400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат физикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырмалар орындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: ЖаратылыстануМектеп: 24 орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты- жөні : Ергазиева Гүлзада

5 бөлім.Табиғат физикасы Қатысқандар саны:

Күні:Қатыспағандар саны:

Сыныбы: 1сынып


Сабақтың тақырыбы:

5.4. Жылу

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

1.5.4.1. Жылыту құрылғыларын анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Жылытуға арналған құрылғыларды анықтайды.

  • Жылытқыш құрылғыларды топтастырады.

  • Жылытқыш құрылғылары не үшін қолдану керектігін біледі.

Көптеген оқушылар:

  • Түрлі жылытуға арналған құралдарды сәйкестендіреді.

  • Ежелгі дәуір мен қазіргі қездегі жылыту құрылғыларының ерекшеліктерін табады.

Кейбір оқушылар:

  • Жылыту құралдарының адам өміріне тигізер әсерін әңгімелейді.

Бағалау критерийлері


  • Жылытқыш құралдарды ажыратады;

  • Жылытқыш құралдардың адам өміріндегі маңызын әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:

Оқушылар:

  • жылыту жабдықтары мен құрылғыларын атайды.

  • электр құралдарының күнделікті өмірдегі қолданысын сипаттайды.

  • электр қуатының адам тұрмысында қажеттілігі туралы айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология пеш,көмір,отын,газ,энергияның альтернативті қайнар көздері.

Көмір-угол-cоаl , газ-газ-gas, пеш-печь-oven

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жылыту жабдықтары мен құрылғыларына нелер жатады?

  • Жылытқыш құралдардың адам өміріндегі қандай маңызы бар?

  • Ежелгі дәуір мен қазіргі қездегі жылыту құрылғыларының ерекшеліктерін неде?

  • Табиғи және жасанды көздеріне не жатады?


Құндылықтарға баулу

Топтық,ұжымдық жұмыстарда еңбек және шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,дүниетану

Бастапқы білім

-Күннің табиғи жылу көзі екенін біледі.

-Тұрмыстық жағдайлардағы жасанды жылу көздерін біледі.

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40мин

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Психологиялық ахуал:

Көрші» тренингі

Мақсаты: әрбір оқушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезіну, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта ,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.



Сабақтың ортасы

30мин

Ұжымдық жұмыс

Қане балалар барлығымыз оқулыққа назар аударайық.Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Қыс сөзіне сипаттаушы сөзді ата.


Қыс







Балалар интербелсенді тақтаға назар аударайық.

Адамдар жылытқыш құралдарын не үшін қолданады?

Жылтқыш құралдарының қандай пайдасы бар?




Кері байланыс:

1Жылытқыш құрылғыларына нелер жатады?

2.«Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса ,не болар еді?

3.Жылытқыш құралдарының адам өмірінде қандай маңызы бар?

4.Ежелгі дәуір мен қазіргікездегі жылыту құрылғыларының ерекшеліктері неде?

5.Табиғи және жасанды көздеріне не жатады?

Бағалау.«Смайлик» арқылы

«Көңілді смайлик» арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігін артыру мақсатында бағаланды.


Топқа бөлу.

Оқушылар Күн,Ай,Жұлдыз суреттері бар қима қағаздары арқылы топқа бөлінді.


1-топ Күн

2- топ Ай

3-топ Жұлдыз

Топтық жұмыс.«Зерттеу»

Оқушыларға әртүрлі ғимараттар суреттері беріледі.Әртүрлі ғимараттарда қандай жылытқыш құралдарды қолданады?Ол үшін А4 қағазына үй суретін қиып ,жапсырады. Суреттердің тұсына жылытқыш құралдарын сәйкестендіреді.


Кері байланыс:

1.Әртүрлі ғимраттарда қандай жылытқыш құралдарын қолданады?

2.Жылытқыш құралдарын орналастыруда не қиындық келтірді?

Бағалау. «Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» әдісі бойынша бағалау жүреді.


Дәптермен жұмыс.

Оқушылар жылытқыш құралдарының тұсына белгілерін қояды және суреттерді бояйды

Оқушылар барлық тұрмыстық құралдарды өз орындарына орналастырады.


Кері байланыс:

1.Жылытқыш құралдарын белгілеуде не қиындық келтірді?

2.Қандай тұрмыстық құралдарын білесіңдер?

Бағалау.«Басбармақ»арқылы бағалау жүреді.


Сергітту сәті:

«Көңілді күн» әуенімен балалар қимыл жаттығуларын жасайды.Оқушылар бойын сергітіп,көңіл-күйлерін көтеру мақсатында жасайды.

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

-Жылытқыш құралдарды ажыратады;

-Жылытқыш құралдардың адам өміріндегі маңызын әңгімелейді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

1-тапсырма Суретте бейнеленген құралдарды екі топқа бөліп орналастыр.

 

2-тапсырма

Жылытуға арналған құрылғыларды анықта.




Дескриптор

-жылыту жабдықтары мен құрылғыларын атайды.

-электр құралдарының күнделікті өмірдегі қолданысын сипаттайды.

-электр қуатының адам тұрмысында қажеттілігі туралы айта алады.


Кері байланыс:

1.Күнделікті өмірде қолданатн қандай электр құралдарын білесіңдер?

2.Тұрмыста электр қуатының қандай падасы бар?




















Интербелсендітақта





























Қима қағаздар


































































Объект 2



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі