400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Табиғат-денсаулық мекені "

«Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты», - деп ақын-жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыздың даналық сөзінде жазылғандай, табиғаттың адамдар үшін өзекті бір еншісі – дәрілік өсімдіктер әлемі. Біздің Қазақстанда 6000-нан астам өсімдік түрлері болса, оның 600 түрі емдік-шипалы қасиетті, дәрілік емдік, өсімдіктер болып табылады. Солардың бірі-бүлдірген. Бүлдірген – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Отаны – Шығыс Азия. Таралған аймақтары Еуропа, Америка. Қазақстанда барлық тау беткейлерінде өседі Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман бүлдіргені, жасыл бүлдірген бар. Олар, көбінесе, таулы аудандарда, ормандардың ашық 225 алқаптарында және өзендердің бойында өседі. Жасыл бүлдіргеннің сипатына тоқталатын болсам, биіктігі 5-25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, кос жынысты, гүлшоғыры — көп гүлді қалқанша келеді. Мамырда гүлдеп, маусымда қызыл, қызғылт шырынды жеміс береді. Бұтағы арқылы көбейеді. Құлпынайға өте ұқсас келеді, бірақ көлемі құлпынайдан кішірек болады.

Орман бүлдіргенінің биіктігі 5-20 см, көп жылдық шөп тектес болады. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай қоры. Орман бүлдіргені-асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем., ол – дәрілік құнды шикізат.

Қазақстанның суғармалы жерлерінде өсетін бірнеше сорттары бар. Олар: «Мәншүк», «Комсомолка», «Фестивальдық», «Талисман», «Зинга-Занга», «Талғарлық», т.б

Отаны:  Шығыс Азия. Таралған аймақтары Еуропа, Америка. Қазақстанда барлық тау беткейлерінде өседі.

Өнім жинау Жеміс-жидектерді әбден піскен кезде жинау керек. Күзгі және қысқы сорттарының жинау мерзімі пайдалануға тиісті пісу кезеңімен сай келе бермейді , олар әдетте жинап алғаннан кейін пісіп жетіледі.Алманың күздік сорттарыни жинап алғаннан кейін 7-12 күнде, қысқы сорттары бірнеше айдан соң піседі. Өнімді жауын-шашынсыз , ашық күні жинаған дұрыс. Көпшілік сорттарын сабағымен қоса жинайды. Жемісті төменнен бастап жинаған жақсы.Ағаштың жоғарғы басындағы жемісті арнаулы жеміс қиғышпен қиып алған дұрыс. Бүлдірген - раушан гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Жидектің  дәмі тәтті, хош иісті, қызыл түсті болады. Бүлдірген басқа жеміс-жидектерден бұрын піседі. Бүлдірген– Қазақстанның барлық кез-келген жерінде өсетіні дәлелденген. Мұның жер-жерге кең таралуы экологиялық жағдайларға төзімділігін көрсетеді. Қазақстанның ауа райы климатына еш қиындықсыз төзіп, күй талғамай өсе алатын дақыл. Мақсаты – осынау өсімдікті өз жерімізде керегінше өсіріп, өзгелерге көз сүзбеу, қысылмай қажетке жарату. Жемісін жинап алғаннан кейін мұртшаларын қиып, мезгілімен суарып, түбін қопсытып, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Бүлдіргеннің сорттары, формасы мен көлемі , массасы мен жидегінің түсі жағынан әртүрлі-ақ, қара-қоңыр болады.Үй жанындағы бақта оның дәні ірілерін өсіреді, оны көбінесе құлпынай деп шатастырады. Бақта өсірілетін бүлдірген жидегі құлпынайға қарағанда анағұрлым ірі және жапырағы қоңырлау болып келеді және ол оңай жұлынады.Сондай-ақ ормандарда , тоғай шеттерінде өсетін орман бүлдіргендері кең тараған. Бүлдіргеннің жидегін таңертен (шық кепкеннен кейін) немесе кешке жинаған жақсы. Оның жидегін тасымалдау немесе аз уақыт сақтау үшін сағағымен бірге жинайды. Әдеттегі жағдайда бүлдірген бір тәуліктен артық сақталмайды. Бақша бүлдіргені мен орман бүлдіргенін пайдаланар алдында жеміс сағағы мен жапырағынан тазартып, содан кейін қайнатылған салқын сумен жуады;ал сақтауға арналған бүлдіргеннің жидегіне құм түскенде немесе шаң басқан жағдайда ғана жуып,тазартады. Жастай тоңазытқан бүлдіргенді десертті тағам ретінде де,сондай-ақ компот дайындау үшін де пайдаланады. Тоңазытылған жидекті пайдаланар алдында бөлме температурасында жібіту керек. Бүлдірген жапырағын ерте көктемнен бастап күзге дейін жинап, қараңғы жерде кептіреді.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі