны аялау
керектігін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген