Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Табиғат физикасы. Магнит
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән:жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.6.Табиғат физикасы. Магниттілік. |
Мектеп: Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ Мұғалімнің аты – жөні:Кубиева Амангул Тлековна |
|||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Магнит |
|||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
1.5.6.1 магниттік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Барлығы: магниттік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтайды; Көпшілік:магниттік қасиеттерді атайды; Кейбірі:магниттік қасиеті бар денелерді қайда пайдаланатынын әңгімелейді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
Пәнге тән лексика және терминология: Магнит, тарту, тебу. Диалогке/жазуға пайдалы сөз тіркестері: Берілген дененің магниттік қасиеті бар, өйткені…. Бұл магнит, себебі... Мынау ... магниттік қасиеттерге ие, ал .... оның қасиеттері |
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту: |
Еңбек және шығармашылық– сергіту сәті Ынтымақтастық – саралауға арналған тапсырма (топтық жұмыста тәжірибе жасау) |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: |
Дүниетану – тәжірибе жасау кезінде көз жеткізеді. Дене шынықтыру–сергіту сәтінде қимылдайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім: |
Магниттің не екенін біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңбарысы: |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағыжоспарланғаніс - әрекет |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
1.Ширату. «Жылжымалы нәтиже» әдісі. Мысық, асық, гүл, нан, ине, тасбақа. Жартылай көрінген суреттерді тауып, бастапқы әріптерінен сөз құрастыру.(Магнит)
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Магниттің қасиеттерімен танысамыз, қандай заттар магниттік қасиеттерге ие екенін білетін боламыз. |
Суреттер. |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6 мин.
7 мин.
10 мин
3 мин.
3 мин.
5 мин. |
Жаңа сабақ. Ұжымдық жұмыс. 2.«Визуалды сигналды пайдалану». Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнустасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі. Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік (S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады. Жетелеуші сұрақтар қойылады: -Магнит ұғымын бұрын естігендеріңіз бар ма? -Өмірде магнитті қалай пайдаланады екен? -Қандай пайдасы бар? (Осы жерде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және тәжірибе жасап көргенін анықтаймын) Магниттік қасиеті бар денелерді қайда пайдаланатынын әңгімелеу мақсатына жетемін. Оқулықпен жұмыс. (68-69 бет) 3.Диалогқа түсу. Оқушылардың назарын суретке аударып, сұрақтар қоямын: — Негеш нені қарап отыр? — Ол не туралы ойланып отыр? Жұпта талдай қойыңыздар.
— Не болды? Барлық заттар магнитке тартылды ма? (Жоқ.)
— Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не болады? Тартыла ма, әлде жоқ па? Енді Эвриканың суретіне назар аудартып: — Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.) — Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)
— Эврика не істемекші? — Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.) — Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда, олар бір-бірін тебеді.) Диалогке пайдалы сөз тіркестері: Берілген дененің магниттік қасиеті бар, өйткені…. Бұл магнит, себебі... Мынау ... магниттік қасиеттерге ие, ал .... оның қасиеттері Магниттік қасиеттерді атау арқылы мақсатыма жетемін. ҚБ. Жұлдызша арқылы мұғалімнің бағалауы. 4.Тапсырма және қолдау көрсету бойынша саралау. Зерттеу жұмысы. Магниттік қасиеттер. 1-топ. Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қоямын. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. Бұл топқа ауызша қолдау көрсетемін.. ( Магниттік қасиетке ие денелерді көреді, атайды. Темір бұрандалар, шегелер, бұрандалар) Магниттік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау мақсатына жетемін. 2-топ. Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін саламын. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішіндегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсынамын. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек. Жадынама арқылы қолдау көрсетемін. (Магниттік қасиетке ие денелерді магнит арқылы алуға болатынына көздері жетеді. Осы жерде құрылыста ауыр темірлерді электромагнит арқылы тасымалдайтынын айтып өтемін.) 3-топ. Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. Жасалған екі тәжірибені салыстырып, қорытынды шығарады. Магниттерді қайда пайдаланатынын айтады. «Қадамдар алгоритмін» ұсыну арқылы қолдау көрсетемін. (Магниттің күші қағаздан, ағаштан, шыныдан, пластиктен, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді деген қорытынды жасай алады) ҚБ. «Үш шапалақ», «От шашу», «Басбармақ» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. 4.Сергіту сәті Оқушыларды жұптасып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұрады. “Сендер тебілдіңдер ме, әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраймын. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебілеміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраймын. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.
(Д) Дәптермен жұмыс. (48 бет) 5.«Сиқырлы магнит» әдісі. Зерттеу барысында магнитке тартылған материалдарды √ белгісімен көрсет.
Интерактивті тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі. ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Бағалау критерийлері: 1.Магнитпен тәжірибе жасай алады. 2.Магниттік қасиеті бар, магниттік қасиеті жоқ заттарды біледі.
Тапсырма. Қолыңа магнит кесегін алып, сынып ішіндегі заттарға жақындатып көр. Кестені толтыр. Кестеге заттың атауын жаз.
Дескриптор: - магнитпен тәжірибе жасайды; - сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды; - сынып ішіндегі магниттік қасиеті жоқ заттарды анықтайды.
ҚБ арналған тапсырма. Бағалау критерийлері: 1.Магнитке тартылатын заттарды біледі.
Тапсырма. Магнитке тартылатын заттарды белгіле (+).
Дескриптор: - суреттегі магниттік қасиеті бар заттарды белгілейді. ҚБ. Мұғалімнің бағалауы. |
Интерактивті тақта https://www.youtube.com/watch?v=Wii7tLorlv0
су, топырақ, темір бұрандалар, пластикалық құмыра, өшіргіштер, қарындаштар.
Дәптер, кесте
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3-мин. |
Қорытынды. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін магнитке тартылатын заттардың суретін стикерге салады немесе атын жазады. Жұмыстарын рефлексиялық нысанаға жапсырады.
Рефлексия. «Рефлексиялық нысана» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтан әсерлерімен бөліседі.
|
Стикер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Саралау (қорытынды тәсілі бойынша). Зерттеу жұмысы. А.1-топ. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. С. 3-топ. Оқушылар осы тәжірибені салыстыру мақсатында қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. Екі әрекет нәтижесінен қорытынды шығарады. Саралау (диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша) А. 1-топ. Зерттеу жұмысы кезінде ауызша қолдау көрсетемін. С. 3-топ. Зерттеу жұмысы кезінде «Қадамдар алгоритмін» ұсыну арқылы қолдау көрсетемін. |
ҚБ. Жұлдызша арқылы мұғалімнің бағалауы.
ҚБ «Үш шапалақ», «От шашу»,«Басбармақ» арқылы тәжірибе қорытындысынан кейін топтар бірін-бірі бағалайды. ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы жеке жұмыста оқушылар өзін-өзі бағалайды.
ҚБ Мұғалімнің бағалауы арқылы оқушының жаңа сабақты түсіну деңгейін бақылау. |
Зерттеу жұмысы барысында |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі: 1. «Жылжымалы нәтиже» әдісі сабақтың тақырыбын оқушылардың табуына мүмкіндік береді. 2. Сараланған зерттеу жұмысы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл - өмірмен ұштастырыла берілген білім. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? 1. Белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдалану сабақты жақсартуға ықпал ете алады. 2. Жүйелі сараланған тапсырмалар сабақ мақсаттарына жеткізеді. 3. Сабақта зерттеу жұмыстарын пайдалану зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірде алуан түрлі байланысын түсінуге көмектеседі. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1. «Жылжымалы нәтиже» әдісін сабақтың тақырыбын ашу үшін басқа сабақтарда пайдаланамын.
2.Келесі сабақтарда саралау тәсілдерінің басқа түрлері бойынша жұмыстанамын. |